В
Все
М
Математика
О
ОБЖ
У
Українська мова
Д
Другие предметы
Х
Химия
М
Музыка
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
Э
Экономика
Ф
Физика
Б
Биология
О
Окружающий мир
Р
Русский язык
У
Українська література
Ф
Французский язык
П
Психология
А
Алгебра
О
Обществознание
М
МХК
В
Видео-ответы
Г
География
П
Право
Г
Геометрия
А
Английский язык
И
Информатика
Қ
Қазақ тiлi
Л
Литература
И
История
Reddi900
Reddi900
12.01.2020 09:54 •  Қазақ тiлi

Берілген үзіндіні жалғастырып, ұсынылған шешімнің артықшылығы мен кемшілік тұстарын анықтап, «Қазақстандағы туризмді дамыту» тақырыбына аргументативті эссе жазыңыз. Сөз көлемі – 120-150 сөз. Эсседе сөйлем соңындa қaбaттaсып қойылaтын тыныс белгілерін қолданыңыз. «Қaзaқстaндa туризм дaму үшін ең бірінші, еліміздің инфрaқұрылымын дaмыту керек. Себебі, жолдың мәселесі - күтуге келмейтін мәселе. Екінші, нaсихaт жұмысы...»​

Показать ответ
Ответ:
kamilla195
kamilla195
27.01.2023 12:55

Ақтамберді Сарыұлы 93 жыл өмір сүрген, яғни 1675–1768 жж. дəуір кешкен. Ол күреске ерте араласқан жауынгер-жырау санатына жатады. Тұрмыстың қыр-сырын, отбасы, елдік, ерлік, жер мəселелерін жырларында жақсы бейнелеген. 1738–1752 жж. қазақ-қалмақтың қанды қақтығыстарының барлығына дерлік қатысқан. «Ақтабан шұбырынды» оқиғасының зұлмат қан кешуін бастан өткерген. Ес білгеннен бастап 70 жыл бойы ат үстінен түспей, елі мен жерін қорғаған қас батыр, айтулы шешен, қабырғалы би, атақты жырау. Қазақ жауынгерлерінің азаттық, құлдық жөніндегі түсініктері, болашаққа деген сенімі, адалдық-жауыздық, қиянат, əділетсіздік хақындағы таным-түсініктері Ақтамберді талғамынан өтіп жыр-толғауға айналған. Əлі де қолға түспеген толғаулары ел аузында сақталуы ықтимал. Қазіргі қолда бары 300 жолдан аспайды

0,0(0 оценок)
Ответ:
Айсулу2002
Айсулу2002
30.09.2020 05:50

Отанды сүюдің іргетасы алдымен туған жерге деген сүйіспеншіліктен қаланады. Кіндік қаның тамып, кіндік бауың кесілген, туып-өскен жер әрбір адам үшін қастерлі де қасиеттті. «Отан отбасынан басталады», «Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас», «Туған жер — тұғырың, туған ел — қыдырың» деген ұлағатты сөздер Отан-Ананың қаншалықты киелі екенін білдіреді. Өсіп-өнген қара шаңырағың, аяулы ата-анаң, балалық шағыңның бал дәурені өткен ауылың, білім ұясы, туған көше, асыр салып ойнаған достарың, міне, осының бәрі туған жерге деген астық ықылас пен сүйіспеншіліктің мөлдір бастауы. Ұядан қияға ұшып, ат жалын тартып азамат боп кетсек те туған жерге деген перзенттік сезім ет жүрегіңді елжіретіп, жан сарайыңды жылылыққа бөлейтіні анық.

Иə, дəм-тұз бұйыртып менің өмір белесім əрі еңбек жолым бірлігі мен берекесі жарасқан қасиетті Талғар топырағында жалғасып келеді. Осы жерде бала-шағам өсіп-өнді, халықпен қоян-қолтық араласып, ел игілігі жолында еңбек етіп келемін. Қазақстанның қай жері болсын – Отаным, туған елім, атамекенім. Өйткені, əрбір қазақ баласы үшін сан ғасырлық тағылымды тарихы бар атамекен — Қазақстан жерінің əрбір тасы, сай -саласы, өзен-көлі, асқаралы таулары мен сайын даласы- бəрі де ыстық əрі қасиетті. Олай дейтінім, ұшса – қыранның қанаты талатын, шапса – тұлпардың тұяғы тозатын қазақтың байтақ даласы халқымыздың басынан өткен небір тар жол тайғақ кешуін, осынау ұланғайыр жерімізді жаудан қорғап, көзінің қарашығындай сақтап ұрпағына аманаттап, мирас етіп қалдырған ата-бабаларымыздың ерлік пен өрлікке толы өмір дастанынан сыр шертіп тұрғандай. Даңқты бабаларымыз еркіндік пен биіктікті мұрат еткен елінің арманаңсарын тасқа қашап қалдырған, туған жердің əр тасына қаһармандық тарихын бəдіздеп жазып, оюмен өрнектеген ғой… Қазақстан – қазақ халқының тарихи мекені, ежелгі ата қонысы. Елбасымыздың: «Біз өз тарихымызды жаңадан игеріп, біліп жатқан елміз. Қазақтың тарихы өте бай. Қазақтың көп дүниелері атадан балаға ауызекі түрде беріліп келген. Біздің елдігіміз, қазақ жұртының арғы түбі ғұндардан басталады. Ғұндардан кейін көк түріктерге жалғасады. Одан кейін Алтын Орда орнығады. Сөйтіп, хандық дəуірге ұласып, кейін біртіндеп Тəуелсіздікке келіп тіреледі. Осындай үлкен тарихымыз бар. Жастарымыз мұны білуі керек. Біз кеше ғана пайда бола қалған халық емеспіз» деген өрелі сөзі осының айқын дəлел бола алады. Ұлы даланың асыл мұраларын, қатпарлы көне тарихын, мəдениеті мен ата салт, асыл дəстүрін қайта зерделеу тұрғысынан рухани жаңғырудың маңызы зор. Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты ел болашағын айқындайтын бағдарламалық мақаласында қазақ елін көркейтіп, ұлттық құндылықтарды өскелең ұрпаққа дəріптеуге негізделген «Туған жер» бағдарламасын қолға алуды ұсынды. Мақалада «Туған жер» бағдарламасы жалпыұлттық патриотизмнің нағыз өзегіне айналады, делінген. Осыған орай, халқымыздың ұлттық бірегейлігінің мызғымас негізін құрайтын «Қазақстанның қасиетті рухани құндылықтары» немесе «Қазақстанның киелі жерлерінің

географиясы» жобасы жүзеге асырыла бастады. «Ел болам десең бесігіңді түзе» демекші, Мемлекет басшысы ұсынып отырған «Туған жер» бағдарламасы рухани жаңғырумыздың, жас ұрпақтың бойында елжандылық қасиеттірін қалыптастыруға негіз болатын маңызды шешім. Бұл ретте білім беру саласында ауқымды өлкетану жұмыстарын жүргізуді, жергілікті деңгейдегі тарихи ескерткіштер мен мəдени нысандарды қалпына келтіруді жүзеге асыру қажет. Елжандылықтың жарқын үлгісі орта мектепте туған жердің тарихын оқудан көрініс тапса игі. Туған жердің əрбір тасы, тауы мен өзені тарихтан сыр шертетінін жан –дүниелерімен сезіне отырып сана көзімен түйсінудің маңызы зор. Əрбір жер атауының төркіні туралы талай-талай аңыздар мен əңгімелер бар. Əрбір өлкенің ел-жұртына қысыл таяң кездері пана, ыстықта сая болған, есімдері ел есінде сақталған біртуар перзенттері бар. Осының бəрін жас ұрпақ біліп, қастерлеп өскенде ғана елдің еңсесі биік, келешегі кемелді болары анық. Мəселен, өзіміз өмір сүріп, суын ішіп, ауасын жұтып, көшелерін кешіп, қызмет атқарып жүрген жері шұрайлы, халқы шырайлы алтын бесігіміз -Талғардың тарихы туралы не білеміз. Иə, Талғар тарихы тереңнен сыр шертеді. Кейбір деректерге қарағанда, он үш ғасырлық тарихы бар Талғар қаласының бұрынғы аты — ТАЛХИЗ деп аталған екен.

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота