Берілген үзіндегі асонасты, риторикалық сұрақты үзіндіден тауып көрсет, ережесімен жаз. Арайна, билер, арайна, Арайна десем болғай ма!? Арайнасыз әр қайда Ердің ісі оңғай ма?! Арайна болған Қазтуған, Қайғаланып сонда толғай ма?! Ел қияға қоңғай ма? Еділ, Жайық арасы. Кеншілік қоныс болғай ма?! Ебей басты құба үлек. Ернімен шырпы шалғай ма?! Бұл құныста отырып, Біздің мұсылман баласы, Жағасы босап тынғай ма!?
Мың құбылып тұрса-дағы бар маңы,
Адамзатты алға бастар Ар заңы!
Мір оғындай Момышұлы Бауыржан –
Туа біткен туралықтың тарланы.
Әрбір сөзі жас ұрпаққа – тағылым,
Бойға жиған ақылы мен сабырын,
Өмір бойы шындық үшін күресіп,
Жалғандықтың тіліп түскен тамырын!
Жауынгерді айналдырып құрышқа,
Тайсалмастан кірген талай ұрысқа.
Ұрпағына үлгі болған ғұмырын
Ұқсатамын жарқылдаған қылышқа!
Жүру үшін тура жолдан бұрылмай,
Ар мен Намыс бірге туған ұғымдай.
Біздер үшін рухы биік Бауыржан
Батырлық пен Ақиқаттың туындай!
Ұшқыр ойды от-қайраққа жаныған,
Туған елді өз үйім деп таныған,
Жалындаған жастар керек еліме
Батыр баба қасиеті дарыған!