"Қыздың көзі қызылда" демекші, мен өзім қыз бала болған соң сәнге көп мән беремін. Қазіргі кезде сән әлемінде неше түрлі киімдер бар. Бірақ ең алдымен киімнің жарасымды болып тұрғаны дұрыс. Сонда ғана ол көрікті болып көрінеді. Аталарымыз "Адам көркі шүберек" деп бекер айтпаса керек, таза, әдемі әрі жарасымды киім бізді көрікті етіп тұрады.
Қазіргі кезде сән әлемінде өзіндік орны бар киім дизайнерлері жетерлік, солардың ішінде бірегейлері ол өзіміздің отандастырымыз деп ойлаймын. Себебі олар өзіміз өмір сүріп отырған қоғамға сай киім - кешектер ойлап табады деп есептеймін.
Келешекте өзім де киім безендіру мен тігу саласында жұмыс істесем деп ойлаймын.
Көп тілді білу – өмірлік қажеттіліктен туындаған құбылыс. Қай заманда болсын, бірнеше тілді меңгерген мемлекеттер мен халықтар өзінің коммуникациялық және интеграциялық қабілетін кеңейтіп отырған. Халықтың рухани, мәдени құндылығымен сусындау үшін ана тілін білу керек. Әрбір адамның өз тілінде сөйлеп, білім алып, азамат болып қалыптасуы маңызға ие. «Әр елдің тілін, өнерін білген кісі өзгемен бірдейлік деңгейде сұхбаттаса алады» деген Абай атамыз. Бүгінде тіл білгеннің тіршілігі түзу. Тарих беттерін парақтасақ, Ұлы ғұлама Әбу Насыр әл-Фараби өз өмірінде 70-ке жуық ұлттың тілін білгендіктен, артына мол рухани құнды мұра қалдырды. Ақын Абай Құнанбаев орысша хат танып, өзге тілді үйренсе де, өз тілін құрметтеп, артына өшпес мұра қалдырған. Алаш арысы, қоғам қайраткері М. Шоқай зеректілігі арқылы университет қабырғасынан 7 тілді меңгеріп шыққан.
Қазіргі сән туралы менің ойым.