В
Все
М
Математика
О
ОБЖ
У
Українська мова
Х
Химия
Д
Другие предметы
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
М
Музыка
Э
Экономика
Ф
Физика
Б
Биология
О
Окружающий мир
У
Українська література
Р
Русский язык
Ф
Французский язык
П
Психология
О
Обществознание
А
Алгебра
М
МХК
Г
География
И
Информатика
П
Право
А
Английский язык
Г
Геометрия
Қ
Қазақ тiлi
Л
Литература
И
История
одногоВоло
одногоВоло
03.06.2022 15:22 •  Қазақ тiлi

Берілген сөздерден жаңа сөздер жберілген сөздерден жаңа сөздер жаңа тіркестер жасап кестеге түсіріңдер аңа тіркестер жасап кестеге түсіріңдер. сөздік қор арқылы сөздік құрамның қалай толығатынына назар аударындар.

сөздік қор: ана, тас, жас, бар, бес, жылқы, қоян, жақсы жеңіл

(осы сөздердің сөздік құрамын жасау керек. мысалы, ас: астық, асхана, ас-су, ас үй, ас ішіп, аяқ босату) 35

Показать ответ
Ответ:
fara32
fara32
22.10.2021 09:56

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі – тек Қазақстанда ғана емес, бүкіл Орта Азия аумағына танымал, бірегей әрі көне музейлердің бірі. Оның қоры 300 мыңға жуық материалдық және рухани мәдениет құндылықтарынан тұрады. Қазіргі таңда музейде тұрақты жеті экспозициялық зал жұмыс істейді, түрлі мазмұндағы коллекциялар көрерменге Қазақстанның байырғы палеонтологиясы, ежелгі, ортағасыр, жаңа және қазіргі заманғы тарихы мен мәдени мұрасы жайлы толыққанды мағлұмат алуға мүмкіндік береді. Жалпы музей экспозициясы қазақтардың бүкіл тұрмыс-тіршілігі мен мәдениетінің ежелгі дәуірден бастап қазіргі заманға дейінгі «музейлендірілген» моделі болып табылады.

Музей коллекцияларын құру туралы бастама ХІХ ғасырдың 30-жылдары қолға алынды. Оның негізі Орынбордағы Неплюев әскери училищесінде «Орынбор өлкесіндегі Музеум» деген атпен ұйымдастырылды. Оны ұйымдастырушылардың бірі – белгілі тіл маманы, «Орыс тілінің түсіндірме сөздігінің» авторы Владимир Даль. Әр жылдарда музей қорының құрамы Жетісу облысы (1929 ж.) мен республикалық атеизм музейінің (1941 ж.) коллекцияларымен толығып отырды. Музей 1904-1907 жж. Алматы қаласындағы вернендік белгілі архитектор А.П. Зенковтың жобасы бойынша салынған тамаша архитектуралық кешен – Вознесенский Кафедралды соборына орналасты. 1920 ж. Қазақ автономиялық республикасының басшылық қаулысымен Орталық Қазақ өлкетану музейі құрылды. Осы сәтте Орынбор губерниясы музейіндегі коллекциялардың бір бөлігі жаңадан құрылып жатқан Орталық өлкетану музейіне берілді. Алайда, ҚР МОМ-ның толыққанды қалыптасуы, Орталық өлкетану музейін Қазақ Автономиялық республикасының жаңа астанасы – Алматыға көшіруімен байланысты, 1929 жылы ғана толығымен аяқталды. 1944 жылы музей 1-категорияға жатқызылып, өзінің қазіргі – Қазақстанның Мемлекеттік Орталық музейі атауына ие болды. Бұдан кейінгі жылдары да өзінің қалыптасуы мен дамуында Мемлекеттік орталық музей еліміздің басты мәдени-ағартушы және ғылыми мекемелерінің бірі ретінде республиканың дамуына қомақты үлес қосты. XIX ғасырда өз қызметін бастаған, ХХ ғасырдағы бар қиындықты бастан өткерген Орталық музей еліміздегі өзге де музейлердің ұйымдастырылуы мен дамуына атсалысты. Орынбор, Қызылорда, Алматы кезеңдерін басынан өткерген, өлкеміздің археологиялық, этнографиялық және географиялық байлықтарын зерттеуде белгілі нәтижеге қол жеткізген музей көпшілікті ел тарихымен таныстырды. Орта Азия мен Қазақ өлкесіндегі ең үздік архитектуралық ғимарат болып есептелетін музейдің қазіргі ғимараты 1985 жылы Ю.Ратушный, З.Мұстафина және Б.Рзағалиевтардың жобалары бойынша салынған еді. Мұндағы көрме экспозициясы 7000 шаршы метрді құраса, музейдің жалпы ауданы 20 мың. шаршы метрді құрайды. Музейдің қор коллекциясы тарихи, археологиялық және этнографиялық сипаттағы 300 мыңға жуық сақтам бірліктен тұрады. Музей экспонаттарының қатарында мәдени дәстүр мен ерте дәуірден бастап қазіргі заманға дейінгі Қазақстанның тарихынан көрініс беретін материалдық мәдениеттің тамаша ескерткіштері кездеседі. Музейдің қор жинақтарын қалыптастыруда қазақ мәдениеті, әдебиеті мен өнер қайраткерлері, тарихшы ғалымдар, саясаткерлер, қоғам қайраткерлерінің атқарған қызметтері зор болды. Атап айтсақ, А.Байтұрсынов, Ә.Жиреншин, Ғ.Мұстафин, К.Бадыров, Ә.Марғұлан және т.б. Мемлекеттік Орталық музейді әр жылдары Ә.М. Жиреншин (1942-1951 жж.), С.С.Есова (1956-1973 жж.), Р.И.Қосмамбетова (1974-1995 жж.), Г.Б.Дюсенбинова (1995-1997 жж.), Е.Т.Жангелдин (1997-1999 жж.) сынды іскер басшылар басқарып, еліміздің бас музейінің дамуына өзіндік үлестерін қосты. Республиканың түрлі аймақтарында тарихи-этнографиялық экспедициялар ұйымдастырылып отырды. Соның нәтижесінде қазақ халқының дәстүрі, көпұлтты Қазақстан халықтарының саяси және әлеуметтік тарихи өмірін бейнелейтін үлкен қомақты материалдар жинақталды.

0,0(0 оценок)
Ответ:
Sambufer1
Sambufer1
20.04.2021 15:16

1)Еңбек нарығында бірнеше ерекшеліктер болады. Осында құратын элементтерге жұмысшы күшін иемденетін адамдар жатады. Бұларға психофизиялогиялық, әлуметтік, мәдени, діни, саяси және т.б. адамдық қасиеттер тән болады. Осы ерекшеліктер адамдардың мүдделеріне, мотивацияларына, еңбекке белсенділік дәрежесіне елеулі әсер етеді және еңбек нарығына, оның болмысына ықпал етеді. Өндірістік ресурстардың барлық түрлерінен еңбектің басты айырмашылығы еңбек адамның тіршілік әрекеттерінің формасы, оның өмірлік мақсаттары мен мүдделерін жүзеге асыру формасы. Еңбектің бағасы-ресурс бағасының жабайы бір түрі ғана емес, ол тірішілік дәрежесінің, әлуметтік мәртебенің, жұмыскердің, және оның отбасының аман-есендігінің бағасы, құны болып табылады. Сондықтан еңбек нарығы категориясын зерттеп талдағанда «адамгершілік» элементтер барын, олардың көлеңкесінде жанды жаны бар адамдар бар екенін естен шығармау қажет.

2)Тепе-теңдік дегеніміз – ішкі және / немесе сыртқы күштер нарықтық тепе-теңдікке жетуге жол бермейтін немесе нарықтың тепе-теңдіктен шығуына себеп болатын жағдай. Бұл ауыспалы факторлардың өзгеруінің қысқа мерзімді жанама өнімі немесе ұзақ мерзімді құрылымдық теңгерімсіздіктердің салдары болуы мүмкін.

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота