В
Все
М
Математика
О
ОБЖ
У
Українська мова
Х
Химия
Д
Другие предметы
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
М
Музыка
Э
Экономика
Ф
Физика
Б
Биология
О
Окружающий мир
У
Українська література
Р
Русский язык
Ф
Французский язык
П
Психология
О
Обществознание
А
Алгебра
М
МХК
Г
География
И
Информатика
П
Право
А
Английский язык
Г
Геометрия
Қ
Қазақ тiлi
Л
Литература
И
История
olmilevskaya1
olmilevskaya1
28.12.2022 17:08 •  Қазақ тiлi

берем если ааа деп жассаң

Показать ответ
Ответ:
TsenkerOksana
TsenkerOksana
20.04.2023 15:53

ответ:1. Өткен шақ

Іс-әрекеттің сөйлеп тұрған кезден бұрын болғанын білдіретін шак түрін өткен шақ дейміз. Қазақ тілінде өткен шақтың үш түрі бар. Олар: жедел өткен шақ, бұрынғы өткен шақ және ауыспалы өткен шақ. Сұрақтары: не істеді? неғылды? қайтті?

1) Жедел өткен шақ - сөйлеп тұрған мезгілден аз уакыт бұрын болған, сол кезге жақын өткен істі білдіретін өткен шақ түрі.

Жедел өткен шақ етістік түбіріне -ды, -ді, -ты, -ті жұрнағының және оған жіктік жалғау жалғану арқылы жасалады. Мысалы: 1. Мен ауылга келдім. 2. Сен кітапханада болдың. 3. Олар теледидар көрді. Осы сөйлемдерде етіс-тік шағының үш жаққа қатыстылығы жіктік жалғаулармен берілген.

2) Бұрынғы өткен шақ іс-әрекеттің сөйлеп тұрған уакыттан көп бұрын өткенін білдіреді. Мысалы: Үйлерді қурылысшылар аудан жәрдемімен салған. Бұрынғы өткен шақтың іс-әрекет мезгілді білдіруде жедел өткен шақтан өзгешелігі қимылдың өткендігі туралы нақтылық сөйлеушінің сөзінде басым болады.

Бұрынғы өткен шақтың жасалу жолдары

1. -ып, -іп, -п жұрнақтары және жіктік жалғаумен: Гүлнұр бұны апасына да айтыпты.

2. -ған, -гең -қан, -кен жұрнақтары және жіктік жалғаулармен: Гүлнұр бұны апасына да айтқан.

3) Ауыспалы өткен шақ қимыл иесінің ертеден дағдыға айналған іс-әрекетін білдіреді. Мысалы: 1. Демалыс сайын кездесіп тұратын 2. Әжесі ертегіні дәмдеп айтушы еді

Ауыспалы өткен шақтың жасалу жолдары

1) -атын -етін -итын -итін жұрнақтары және жіктік жалғау арқылы. Мысалы: Мен оқитынмын. Біз оқитынбыз.

2) -ушы, -уші қосымшасына еді көмекші етістігінің тіркесуі арқылы. Мысалы: Сен барушы едің. Сіздер барушы едіңіздер.

2. Осы шақ

Іс-әрекет, қимылдың сөйлеп тұрған кезде өтіп жатқанын білдіретін етістік шағының түрін осы шақ деп атайды.

Осы шақ жасалуы мен мағынасына қарай нақ осы шақ және ауыспалы осы шақ деп бөлінеді. Сұрақтары: не істеп отыр/тұр/жатыр/жүр? Не қылып отыр/тұр/жатыр/жүр? Қайтіп отыр/тұр/жатыр/жүр?

1) Нақ осы шақ деп қимылдың дәл сөйлеп тұрған кезге сәйкес келуін айтамыз.

Нақ осы шақ дара осы шақ және күрделі осы шақ деп бөлінеді.

Дара нақ осы шақ отыр, тұр, жатыр, жүр етістіктерімен жасалады. Қазақ тілінде отыр, тұр, жатыр, жүр етістіктерін күй-қалып (кейде қалып) етістіктері деп атайды. Аталған төрт етісттк адамның ең негізгі қимылдарын көрсетеді, яғни іс иесі не отырады, не жатады, не тұрады, не жүреді. Бұл- олардың мағыналық ерекшелтктері, отыр, тұр, жатыр, жүр етістіктері грамматикалық жағынан да басқа етістіктерден өзгешеленеді. Күй-қалып етістіктеріне жіктік жалғаудың жалғануы есім сөздерге ұқсайды. Жіктік жалғау түбірден кейін бірден жалғанады. Мысалы: оқушы+мын (зат есім+жіктік жалғау), отыр+мын (күй-қалып етістігі+жіктік жалғау). Отыр, тұр, жатыр, жүр күй-қалып етістіктері жеке тұрғанда негізгі етістік болып, жіктік жалғау тікелей жалғанып, дара нақ осы шақ жасайды.

Мысалы: Мен отырмын (жүрмін, тұрмын, жатырмын). Біз отырмыз (жүрміз, тұрмыз, жатырмыз)

Күрделі нақ осы шақта негізгі етістік -ып, -іп, -п жұрнақтарымен келіп, отыр, тұр, жүр, жатыр етістіктері көмекші етістік қызметінде жіктеліп жұмсалады.

Мен оқып жатырмын. Біз оқып жатырмыз.

Ауыспалы осы шақ “-а”, “-е”, “-й” көсемше тұлғалы етістіктің жіктелуі арқылы жасалады (“Мен жүземін, оқимын”. “Сен жүзесің, оқисың”) Немесе дағдылы түрде болып тұратын құбылыстарды білдіреді: “жаңбыр жауады”, “құс ұшады”, “ит үреді”.

3. Келер шақ

Келер шақ - сөйлеп тұрған кезден кейін болатын іс-қимылды білдіретін шақ түрі. Мысалы: 1. Кітапханага ертең барамыз. 2. Ауылға жол түссе бармақпыз. Келер шақ жасалуы мен мағынасына қарай болжалды келер шақ, мақсатты келер шақ, ауыспалы келер шақ деп үшке бөлінеді. Сұрақтары: Не істейді? Не қылады? Қайтеді?

1) Болжалды келер шақ іс-әрекеттің кейін болатын, болмайтынына болжам, жорамалды білдіреді. Мысалы: Апам бір ақылын табар.

Болжалды келер шақ етістік түбірге есімшенің -ар, -ер, -р, -с жұрнақтарының жалғануы арқылы жасалады.

2) Мақсатты келер шақта етістік арқылы іс-әрекеттің өту, болу мақсаты айтылады. Мысалы: 1. Оқуға баруға ниет етпекпін. 2. Кітапты бугін-ертеңдер бітірмекпін.

Мақсатты келер шақ етістік түбіріне -мақ, -мек, -пақ, -пек, -бақ, -бек жұрнақтарына жіктік жалғау жалғануымен жасалады. Шақтың басқа да түрлері сияқты мақсатты келер шақта құрамына қарай дара және күрделі болады.

3) Шақтық мағына сөйлем ыңғайына қарай айқындалатын келер шақ түрі ауыспалы келер шақ деп аталады. Мысалы: Шығарманың қорытындысын ертең айтады.

Объяснение:

С этими инфами ты и сам(а) сможешь.


3-тапсырма. Мәтіндегі етістіктің шақтарын тауып жазыңдар. (Найдите в тексте времена глаголов) Осы ша
3-тапсырма. Мәтіндегі етістіктің шақтарын тауып жазыңдар. (Найдите в тексте времена глаголов) Осы ша
3-тапсырма. Мәтіндегі етістіктің шақтарын тауып жазыңдар. (Найдите в тексте времена глаголов) Осы ша
3-тапсырма. Мәтіндегі етістіктің шақтарын тауып жазыңдар. (Найдите в тексте времена глаголов) Осы ша
0,0(0 оценок)
Ответ:
pinka96p0a1p8
pinka96p0a1p8
27.10.2021 15:34

Септік жалғаулары (орыс. Падежные окончания) арқылы есімдер сөйлемдегі етістіктермен де, шылау сөздермен де, есімдер өзді-өздері де жалғасып әр алуан қарым-қатынасқа түседі.[1]

Мысалы:

Еңбектен еңбек шығады, еңбек туады,Еңбекті еңбек ақтап, еңбек жуады.Еңбек етіп күшті туған ерлерЕңбекке ерте тұра бекін буады.Еңбекте еңбек еткен ерлерім бар,Еңбекке сіңірген көп түрлерің бар,Еңбегім өзгерген жоқ, өз орнында,Еңбекпен ерік алатын жерлерім бар (И. Б.).

Бұл мысалда 13 мәртебе ұшырасатын еңбек сөзі түрлі-түрлі қосымшалар қосылып, әр алуан формада қолданылып тұр. Егер жетінші жолдың басындағы еңбегім дегеннен басқаларының қосымшаларын алып тастасақ, сөйлемдегі сөздердің байланысы бұзылып не қиыспай қалады, не сөйлемдердің мағыналары өзгеріп кетеді.[2]

Бұл қосымшалар сөйлемдегі сөздерді бірі-бірімен жалғастырып, септестіріп тұр. Осындай қосымшаларды септік жалғаулары дейміз. Сөздердің жалғауларды қабылдап өзгерту жүйесін сөздердің септелуі деп немесе септеу деп атайды.

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота