В
Все
М
Математика
О
ОБЖ
У
Українська мова
Д
Другие предметы
Х
Химия
М
Музыка
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
Э
Экономика
Ф
Физика
Б
Биология
О
Окружающий мир
Р
Русский язык
У
Українська література
Ф
Французский язык
П
Психология
А
Алгебра
О
Обществознание
М
МХК
В
Видео-ответы
Г
География
П
Право
Г
Геометрия
А
Английский язык
И
Информатика
Қ
Қазақ тiлi
Л
Литература
И
История
Vitaly536218
Vitaly536218
04.12.2021 16:45 •  Қазақ тiлi

Биз бейбитшиликти суйемиз такырыбына шагын ангиме

Показать ответ
Ответ:
LeraT12
LeraT12
19.07.2020 08:17

Біз бейбітшілікті сүйеміз

Кез келген азамат үшін "бейбітшілік" сөзінің құны жоғары. Сондықтан да біз тыныш та, еркін заманда өмір сүргенді қалаймыз. Бейбітшілік деген адамзаттың өз елінде еркін өмір сүріп, шуы жоқ ортада өз болашағын құруы. Бейбіт заман барлық елдің басына қонатын бақ құсы емес. Әлемде таңының тыныш атып, күнінің тыныш батқанын армандайтын талай адамзат өмір сүріп жатыр. Әрбір жас азамат өз елінің тарихын, тарихи тұлғаларын, олардың өнегелі істерін оқып біліп, ұлттық дәстүрлеріміз бен әдет-ғұрыптарымызды, мәдениетімізді ұғынып, туған өлкеміздің тау-тасын, өзен-көлін, қазба байлығын өзімдікі деп сезініп, оны қорғай да білетіндей болу керек.

Әрбір азамат туған өлкесін, елін, жерін, салт-дәстүрін, тарихын құрметтейтін, сүйетін, мақтан тұтатын, Ұлтжанды азамат болу керек. Ол үшін өткенін біліп, бағалау керек. өзі туған қасиетті Отанын оттан да ыстық бағалау, сүю керек деп ойлаймын. Ұлтымыздың мақтанышы Қ.И.Сәтбаевтан шетелдіктер: қазақ деген халық сіз сияқты сымбатты да, ірі ме?дегенде, Қ.И.Сәтбаев:»халқым менен де биік, менен де сымбатты»-деген екен ендеше сол ағаларымыздай Ұлтжанды, білімді ұрпақ бола білейік. «Саусақ бірікпей, ине ілікпейді» дегендей, баршамыз бір шаңы¬рақ иесіндей жұдырықша жұмылар болсақ, бейбітшілікті әлемге ¬талай паш етеріміз белгілі. Бүгінгі еліміздің бейбітшілігі біздің ортақ еңбегіміздің нәтижесі.

Біріккен Ұлттар Ұйымы 1982 жылы бүкіл әлем бойынша тыныш заманды құруды ұсынып, Халықаралық Бейбітшілік күнін белгіледі. Содан бері бүкіл әлем халықтары 21 қыркүйекті бебітшілік күні ретінде атап өтеді. Бұл мереке адамдарға бейбітшіліктің не екендігін түсіндіріп қана қоймай, бейбіт заман үшін не жасау керектігін де ұғындырды.Сол жөнінде адамзаттың толғанып жүруіне ой салды. Әлемнің түкпір-түкпіріндегі халықтар бейбіт күннің ғұмырының ұзақ, тіпті мәңгілік болуы үшін күресуді бастап та кетті. Олар адамзаттың тыныш ұйқысын бұзып, баларды шат күлкісінен айыратын зұлматты оқиғалар мен үрейлі жәйттерді болғызбау үшін қолдарынан келгенді жасауға көшті. Осы бастама барысында олар бір-бірімен тәжірбие алмасып, жұмыстарына қызу кірісіп жүр. Сіз де, біз де бейбіт заманда өмір сүруге лайықпыз. Осы бейбіт заманның ғұмырының баянды болғанын тіледік.

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота