В
Все
М
Математика
О
ОБЖ
У
Українська мова
Д
Другие предметы
Х
Химия
М
Музыка
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
Э
Экономика
Ф
Физика
Б
Биология
О
Окружающий мир
Р
Русский язык
У
Українська література
Ф
Французский язык
П
Психология
А
Алгебра
О
Обществознание
М
МХК
В
Видео-ответы
Г
География
П
Право
Г
Геометрия
А
Английский язык
И
Информатика
Қ
Қазақ тiлi
Л
Литература
И
История
danchikpozitiv
danchikpozitiv
25.10.2021 18:58 •  Қазақ тiлi

Берілген сөздеді тəуелдеп жаз.добавить окончание

Показать ответ
Ответ:
Мамаева2007
Мамаева2007
31.10.2022 19:33

Отбасы кішкентай бір мемлекеттік ұя” деп бекер айтылмаған. Әдетте жақсылықтың бәрі отбасынан басталады. Отбасы - жұртты жақындастырушы, ұрпақ пен ұрпақты табыстырушы, ұрпақаралық тұтастықтың отын жағушы ерекше ұя. Сондықтан да отбасы - барша адамзатқа ең жақын, ең қасиетті ұғым. Әрбір отбасында сүйіспеншілік пен түсіністік мықты болса, қоғамның діңгегі де берік болады. Адам ең алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап отбасының тәрбиесін алады.

Ата – анам – өмірдегі ең қымбат адамдарым. Олар мені жақсылыққа әдептілікке, адамгершілікке тәрбиелейді. Сабақта да, үйде де ұқыпты, тәртіпті, саналы бала болса екен деп тілейді. Әсіресе,”Түп қазығың - Отаның, ар - намысың - тілің, кәусар бұлағың - ұстазың, қамқоршың - әкең, ақылшың – анаң” деген сөздері қөңілімде жатталып қалыпты. Ата - анамның тілегін орындауға бар күшімді саламын. Отбасы – адамның өте маңызды, өте жауапты жан ұясы, себебі отбасы адамға бақыт, толық мәнді тыныс - тіршілік әкеледі. Отбасы – а ң алтын діңгегі. Өйткені адам ең алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап, осында ер жетіп, отбасының тәрбиесін алады. Сондықтан да отбасы – адамзаттың аса қажетті, әрі қасиетті алтын мектебі. Отбасының адамзат ұрпағына деген ықпалы мен әсер күшін өмірдегі басқа еш нәрсенің күшімен салыстыруға болмайтындай. Өйткені ата - ананың балаға деген тәрбиесінің орнын еш нәрсе толтыра алар емес.

0,0(0 оценок)
Ответ:
арина22051
арина22051
31.10.2022 19:33

Ахмет Байтұрсынұлы – қазақ мәдениетінің тарихында үлкен бір дәуірді алып жатқан алып тұлға. Ол өзінің құдай берген талантын туған халқына деген сүйіспендікпен суғарып, толассыз еңбекпен шыңдаған қайсар да қаһарман ғалым. Ол – қараңғылық тұңғиығынан жарық жұлдыздай жарқырап шығып, айналасына нұр, шуақ себумен өткен ағартушы. Не оқыту жүйесі, не өзіндік жазуы қалыптаса қоймаған, мал соңына ерген, малмен бірге ұйықтап, малмен бірге жусаған қалың ұйқыдағы халқының қамын жеп, сауатын ашпақ боп сары масадай ызыңдаған үлкен ақын, тілім деп түн ұйқысын төрт бөлген талантты тілші, шебер аудармашы, түркі тілдес халықтар тұлға тұтқан түрколог қоғам ісіне араласқан мемлекет қайраткері. Бұл санамалап отырған атақ, дәреже, лауазымдардың өзінен өзі келмегені мәлім. Ол талмай ізденіп тамаша туындылар берген. Өмірдегі өзінің басты мақсатын – туған халқына қызмет ету деп түсінген Ахаң (Ахмет Байтұрсынов) небір тар, тайғақ кешулерден өте келе тамаша еңбегімен қазақ халқының ары мен ұятына айналған өте күрделі де, көсем тұлға.

Оның дүниеге келер тұсы патша ағзамның бұратана елдерді билеп төстеудің айла-шарғыларын емін-еркін іске жаратып жатқан кезі болатын. Қазақтың әлденеше ғасырға ұласқан хандық, билік құрылымының быт-шыты шығып, «күштілерім сөз айтса, бас имеймін шыбындап» деп тұрған сәті еді. Ахметтің дүниеге келуі қалыптаса бастаған халықтың тұтастығының береке-бірлігінің сәні кетіп, ел-жұрты «балапан басымен, тұрымтай тұсымен» жүріп жатқан дәуір еді.

1873 жылдың қаңтар айының соңғы күндерінің бірінде бұрынғы Торғай уезі Тосын болысына қарайтын Ақкөл жанындағы Сартөбек деген жерде Байтұрсын шаңырағында Ахмет есімді сәби келеді дүниеге.

Текті тұқым, жақсы тәрбие, құнарлы топыраққа түскен дән тәрізді, жемісін молынан береді емес пе? Ахмет те тумысынан зейін де зерек бала болып өседі. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» демекші Ахаң ең алғашқы тағлымды, жөн-жосықты өз шаңырағынан алады. Өз әкесі Байтұрсын, оның әкесі Шошақ Үмбетей еліндегі көзі ашық, көкірегі ояу, пікірін ашық та айқын айта білетін өте батыл болғанға ұқсайды. Әуелі Шошақ, кейін Байтұрсын балаларын Араб елдері мәдениетінен сусындатқысы келген. Иран, Түркияға жіберіп те оқытуды ойлаған.

Сонымен бірге Шошақ әулеті, әсіресе Байтұрсындар ешқандай әділетсіздікке төзбейтін қайсар тұқым болса керек. Көпшілікке белгілі оның бір мысалы – осы аймаққа билігін жүргізіп тұрған ояз Яковлевтің оспадар қылығына, озбырлығына шыдай алмай Байтұрсынның қарсылық білдіргені. Ал Яковлев шабармандары Байтұрсынның әділ талабына құлақ асудың орнына, таяқтың астына алады. Бұған да төзген ол Яковлевтің өзіне: «Мына бассыздық пен заңсыздықты тоқтатыңыз» дейді. Сөйтсе ояз «Сен, киргиз ит, жөніңді біл!» деп оны бетіне түкіріп жіберсе керек. Міне, бұл қорлыққа көне алмаған Байтұрсын Яковлевті аттан жұлып алып басын жарады да, жандайшаптарына тұра ұмтылады.

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота