Көп адам рухани жаңғыруды мемлекеттің өзі қабылдап,өзі жүзеге асыратын қатардағы көп бағдарламаның бірі деп ойлайтын секілді. Солай ойлағандықтан да жаңғыру үшін түрлі жобалар жасап, іс-шаралар ұйымдастыруды ләзім санайтындар баршылық. Мейлі, мемлекеттік органдар өздеріне жүктелген міндеттерді толық орындады-ақ делік. Елбасының еңбегінде айтылғандай, киелі орындардың картасы жасалып, оны кәрі-жасымыз аралапта шығармыз. Бірақ тамашалаған тарихи орындарымыз жанымызға қозғау салмаса, ол жердің киесін сезініп, іштей тазаруға ұмтылмасақ, бұл жай кезекті бір саяхат болып қалмай ма?! Әлемдегі үздік 100 оқулықтың қазақ тіліне аударылуы – керемет бастама! Алайда, жастарымызды кітапқұмар етіп тәрбиелей алмасақ, ертең ол жүз кітап та кітапханалардың шаң басқан сөрелерін толтыра түсуден өзгеге жарамай қалатынын ұмытпайық. Айтайын дегеніміз, әрбір адам, тіпті тұтас қоғам болып рухани кемелденуге ұмтылмасақ, бар жауапкершілікті биліктің мойнына артып қойып қарап отырсақ, бұл бағдарлама жаңғыруға бастамай, құр жаңғырық болып қала береді.
-Қайырлы күн! -Сəлеметсіз бе! -Мен экскурсия жетекшісінің бос жұмыс орны бойынша сұрауға келдім, ол əлі бос шығар? -Жоқ, бізде 4 бос жұмыс орны қалды - Маған сіздердің мұражайларыңыздан жұмыс үшін не тапсыруым қажет? -Ең алдымен, сізге сауалнаманы толтыру қажет. - Жарайды, егер мен 18-ге толмасам ше? - Жоқ, бізде жас мөлшеріне шек жоқ. Тек сізге ата-анаңыздан рұқсат қағаз алып келуіңіз қажет. -Жақсы, сіздерде экскурсия қандай тақырыпта өтеді? -Біздің мұражай көне заман өнерінен құралған. -Жарайды, мен онда сауалнаманы толтырайын жəне қалған құжаттарды ертең əкелемін. -Жақсы, мен онда аты-жөніңізді базаға жазып қояйын. -Сау болыңыз.
Көп адам рухани жаңғыруды мемлекеттің өзі қабылдап,өзі жүзеге асыратын қатардағы көп бағдарламаның бірі деп ойлайтын секілді. Солай ойлағандықтан да жаңғыру үшін түрлі жобалар жасап, іс-шаралар ұйымдастыруды ләзім санайтындар баршылық. Мейлі, мемлекеттік органдар өздеріне жүктелген міндеттерді толық орындады-ақ делік. Елбасының еңбегінде айтылғандай, киелі орындардың картасы жасалып, оны кәрі-жасымыз аралапта шығармыз. Бірақ тамашалаған тарихи орындарымыз жанымызға қозғау салмаса, ол жердің киесін сезініп, іштей тазаруға ұмтылмасақ, бұл жай кезекті бір саяхат болып қалмай ма?! Әлемдегі үздік 100 оқулықтың қазақ тіліне аударылуы – керемет бастама! Алайда, жастарымызды кітапқұмар етіп тәрбиелей алмасақ, ертең ол жүз кітап та кітапханалардың шаң басқан сөрелерін толтыра түсуден өзгеге жарамай қалатынын ұмытпайық. Айтайын дегеніміз, әрбір адам, тіпті тұтас қоғам болып рухани кемелденуге ұмтылмасақ, бар жауапкершілікті биліктің мойнына артып қойып қарап отырсақ, бұл бағдарлама жаңғыруға бастамай, құр жаңғырық болып қала береді.
-Сəлеметсіз бе!
-Мен экскурсия жетекшісінің бос жұмыс орны бойынша сұрауға келдім, ол əлі бос шығар?
-Жоқ, бізде 4 бос жұмыс орны қалды
- Маған сіздердің мұражайларыңыздан жұмыс үшін не тапсыруым қажет?
-Ең алдымен, сізге сауалнаманы толтыру қажет.
- Жарайды, егер мен 18-ге толмасам ше?
- Жоқ, бізде жас мөлшеріне шек жоқ. Тек сізге ата-анаңыздан рұқсат қағаз алып келуіңіз қажет.
-Жақсы, сіздерде экскурсия қандай тақырыпта өтеді?
-Біздің мұражай көне заман өнерінен құралған.
-Жарайды, мен онда сауалнаманы толтырайын жəне қалған құжаттарды ертең əкелемін.
-Жақсы, мен онда аты-жөніңізді базаға жазып қояйын.
-Сау болыңыз.