В
Все
М
Математика
О
ОБЖ
У
Українська мова
Д
Другие предметы
Х
Химия
М
Музыка
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
Э
Экономика
Ф
Физика
Б
Биология
О
Окружающий мир
Р
Русский язык
У
Українська література
Ф
Французский язык
П
Психология
А
Алгебра
О
Обществознание
М
МХК
В
Видео-ответы
Г
География
П
Право
Г
Геометрия
А
Английский язык
И
Информатика
Қ
Қазақ тiлi
Л
Литература
И
История
lacosterom
lacosterom
17.02.2022 19:35 •  Қазақ тiлi

Бесік-қасиетті,киелі,құтты мүлік,сәбидің алтын ұясы болып есептеледі.Бесікке салу елдегі долы үлкен,тәрбиелі,өнегелі әжелерге,әйелдерге тапсырылады.Мәтінге мысалдар келтіре отырып,ойынызды сипаттап жазыңыз.

Показать ответ
Ответ:
Yrbаn
Yrbаn
27.11.2020 07:15

Бесік- көшпелі ата-бабамыздан қалған мұра.

Бесіктің сәби денсаулығына пайдасы

Бесіктің құрылымы алып жүруге жеңіл, ықшам және берік. Ол баланың таза жатуына көмектеседі, өйткені арнайы қойылатын түбек пен шүмек баланың кіші дәретін жаймай, таза және ұзақ ұйықтауына септігін тигізеді. Бұл үй шаруашылығымен айналысып жүретін анаға қалай қолайлы болса, көшіп-қонып жүргенде, баланың өзінің де денінің сау болып өсуіне де тиімді.

Бесіктің жабдықтары – түбек, шүмек, құс төсек, жастық, жөргек, қолбау, тізебау, тізе жастық, екі тартпасы.

Бесіктің тал бесіктен басқа «аспалы бесік» деп аталатын түрі де болған. Жалпы ата-бабамыз бесікті қасиетті, құтты мүлік деп есептеген. Мұны бабамыз Төле бидің мына бір әңгімесінен байқауға болады: Жоңғарлар шапқыншылығынан тоз-тоз болған ел таулы жаққа қарай босып, көшіп келе жатқанда, екіқабат жас келіншек бос бесікті арқалап бара жатқан көрінеді. Сонда Төле бимен қатар келе жатқан кісі: «Мына бейшараның көрпе-жастығын тастап, бос бесікті арқалап келе жатқаны-ай», — дегенде, Төле би: «Баланың бесігі – кең дүниенің есігі ғой», — деген екен.

Бесікке бөлеу

Бесік туралы айтқанда, баланы бесікке салу ырымы жайлы айтып кетуіміз керек. Өйткені ата-бабамызда қалған қайсыбір дәстүрді алып қарасаң да, белгілі бір маңызы әрі пайдасы бар. Бесікке салу рәсіміне ауыл-үйдің әйелдері шақырылады, олар өздерінің шашуға деген заттарын ала келеді. Ал бесікке салу жолы ауылдағы ұлын ұяға, қызын қияға қондырған, өнегелі әжелерге, әйелдерге тапсырылады. Бір-екі келіншек бесікті жақсылап жабдықтаған соң, алдымен, бесікті отпен аластап алады, сосын «тыштырма» жасайды (бесіктің түбек салынатын тесігінен балаларға тәтті үлестіріп беру осылай аталады). Бұдан соң нәрестені айнала отырып, бесікке бөлеп, оның үстіне, баланы әруақтар қорғап жүрсін деп, ата-бабадан қалған сырт киім, ел тізгінін ұстар азамат болсын деп, аттың тізгінін, ел арасында айбынды болсын деп, қамшы қояды.

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота