В
Все
М
Математика
О
ОБЖ
У
Українська мова
Д
Другие предметы
Х
Химия
М
Музыка
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
Э
Экономика
Ф
Физика
Б
Биология
О
Окружающий мир
Р
Русский язык
У
Українська література
Ф
Французский язык
П
Психология
А
Алгебра
О
Обществознание
М
МХК
В
Видео-ответы
Г
География
П
Право
Г
Геометрия
А
Английский язык
И
Информатика
Қ
Қазақ тiлi
Л
Литература
И
История
olga810706
olga810706
12.10.2020 15:47 •  Қазақ тiлi

Берліген тақырыптардың бірін таңдап 80-90 сөзден тұратын эссе жазыңыз. Мәтінде мезгіл, мекен үстеулерін қолданыңыз. 1. «Заң – қоғамның тірегі» 2. «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні – Тәуелсіз Қазақстанның айбынды мейрамы» 3. «Жастар және бұқаралық ақпарат құралдары»

Показать ответ
Ответ:
UnicornAshad
UnicornAshad
20.05.2021 20:06

Объяснение:

Адам қанша жыл өмір сүрсе де, қандай іспен айналысса да, өмірдегі ең ұмтылмас сәттер болып мектепте өткізген уақыт қалатын шығар. Мектеп-білім айдынындағы үлкен кеме. Осы кемеде он бір жыл уақытты әр бала өткізеді. Мектеп табалдырығын тарыдай болып аттап, он бір жыл бойы білім алып, таудай болып шығамыз. Алғашқыда мектепке келіп әрбір әріпті, әрбір санды жазып үйрену қалай қиынға соққан еді? Уақыт өте бәрі өзгерді. Жазуды да, оқуды білмейтін кішкентай балалар бүгін міне, мектеп бітіру туралы атестатты қолдарына алып, үлкен өмірге жолдама алмақшы. «Қашан ғана осы мектепті бітіремін» деп ойлайтын кездер көп болып еді. Қазір сол мектепті бітіріп шыққаныма өзім сене алмаймын. Көзді ашып-жұмғанша уақыт тез өтті де кетті. Соңғы қоңырау осы жылы біз үшін расында да соңғы рет соғылды. Сонша асығып бітіргім келген мектебіммен қимастықпен қоштасып отырмын. Мектеп қабырғасында өткен қайран уақытты бағаламаппыз. Мектеп қабырғасында өткізген әрбір күн, әрбір қырық бес минут балалық шағымның балғын уақыты болып қала бермек. Мектеп «үлкен отбасы, ұстазымыз біздің ақылшымыз, анамыз, сыныптастарымыз жақын досымыз. Мектеппен қоштасу» балалықпен қоштасу. Мектепте біз шынайы дос табамыз, білім алып, өмірді үйренеміз. Мектеп бізге тірек беріп, жылулық пен бақыт сыйлайды. Ал ұстаздар болса бізге үйретуден еш жалықпас. Мектепте өткен уақыт адам өміріндегі шаттыққа толы кездер. Дәл осы кездер есімізде ең жарқын естеліктер болып қалады. Кейде бірінші сыныпта оқитын балаларға қарап, өзімде қайтадан сол шақтарға оралғым келеді. Басымнан қайтадан бастауыш сыныптағы қызықтарды өткізгім келеді. Өз мектебімді шын мәнінде жақсы көремін. Осында өткізген әр қырық бес минутты сағынатын боламын. Бүгін, мен – мектеп бітіретін түлекпін. Мектебімен қимастықпен қоштасатын түлекпін. Арада біраз жылдар өтіп, мен, менің сыныптастарым үлкен азамат болып, әр қайсымыздың өз отбасымыз болады. Бірақ арада қанша жыл өтседе, қанша жасқа келсем де, қандай а ғын балалық шақтарым өткен алтын ұям-мектебім жүрегімнің төрінде болатыны анық. Мектебім маған үлкен өмірге жолдама берді, үлкен өмірге дайындады. Енді мектебім мен үшін жауапты емес, бірақ мен мектебімнің алдында әлі қарыздармын. Ендігі жолы алдыма үлкен мақсаттар қойып, асқар асуларды бағындырып, елім мақтан тұтатын азамат болғым келеді. Бұл менің мәпелеп өсірген әке-шешемнің, ақылшы ұстазымның, алтын ұям-мектебінің алдындағы борышым.

0,0(0 оценок)
Ответ:
Sa6ok1
Sa6ok1
13.05.2023 22:31

1. Жалпы есімді табыңыз.

Д) Тау.

2. Туынды зат есімді көрсетіңіз.

В) Еңбекші. ( еңбек+ші )

3. Туынды зат есім жасаушы қосымшаны көрсетіңіз.

Е) Кеңесші. ( кеңес+ші)

4. Туынды зат есім жасаушы қосымшаны көрсетіңіз.

Е)Жұрнақ.

5. Көптік жалғаулы зат есімді табыңыз.

А) Гүлдер.  (гүл+дер)

6. Синонимдік қатар құрайтын зат есімді табыңыз.

В) Әдемі, сұлу.

7. Туынды зат есімді табыңыз.

Д) Жазушы. (жаз+у+шы)

8. Керекті зат есімді табыңыз.

Мен дүкеннен жаңа ... сатып алдым.

С) Көйлек.

9. Зат есімнің жалпы есім түрін табыңыз.

В) Ердің анасы-елі.

10. Киім тігумен айналысатын адамды белгілеңіз.

А) Тігінші.

11. Туынды сөзді табыңыз.  

В) Жұмыскер. ( жұмыс+кер )

12. Тәуелдік жалғаулы зат есімді табыңыз.

В) Аяғым.  ( менің аяғым )

13. Негізгі зат есімді анықтаңыз.

А) Адам.

14. Дерексіз зат есімді табыңыз.

С)Алғашқы махабат.

15. Күрделі жалқы есімді табыңыз.

Е) Қартқожа.  ( Қарт+қожа )

16. Туынды сөзді табыңыз.

А) Оқушы.  ( оқу+шы )

17.Кім? деген сұрақ қай сөзге қойылатынын табыңыз.

С) Бала.

18. Түбір сөзді табыңыз.

С) Ауыл.

19. Жер-су аттарына қатысты жалқы есімді табыңыз.

Д) Ақтөбе.

20. Заттық ұғымды білдіретін сөз табын табыңыз.

С) Зат есім.

21. Зат есімді табыңыз.

Е) Қолөнер.

22. Жұрнағы бар сөзді табыңыз.

Д) Басшы. ( бас+шы)

23. Түбір сөзді табыңыз.

А) Кісі.  

24. Жұрнақ жалғанған сөзді табыңыз.

В) Жұмысшы.  ( жұмыс+шы)

25. Табиғат тақырыбына сәйкес сөзді табыңыз.

В) Бұтақ.

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота