Берілген сөйлемдер ішінен неологизм сөздерді теріп жазыңыз. Жаңа астананың халықаралық тұсаукесері 1998 жылғы 10 маусымда өтті. ТМД елдері ішіндегі алғашқы
және жалғыз мұхитбақ Астана қаласында ашылды. Бұл – мұхиттан 3000 шақырымнан аса қашықтықта
жатқан әлемдегі жалғыз океанариум. Мұхитбақтың сыйымдылығы – 3 миллион литр. Бәйтерек кешенінің
Жоғарғы қабатына шығып қарасаң, Астананың керемет көркін тамашалайсың. 2009 жылы қазан айында
Тәуелсіздік
даңғылы бойындағы еліміздің басты
алаңында «Қазақ елі» монументі ашылды. Ғашықтар
саябағының қарсысында «Хан Шатыр»
орталығы орын тепкен.
«Астана-бас қала» - деп айтылуында үлкен сыр жатқан секілді. Ата-анаммен Астана қаласына Қала күнін атап өтуге барғанымда оған мен көз жеткіздім. Жаңа астанада бой көтеріп жатқан көп қабатты үйлер жаңаша сәнмен, ерекше көрікпен салынып жатыр екен. Қаланың әсемдігіне қарап көзің тоймайды. Шет елдердегі қалалар секілді. Жаңа қаланың ортасынан бой көтерген Бәйтеректің, Ақ орданың, Үкімет үйібәрі-бәрі де ерекше сәнмен орын тепкен. Әсіресе алаңқайларға егілген,қазақша өрнекпен бейнеленген қызыл- жасылды гүлдер, жан-жағына салқын леп таратып тұрған түрлі-түсті фонтандар, халқымыздың ертегі-дастандарынан алынған ертегі кейіпкерлерінің мүсіндері менің көз алдымнан ешқашанда кетпейтін шығар. Сонда жүріп жанымда сыныптас достарым болмағанына өкіндім. Мүмкін биылғы оқу жылында сыныпымызбен ұйымдасқан түрде Астана қаласына барармыз деп ойлаймын. Бұл менің ғана емес, көптеген достарымның арманы. Ал жақсы нәрсені армандау, жақсы ниет жасау кез-келегн қазақ баласына тән қасиет.