Әл-Фараби дүниенің білім және ой тарихынан құрметпен орын алған ұлы түрік ғалымы, ойшылы. Физика, химия, медицина, математика ғылымдарында және философияда жеткен нәтижелерімен Еуропа мәдениетінде үлес қосқан, кітаптары XVIII ғасырдың соңына дейін Еуропа университеттерінде оқылған түрік дарыны.Шын аты –Махмұт. Фараби Түркістанда, Фараб (Отырар) қаласында 870 жылы дүниеге келді. Әкесі- қорған басшысы Махмұт Тұрпан. Батыстың білім әлемінде оны әл-Фарабиус атымен таниды. Фараби оқып –жазуды туған қаласында үйреніп, заманының ең атақты ғұламаларынан сабақ алды.Тәлімін кеңейту үшін әуелі Иранға,кейін Бағдатқа кетті.Фараби Бағдадта болған кезінде кілең атақты кісілерден дәріс алған және өзі де сабақ оқытқан. Әсіресе логика және грамматика пәндері мен араб тілін меңгеруді осы қалада жалғастырды.
Құрамында ине, ит, көз сөздері бар фразеологизмдерді қатыстырып, 6 сөйлем жазу.
Жерлесіміз Қуандық Рахымның туған қаласында өткен концертінде ине шаншар жер болған жоқ (зал толық болды, бос орын болған жоқ деген мағынада).
Әдетте, қолөнер үйірмесіне қатысатын қыз балалардың барлығы иненің көзінен өткендей болады (пысық деген мағынада).
Бүгін таңертең есік алдында көрші апайлар бір – бірінің ит терілерін басына қаптап жатқаннан оянып кеттім (ұрысу деген мағынада).
Хамит оқу бітірердің алдында емтихандарын уақтылы тапсыра алмай, әбден ит болды (қор болды, қиналды деген мағынада).
Дүкен аралап жүріп, жанымда жүрген құрбымнан көз жазып қалдым (адасып қалдым, жоғалтып алдым деген мағынада).
Көзді ашып – жұмғанша кезекті оқу жылы да аяқталып қалыпты (тез деген мағынада).