Билл Гейтстің айтуынша, алдағы 20 жылда қазіргі мамандықтардың көпшілігі автоматты бағдарламалармен жабдықталып, біліктілігі төмен қызметкерлер бәсекеге ілесе алмай қалуы мүмкін. Ол туралы сіздің пікіріңіз қандай? Төрт сөйлеммен өз ойыңызды тұжырымдаңыз.
1) Менің ойымша...
2) Себебі...
3) Оған дәлелім...
4) Қорытындылай келе...
Киіз үй бөліктеріне қатысы бар бата - тілектер:
Шаңырағың биік болсын!
Шаңырағың шайқалмасын!
Керегең кең болсын!
Түндігің түтінді болсын!
Қос босағаң берік болсын!
Ақ босағадан аттаған келін оң аяғымен енсін!
Ұлттық ұғымда киіз үй және оның әрбір құрамдас бөлшегі қасиетті деп саналады. Соған орай ата-бабаларымыз әрбір затқа лайық ұлықтау, теңеу, бейнелеу сияқты ойлы ұғымдармен бірге тәрбиелік мәні бар қағидалы, қанатты сөздер де шығарған. Ол қанатты сөздер шаңырақтан басталады. Шаңырақ – киелі мүлік. Атадан балаға мұра болып келе жатқан үйді қара шаңырақ деп құрметтейді. Қара шаңыраққа сәлем беру, одан дәм тату - ежелгі халық жоралғысы. Шаңырақ деген сөз «үй, отбасы» деген тұтас ұғымды да бейнелейді. Жаңа үйленгендерді «шаңырақ көтерді» дейді. «Шаңырағың биік болсын!» деген батаның ең үлкені саналады. Жалпы, жоғарыда аталып кеткен бата – тілектерді жас жұбайлар үйленіп, шаңырақ құрғанда айтады. Үйің кең, қонағың көп, берекелі үй бол деген мағыналы сөздер.