. Берілген үзінді қай кейіпкерге тән және кімге бағытталып айтылған? Кейіпкерлердің мінезін жіктеп жазыңыз.
«Әжемнің «осылай болған екен» деген сөздері мені бірде ғасырлардың шыңырауына сапар шектірсе, бірде ... биікке самғатты...
Міне, енді өзім де әке болып ұл өсіріп, қыз өсіріп отырғанда ... олар да маған шынайы сұрақтар береді. Осы балаларымның дәл мен сияқты ғұлама әжелері азайып бара жатқанына өкінем...»
7. «Аққулар ұйықтағанда» поэмасының идеясы және қандай ұлттық құндылықтар кездеседі?
8. «Әпке» пьсасы бойынша маған ой салған үзінді. Неліктен?
Менің теңізге бірінші сапарым. Алты жасымда ата-анаммен бірге теңізге бардым. Біз ұзақ уақыт бойы пойызда жүрдік, содан кейін автобуста, ақырында Евпаторияға қол жеткіздік. Бұл Қырымдағы теңіз қалашығы, таулар мен ормандарсыз. Климат дала аймағына жақын, сондай-ақ жаңбыр аз және құрғақ шөлейт. Ағаштар сирек кездеседі, бұталар көп өседі.
Теңіз мені сұлулығымен, өлшемдерімен, әсіресе, түстердің реңімен таң қалдырды. Ол әрдайым әртүрлі. Таңертең күн көтерілгенде, ол күн сәулесінде қызғылт. Барлық Радуга түстерімен құйылады және кішкентай барашкалар толқынмен жүгіреді. Пушкиннің ертегісі сияқты жарты күн бойы" ол ойналды", үлкен толқындар жағаға шығып, қайтадан теңізге кетті. "Мүмкін шторму!"- жергілікті тұрғындар ескертіліп, дұрыс болды. Жүздеген құстар жағаға ұшып шығып, жағымсыз дауыспен айқайлады. Мұнда ақ шағалалар да балық іздеуде жүрді,және құмда бірдеңе жинастырды. Біз оларды бөлкемен тамақтандырдық, олар тұмсыққа алып, жаққа кетті. Теңіз тек бұрынғы жасыл түсті қара түске айналды. Жаңбыр шелек сияқты және тез аяқталды. Сол жерде күн шығып, сорылды. Және тағы да көк, жарқын түсті теңіз.
Содан бері теңізді жақсы көрдім. Осы сапардан кейін мен теңізде бірнеше рет болдым, бірақ алғашқы әсерім менің өмірімде есте қалды.
Перевод: Моя первая поездка на море.Когда мне было шесть лет, я впервые с родителями поехала на море. Мы долго ехали на поезде, потом на автобусе и ,наконец-то, добрались до Евпатории. Это приморский городок в Крыму, без гор и лесов. Климат ближе к зоне степей, также мало дождей и дуют суховеи. Редко встречаются деревья, больше растут кустарники.
Море поразило меня своей красотой, размерами и, особенно, оттенками цветов. Оно всегда разное. Утром, когда восходит солнце, оно розоватое в лучах солнца. Переливается всеми цветами радуги, и маленькие барашки бегают по волнам. В полдень, как в сказке Пушкина, «оно разыгралось», огромные волны бросались на берег и снова уходили в море. «Быть шторму!»-предупреждали местные жители и оказались правы. Сотни птиц слетелись на берег и кричали неприятными голосами. Здесь ходили и белоснежные чайки в поисках рыбы, и гордые бакланы что-то собирали на песке. Мы их покормили булочкой, которую они, взяв в клюв, уходили в сторонку. Море только что бывшее зелёного оттенка превратилось в чёрное. Полил дождь как из ведра и быстро закончился. Тут же выскочило и засияло солнышко. И вновь море голубого, яркого цвета.
С тех пор я полюбила море. После этой поездки я не раз была на море, но первые впечатления мне запомнились на всю мою жизнь
Өмірбаяны
Туған жері – Жамбыл облысындағы Жамбыл тауының етегі. Топырақ бұйырған жері – Алматы облысының Ұзынағаш елді мекені. Шыққан тегі – Ұлы жүзШапырашты тайпасының ішіндегі Екей руы.
Жамбылдың өсіп-өнген топырағында ән-күй, ақындық –жыраулық өнер айрықша биікке көтерілген. М. Әуезовтың «қазақ халқында ерекше дамыған айтыс өнері ХІХ ғасырдан бергі жерде өзге жерлерде саябырсып, Жетісу, оңтүстік өлкелерінде шоғырлана бастайды» деуінде үлкен тарихи себеп бар. Біріншіден, Қазақстанның өзге өңірлерін ертерек шарпыған отаршылдық ел ішінің дәстүрлі қалпына өктемдігін жүргізіп, шырқын бұзып үлгергенде, Жетісу алабы әзірше қағаберісте еді. Екіншіден, бұл өңірдің ертеден тамырын тереңге жайған өнерпаздық дәстүрі шын мәнінде ХІХ ғасырдан бергі жерде айрықша биік өреге көтеріліп еді. Осы кезеңде Жетісуға сонау Арқадан ұлы Абайдың келуі, Біржан, Шашубай, балуан Шолақ сияқты дауылпаз әнші-ақындардың келуі, Таластан – Жалайыр Түбектің келуі, оңтүстіктен – Майкөт пен Майлықожаның келуі, Атыраудан – Құрманғазының келуі, сөз жоқ, ең алдымен олардың алыстан жаңғырығы жеткен ұлы өнер мектебіне деген ұмтылыстарына байланысты еді.
Осындай өнер бесігінде тербеліп өскен Жамбылдың ақындық дарыны жас кезінен ақ таныла бастаған . Ол бозбала шағының өзінде ақ өскен ортасын ән мен жырға кенелтіп, тіптен көршілес қырғыз еліне де даңқы жайылып үлгерген. Осы кезде өрттей жалындап, жұрт аузына іліккен жас Жамбыл Жетісудың дүлдүл ақыны Сүйінбайға жолығып, оның арқалы өнеріне құныға ден қойып батасын алады. Мұнан әрі жал –құйрығы сүзілген жүйріктей арындап, сол кездегі Айкүміс, Бақтыбай, Сары, Сарбас, Досмағанбет, Шашубай, Құланаян Құлманбет сияқты ақындықтың жылжыған жорға, жылмиған жүйріктерімен айтысқа түскен Жамбыл ұдайы шоқтығын асырып отырған. Бұлар ғана емес қырғыздың Балық, Тыныбек, Қалығұл, Найманбай, Қатаған, Арыстанбек, Сағымбек сияқты ақын-жырау, манасшылармен өнер өрелестіріп, қырғыздың көл-көсір поязиясынан тағылым алады, ақындық өнерін одан әрі шыңдай түседі. Жамбыл енді ақындық суырыпсалмалық өнеріне қоса «Көрғұлы», «Шаһмардан» сияқты жыр-дастандарды апталап-айлап жырлап, ақындық жыраулық өнерін соны қырымен таныта бастайды.
Жамбылдың ақын-жырау ретінде қалыптаса бастаған кезі Ресей отаршылдары – бір жағынан, Қоқан хандығы – екінші жағынан, жергілікті жандайшаптар- үшінші жағынан қазақ халқын әлеуметтік саяси қыспаққа алған шақ еді. Жаны сергек, санасы өрелі Жамбыл өзінің «Шағым», «Жылқышы», «Шәбденге», «Сәт сайланарда», «Өстепкеде», «Патша әмәрә тарылды», «Зілді бұйрық» сияқты өлеңдерінде елдің әлеуметтік саяси өмірін ақындық шыншылдықпен азаматтық жауапкершілікпен бедерлейді. Жамбыл Қазан төңкерісінен кейінгі елдің саяси-әлеуметтік өміріндегі тарихи өзгерістерге үлкен үмітпен ден қояды. Оның «Туған елім» атты толғауы 1936 жылы жарық көріп, онан соң орыс тіліне аударылған нұсқасы «Правда» газетінде жарияланып, қарт ақынның даңқы бүкіл әлемге жайылды. Халқына қадірі артып, даңқы өрлеген Жамбыл, шабыт тұғырына қонған Алатаудың ақ иық қыранындай, жыр нөсерін селдетеді. Оның 1936-1945 жылдар аралығында шығарған жырлары 13 мың тармақтан асады екен. Ол ел өміріндегі табыс пен жаңғыруларды, жеңіс пен ерлік істерді ерекше шабытпен жырлайды. Шағын жыр-толғаулар ғана емес, оның қарт көкірегінен «Өтеген батыр», «Сұраншы батыр» сияқты эпикалық туындылар қайта жаңғырып ақтарылады.
Жамбыл - әрі эпик, әрі айтыс ақыны; абыз жырау әрі жауынгер жыршы. Ол шын мағынасындағы биік парасатты өнерпаз, азаматтық саяси поэзияны қалыптастырушы. Жамбылдың ұлылығы оның тек ақындық шеберлігімен ғана емес, сонымен бірге халық поэзиясының бұтақ жайған жаңа бір бәйтерегі болуымен, басқаша айтқанда , халық ақындарының жасампаздық рухтағы жаңа ұлы көшін бастаған даралығымен де өлшенеді. Оның сөздері ұранға айналып, өзі халық поэзиясының атасы аталды. Ол жыраулардың байтақ эпикалық дәстүрін, қазақ сөз өнеріндегі ғажайып импровизациялық үрдісті бүтіндей жаңа арнаға бұрып, оған жаңа мазмұн дарытты. Жамбыл – ізгілік жолындағы азатшыл азаматты нәсіліне, ұлтына бөлмеген шын мәніндегі интернационалист ақын. «Жамбыл жырлары теңіз түбінде шашылып жатқан маржан секілді. Оны жинап алып халқының қолына беру – біздің әрқайсымыздың азаматтық борышымыз» - деген еді Сәкен Сейфуллин. Жамбыл - жырдың толассыз бұлағы, өшпес өнегесі, тозбайтын асылы. Ол жасампаз ұрпақпен сырласындай, қимасындай мәңгі бірге жасай береді.
Жамбылдың қанатты шабытпен дүниеге келген шығармалары әлемнің ондаған тіліне аударылып дүние жүзіне тарады. Жамбыл көзінің тірісінде ақ КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атағын алып, өзінің де, халқының да даңқын дүйім дүниеге паш етті. Жамбыл бейнесі қазақ өнерінің барлық түрінде, барша жанрында шабытпен бедерленіп, ұлттың рухы биік ұлы тұлғасы екенін әйгіледі.
1945 жылы 22 маусымда Жамбыл дүние салды.