Берілген сөздерді анықтамаларымен сәйкестендір. Количество соединений: 4 Біріккен сөз Қос сөз Тіркескен сөз Күрделі сөздер кемінде екі түбірден жасалып, бір мағына білдіретін сөздер. екі немесе одан да көп сөздердің тіркесуімен жасалып, бір ұғымды білдіретін сөздер екі немесе одан да көп сөз бірігіп, бір ұғымды білдіретін және бір сұраққа жауап беретін сөз сөздердің қосарланып немесе
Қазақстанның барлық қалаларынан теледидар және бұқаралық ақпарат құралдарында Ақтөбеде лаңкестердің қолынан құрбан болған азаматтардың жанұя, жақын-туыстарының қайғысына ортақтасып, жұбату айтылуда. Осыған орай біздің кітапхана мамандары мен оқырмандарымыз аза тұту Күні өздерінің қолдау сөздерін айтқан еді.
Малышев Валерий Юрьевич, кітапхана маманы:
my vmeste
- Біз қаза болғандардың отбасыларына қайғырып көңіл айтамыз. Бұндай қайғылы жағдайдың тек біздің елімізде ғана емес, кез-келген басқа елдерде қайталанбауын тілейміз. Ешбір ана өз баласын өз халқына оқ ататын жауыз етіп тәрбиелемейді. Бұндай жағдайда халықты арандатып жүргендердің сөзіне ермеу керек. Қазақстан халқы әрқашан да достық пен бірлікте өмір сүрген. Еліміздегі осы бейбіт өмірді сақтап қалуымыз керек.
Садвакасов Сазызбай, зейнеткер, оқырман:
- Бұндай жағдайдың біздің Қазақстанда орын алуы өте өкінішті. Бұл жағдайдан кейін өзі ауру жүрегім одан сайын ауырды.
Ақтөбеліктер! Қымбатты менің достарым, жолдастар! Бекем болыңыздар! Қайғыларыңызға ортақпыз. Жарақат алған азаматтар тез сауығып кетіңіздер. Осындай қайғылы жағдай болды, яғни біз Қазақстан халқы айналамыздағы болып жатқан жағдайларға мұқият,абай әрі қырағы болуымыз керек. Біздің еліміз береке-бірлігі жарасқан тату ел. Көп ұлтты еліміздің бейбітшілігін сақтап қалуымыз керек. Біз, Өскемендіктер сіздермен біргеміз!..
Жан – жануарлар туралы мақал – мәтелдер (орысша аудармасымен).
Жетім қозы маңырауық - Ягненок-сирота блеет без конца
Түйе — байлық, қой — мырзалық, жылқы — сәндік. - Верблюд — богатство, овцы — щедрость, кони — красота.
Төлден мал өседі, шыбықтан тал өседі. – Скот растет с приплода, а дерево – с прутика.
Қойың болса, қора табылар. – Будут овцы, найдется и хлев.
Көрмес түйені де көрмес. - Кто не хочет видеть, тот и верблюда не заметит.
Қуырдақтың көкесін түйе сойғанда көрерсің - Настоящий куырдак увидишь, когда забьют верблюда (намек на нечто большее, чем то, что уже случилось)
Нар жолында жүк қалмас. - На пути верблюда груз не залежится.
Теке — тұрыққа, азамат — ұрыққа - Козел тянется к месту обитания, молодец — к своему племени.
Ешкі егіз тапса, шошқа сегіз табады. - Если коза приносит по двойне, то свинья — по восемь.
Ешкі еті — ем, теке еті — жел. - Мясо козы — лекарство, мясо козла — ерунда (ветер).
Ешкі болсын, теке болсын, балаларға сүт болсын - Пусть хоть что, но было бы с пользой (пусть хоть коза или козел будет, для детей было бы молоко).
Қойшы көп болса, қой арам өледі. - Когда пастухов много, овцы с голода дохнут (у семи нянек дитя без глазу).
Той өтті - қой бітті. – Закончился праздник, закончились и бараны.