Берілген сөздердің синонимін мәтіннен тауып жазыңыз. [1]
дерт, ауру
қозғалыс
түсіндіру
қорқу
Адамзат бүгінгі таңда әлеуметтік шиеленісті өршітетін қоғамдық індеттердің
бұғауынан құрық үзіп, құтыла алмай отыр, бірақ көңілге үміт ұялатар мүмкіндіктер де жоқ
емес. ХІХ–ХХ ғасырларда а ғылым мен техникалық прогресте бұрын-соңды
болмаған ғаламат жетістіктерге қол жеткізді. Нағыз ғылым дегеніміз – ғалам мен ондағы
құбылыстардың астарына үңіліп, шынайы мәнін ұғыну және оның арқасындағы Ұлы
Құдіреттің мұратын сезіну. Табиғатты өзіне бағындырарлықтай мүмкіндікте жаратылған
а ғаламды танып-білуге, білгендерін көкейінде түюге тиісті. Көңілге түйіп,
көкейге тоқығандары арқылы табиғатты құрық атып бас білдірген тайыншадай дегеніне
көндіріп, ықпал жасаудың жолдарын қарастырады. Бұл табиғаттың адамға аманат етілуі, ал
адамның Жаратушының әмірлеріне мойынсұнып, құл екенін сезінуі дегенге саяды.
Қазіргі жағдайға ой жүгіртсек, физика, химия, астрономия, медицина, т.б . ғылым
салалары уақыт озған сайын а ң игілігі үшін түрлі жетістіктерін алға тартуда.
Осыған қарап ғылым мен технология а ң игілігі үшін екендігін пайымдаймыз.
Бұдан үрейленудің де жөні жоқ. Басқа келер қатерді ғылым-білімнен немесе ғылым-біліммен
қаруланған дүниеден іздеу бос әурешілік, нағыз қатер надандықта, санасыздықта және
жауапкершіліктен жалтарған табансыздықта.
Кейде ғылым-білімге сүйеніп, он ойланып, тоғыз толғанған іс-әрекеттеріміздің өзі оңды
нәтиже бермей жататындығы белгілі. Бұған түсіністікпен қараған жөн. Ал бірақ
білімсіздіктің, жоспарсыздықтың әрдайым тұйыққа тірейтіндігін ұмытпау қажет.
Жарты сағаттық ойын сізді 200 артық калориядан арылта алады. Шана тебу аяқты жақсы жаттықтырады.
Аққала жасау
Аққаланы тұрғызуға бір сағаттай уақыт құртып-ақ арықтауға болады. Балалық кезді еске түсірудің пайдалы әдісінің бірі.
Қар атысу
Көңіл көтеру мен артық калориялардан арылудың тағы да бір жолы.
Коньки тебу
Тіпті сіз коньки тебе алмасаңыз да, мұз бетінде тұруға тырысқаныңыз артық салмақтан арылтады.
Шана тебу
Жарты сағаттық ойын сізді 200 артық калориядан арылта алады. Шана тебу аяқты жақсы жаттықтырады.
Аққала жасау
Аққаланы тұрғызуға бір сағаттай уақыт құртып-ақ арықтауға болады. Балалық кезді еске түсірудің пайдалы әдісінің бірі.
Қар атысу
Көңіл көтеру мен артық калориялардан арылудың тағы да бір жолы.
Коньки тебу
Тіпті сіз коньки тебе алмасаңыз да, мұз бетінде тұруға тырысқаныңыз артық салмақтан арылтады.
Төрт түлік малдың пайдасы
Қазақ халқы түйе, жылқы, қой және сиыр малдарын төрт түлік деп атаған. Халық төрт түліктің әрқайсысының сақтаушы иесі бар деп ұғынып, оларды ойсылқара, қамбар ата, шопан ата, зеңгі баба деп атаған.
Қазақ халқы төрт түлік малдың ішінде түйе малын байлық ретінде де, көлік ретінде, азық ретінде де аса қатты қастерлеген. “Нар жолында жүк қалмас” деген мәтел осының айғағы.
Түйенің түбіті мен шудасы қымбат саналады:түбіттен иіріп тоқыған киім ең жылы, ең төзімді болады; шудадан жіп, арқан еседі. Түйенің сүті де асыл. Одан ашытатын қышқылтым сусынды Батыс Қазақстанда «шұбат», Түркістан жағында «қымыран» деп атайды. Ғылымның дәлелдеуінше, шұбаттың дәрілік қасиеті қымыздан да артық саналады. Түйенің етінің дәмі де ерекше. Сонымен, түйе малының пайдасы осы.
Көшпелілердің, оның ішінде қазақтың төрт түлік малдың ішіндегі қастерлеп, пір тұтатыны жылқы. “Ат ердің қанаты”, “Мінсең көлік, жесең ет” деп жылқы малын аса жоғары бағалаған.
Қой да көшпелі елдердің ерте заманнан малданған түлігінің бірі.Ол әрі киім, әрі тамақ.Киім дегенде, оның жүнінен гөрі ертедегі көшпелі халыққа терісі қымбат болған. Өйткені қыс, күз айларында жылы киім керек.Оған илеген қой терісінен тігілген ішік, тон, тұлыптан жылы киім табылмайды.Қазіргі кездегі «дубленка»аталатын сәнді тон да осы қой терісінен жасалады. Ал жүнінен неше түрлі асыл жүн маталар тоқылады.Ол үшін биязы жүнді қойлар өсіріледі.Қазақ қойының жүні киіз басуға, кілем тоқуға, байпақ, пима дайындауға жұмсалады.Негізінен қойдың азықтық және киімдік пайдасы жылқы мен түйе түліктерінен артық.
Сиыр малының да пайдасы зор. Еті мен сүтінен бөлек, сонымен қатар сиырдың мүйізінен тарақ та жасап, оны аса жоғары бағалаған.