Берілген тақырыптардың бірін таңдап, жанрлық жəне стильдік ерекшеліктеріне сай газетке шағын ақпараттық мақала жазыңыз. [5]
2. «Қазақстан – табиғи байлықтың бай қоры. Біздің табиғатымызды қорғау, жер қойнауын қорғау – қасиетті іс. Ғылым мен еңбек – біздің басты күшіміз. Бейбітшілік! Ол еркін еңбектің, шығармашылық пен жасампаздықтың бақытын түсінген, қайта түлеп туған қазақ халқы үшін қымбат əрі жақын сөз» - деген Қаныш Сəтбаевтың сөзін негізге ала отырып, «Қазақстан – табиғи байлықтың бай қоры»тақырыбында ақпараттық мақала жазыңыз.
3. «Отбасындағы тəрбие – жасөспірім үшін заң» тақырыбында мектепішілік газетке
мақала жазыңыз.
1. Қазақ тілі сабағында алған ақпараттар бойынша «Қазақстанның Қызыл кітабы» тақырыбында ақпараттық мақала құрастырып жазыңыз.
1.Айтыс — ауыз әдебиетінде ежелден қалыптасқан поэзиялық жанр, топ алдында қолма-қол суырып салып айтылатын сөз сайысы, жыр жарысы.
Ақындар айтысында жаттама өлеңдер аз болады. Олар өлеңді табан астында шығарады, тосыннан айтысады. Айтыс үстінде талай күтпеген жайлар кездеседі. Айтысар тақырыбы белгісіз, тосын сұрауларға тап болады. Екі ақын да бірін-бірі тығырыққа қамау үшін, бірін-бірі сүріндіру үшін, өмір құбылыстарын жұмбақ етіп те тартады. Соның бәріне ақындар жөпелдемеде жауап беруге, дәлел айтуға әзір болуы керек.
2.Айтыскер ақынға жүйріктік,білгірлік, тапқырлық, ұсталықты қажетсінумен қатар, ел-елдің шежіресін, тарихын, жер жайын, этнографиялық ерекшеліктерін білуі керек.
Осындай қасиеттер керек деп ойлаймын!
2 - тапсырма
Тактикалық әдіс түрінде Орбұлақ шайқасы күштерді біріктіре білгендікті көрсетті. Қазақ хандығының әскери өнерінің тарихында тұңғыш рет оқпана қазып соғысу тәсілі қолданылды. Қазақ шежірелерінде және халық аңыздарында соғыс жоңғар Алатауында, Орбұлақ деген жерде болған. Бұл шайқас қазақ халқының тарихында басқа да ірі оқиғалармен бірдей орын алды. Жәңгір «Салқам» (айбатты) деген құрметті атқа ие болды. Бұл соғыс ойрат қоғамына өз әсерін тигізді. Олардың өзара қырқысын бастауға әкеліп соқты. Ескі феодалдар арасындағы өзара қайшылықтары жарыққа шықты. Жәңгір хан бірегей қолбасшы, әрі епті стратег екенін дәлелдеді. Ол оқиға болып жатқан кезде не істеу керектігін тез ұға білді. Шешуші кезеңде жауынгерлерді жігерлендіріп өзінің тікелей соғысқа қатынасуымен шешіп кетіп отырды. Осы ерекшеліктерімен Орбұлақ шайқасында көзге түсті. Қазақ жауынгерлері өздерінің ерліктерімен, өздерінің жан аямайтындықтарымен өз жерінің тәуелсіздігін және халықтың бостандығын қорғай алатындығын дәлелдеді. Шайқас қазақ халқының тарихындағы аса ірі жеңістердің бірі әрі бірегейі болды.