Берілген үш тапсырманың бірін таңдап,жазба жұмысын орындаңыз.Сөздерді Орфографиялық нормаға сай жазып,қосымшаларды дұрыс жалғаңыз,жазба жұмысыңызда
Реттік,жинақтық сан есімдерді,сөйлем соңында қойылатын тыныс белгілерді орынды қолданыңыз.
Қазіргі ауыл мен қаланың тыныс-тіршілігі
Жазғы демалыста ауылдағы туыстарыңыз қалаға қыдырып келді.Қонақтармен қаланы аралауға шықтыңыз.Қай жерлерге апарасыз? Неге? Қала өмірінің ерекшелігін және барған жерлеріңіз туралы сипаттап жазыңыз.
Выберите одно из трех заданных заданий и выполните письменную работу.Слово
Писать в соответствии с орфографической нормой, правильно добавлять приложения, писать в своей работе
В конце предложения уместно использовать порядковые, суммарные числа, знаки препинания
Таулар сыры
Біздің еліміз жазық жерде орналасқан.Тек кейбір облыстарда ғана таулар бар. Егер еліміз тек таулы жерде орналасса,қандай мүмкіндіктер мен ерекшеліктерболар еді?Өз ойыңызды жазыңыз.
Отан отбасынан басталады.
Әр адамның өз отбасы бар.Сол отбасында туысқандар,бауырлар өмір сүреді.Сіздің де отбасыңыз бар.Барлығы сізді жақсы көреді,сіз де оларды жақсы көресіз. Отбасыңыздағы бір адамды сипаттап жазыңыз.(50-55 сөз) вот 3 текста выберите только один
Денсаулық жақсы болу үшін не істеу керек?
Денсаулық - адам өміріндегі баға жетпес құндылық екені ешкімге де құпия емес. Сондықтан денсаулықты қолымыздан келгенше сақтап, шымыр болуға тырысу керек. Жалпы мен өз басым денсаулықты сақтау үшін не істеймін? деген сұраққа жауап беріп көрейін.
Жаңа жыл басталысымен мен өз - өзіме «дәл бүгіннен бастап спортпен шұғылданамын және денсаулығымды күтемін» деп уәде бердім. Себебі, «еріншектің ертеңі бітпес» дегендей, спортпен шұғылдануды ертеңге қалдыруға болмайды. Спорт денсаулық кепілі болғандықтан, өз денсаулығымызға немқұрайлы қарамауымыз керек және әрбір адам жасы мен жұмысына қарамастан денсаулығына көңіл бөліп, спортпен шұғылдану керек деп ойлаймын.
Өз басым күнделікті спортпен айналысуды күн тәртібіме кірістіріп қойдым, таңертең бір мезгіл жүгіріп, кешке арнайы жаттығулар жасамақпын.
Спортпен шұғылданудың арқасында денім сау, ал өзім шымыр боламын.
Біраз уақыт жаттығып алғаннан соң мәнерлеп сырғанау үйірмесіне жазылғым келеді. Себебі, менің сүйікті спорт түрім – мәнерлеп сырғанау. Бұл спорт түрінде спортшы конькимен сырғанап, музыка сазына сәйкес әсем қимыл жасайды. Мәнерлеп сырғанаудың жекелей, жұптасып, топтасып сырғанау және мұздағы би түрлері бар. Мен жекелеп сырғанау бағытын таңдағым келеді, сонымен қатар музыкаға икемім де бар, жаттығу маған қиын болмайды деп ойлаймын.
Денсаулық баға жетпес құндылық болғандықтан, біз салауатты өмір салтын ұстанып, денсаулығымызды күтуіміз керек. Сонымен қатар, соңғы уақытта дұрыс тамақтану да өзекті болып отыр. Бұл да оң өзгеріс деп санаймын.
Сонымен мен өз-өзіме денсаулығымды күтіп, спортпен шұғылданып, дұрыс тамақтануға уәде бердім.