1 Шын шеберде мін болмас. У настоящего мастера брака не бывает. 2 Бақыт кілті – еңбекте. Ключ к счастью – в труде. 3 Ұйқы тынықтырады, жұмыс шынықтырады. Сон освежает, труд закаляет. 4 Ермек қуған пәлеге жолығады, еңбек қуған қазынаға жолығады. Праздно развлекающийся в беду попадёт, трудом увлекающийся богатство найдёт. 5 Адамды еңбек көркейтедi. Человека труд красит. 6 Көңілсіз бастаған іс көпке бармайды. Дело, начатое без души, к многому не приведёт. 7 Сен iстi сүйсең, iс саған бас иедi. Если дело любишь, дело покоряется тебе.
Махаббат: Әне – міне деп, асыр салып ойнап жүргенімізде күздің де келіп жеткенін байқамай қалыппыз.
Еркежан: Иә, жаз мезгілі қашанда зымырап өтіп, күздің келгенін тек сабақ басталған кезде аңғарып жатамыз ғой.
Махаббат: Дегенмен, табиғаттың әрбір маусымы өз ерекшелігімен әдемі. Менің ойымша, күз басқа маусымдарға ұқсамайтын келбетімен ерекше.
Еркежан: Иә, мен де күз мезгілін ерекше жақсы көремін.
Махаббат: Солай ма? Неліктен?
Еркежан: Оның екі себебі бар: біріншісі – осы мезгілдегі табиғаттың ерекше әдемілігі: жапырақтардың барлығы сарғайып, алтын түстес болып, айналаның бәрі де сары түске боялғандай болады; Күз сонымен қатар молшылықтың, байлықтың, берекенің маусымы. Осы кезде қырман басы тазаланып, бау – бақша жиналып, бидай, тары, күріш, сұлы арпа дақылдары піседі. Ал екіншіден, менің туылған күнім күзде.
Махаббат: Иә, дұрыс айтасың. Күзде табиғат ерекше ғажап көрініске ие. Мен де күз мезгілін асыға күтемін.
Еркежан: Сенің де туылған күнің күзде ме?
Махаббат: Жоқ, менің туылған күнім көктемде. Мен күзде саябақта қыдырып, ағаштардан түскен жапырақтарды жинаймын. Жиналған жапырақтардан гербарий жасау – менің хоббиім.
У настоящего мастера брака не бывает. 2 Бақыт кілті – еңбекте.
Ключ к счастью – в труде. 3 Ұйқы тынықтырады, жұмыс шынықтырады.
Сон освежает, труд закаляет. 4 Ермек қуған пәлеге жолығады, еңбек қуған қазынаға жолығады.
Праздно развлекающийся в беду попадёт, трудом увлекающийся богатство найдёт. 5 Адамды еңбек көркейтедi.
Человека труд красит. 6 Көңілсіз бастаған іс көпке бармайды.
Дело, начатое без души, к многому не приведёт. 7 Сен iстi сүйсең, iс саған бас иедi.
Если дело любишь, дело покоряется тебе.
«Күз» тақырыбына диалог құрастыру.
Махаббат: Әне – міне деп, асыр салып ойнап жүргенімізде күздің де келіп жеткенін байқамай қалыппыз.
Еркежан: Иә, жаз мезгілі қашанда зымырап өтіп, күздің келгенін тек сабақ басталған кезде аңғарып жатамыз ғой.
Махаббат: Дегенмен, табиғаттың әрбір маусымы өз ерекшелігімен әдемі. Менің ойымша, күз басқа маусымдарға ұқсамайтын келбетімен ерекше.
Еркежан: Иә, мен де күз мезгілін ерекше жақсы көремін.
Махаббат: Солай ма? Неліктен?
Еркежан: Оның екі себебі бар: біріншісі – осы мезгілдегі табиғаттың ерекше әдемілігі: жапырақтардың барлығы сарғайып, алтын түстес болып, айналаның бәрі де сары түске боялғандай болады; Күз сонымен қатар молшылықтың, байлықтың, берекенің маусымы. Осы кезде қырман басы тазаланып, бау – бақша жиналып, бидай, тары, күріш, сұлы арпа дақылдары піседі. Ал екіншіден, менің туылған күнім күзде.
Махаббат: Иә, дұрыс айтасың. Күзде табиғат ерекше ғажап көрініске ие. Мен де күз мезгілін асыға күтемін.
Еркежан: Сенің де туылған күнің күзде ме?
Махаббат: Жоқ, менің туылған күнім көктемде. Мен күзде саябақта қыдырып, ағаштардан түскен жапырақтарды жинаймын. Жиналған жапырақтардан гербарий жасау – менің хоббиім.
Еркежан: Ол хоббиің туралы білмеппің...