Берілген үзінді қандай шығармадан алынған ? Үзіндінің шығарма сюжетінің маңызды эпизоды екеніне дәлелдер келтіре отырып , өз көзқарасыңызды білдіріңіз . Күзде оқу басталып , жеті менен он жастың аралығындағы өңшең бірөңкей балалар бірінші сыныпқа бардық . Бізді Иманжанов деген шашы аппақ қудай қолы - басы тоңған адамша дірілдей қалшылдап , көзі қып - қызыл боп жасаурап отыратын қарт кісі оқытты . Бұл кісі денсаулығының нашарлауы себепті қаладан көшіп келген мұғалім екен . Бізге күн сайын үйінен әкелген қағазды бір бір парақтан үлестіріп беріп , әріптерді үйрете бастады . Аян екеуіміз бір партаға отырғанбыз . Бірінші күннен - ақ ол зеректігімен көзге түсті . Мұғалімнің тақтаға жазған әріптерін айна - қатесіз қағазға түсіріп , тез жаттап алып жүрді . Тіпті келе - келе күніне бір - екі әріптен ғана өткенімізге көңілі толмай : – Барлық әріптерді тезірек неге үйретпейді екен . Шіркін , ағама хат жазар едім , – деп күңкілдейтін . Әрине , майдандағы әке- ағамызға хат жазу бәріміздің де көкейіміздегі асыл арманымыз еді .
ответ: Неологизмдер – ғылым мен техниканың дамуына байланысты тілге ене бастаған жаңа сөздер. Мысалы: кеден, ұшақ, жарнама, делдал, зейнетақы, саябақ т.б.
Неологизм негізінен мына жолдармен жасалады:
Бұрыннан бар сөздерге түрлі жұрнақтарды қосу арқылы: оқулық, көрермен, балмұздақ, өміршең т.б.
Жалқы есімдерді жалпы есімдерге айналдыру арқылы: суворовшылар, мичуриншілер т.б.
Екі сөзді біріктіру арқылы: келіссөз, ұлтаралық, жетіжылдық т.б.
Кейбір неологизмдер сөз тіркесінен де жасалады: агротехникалық шаралар, жергілікті тыңайтқыштар, шаруашылық дақылдары т.б.
Мысалы: Менің ағам "кеден қызметінің үздігі" марапатына ие болды.
Қазіргі таңда көптеген жарнама ғаламтор арқылы жасалады.
Биылғы жылдың шілде айынан бастап зейнетақы мөлшері тоғыз пайызға көтеріледі.
Демалыс күндері отбасымызбен Жеңіс саябағында серуендегенді ұнатамыз.
Мамыр айының соңғы күндері оқулықты кітапханаға тапсырып, оқушылар бір демалып қалады.
Кеше Мәдениет үйінде өткен Қуандық Рахымның концертінде зал көрермендерге лық толы болды.