В
Все
М
Математика
О
ОБЖ
У
Українська мова
Д
Другие предметы
Х
Химия
М
Музыка
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
Э
Экономика
Ф
Физика
Б
Биология
О
Окружающий мир
Р
Русский язык
У
Українська література
Ф
Французский язык
П
Психология
А
Алгебра
О
Обществознание
М
МХК
В
Видео-ответы
Г
География
П
Право
Г
Геометрия
А
Английский язык
И
Информатика
Қ
Қазақ тiлi
Л
Литература
И
История
ksunavolik
ksunavolik
09.01.2022 20:52 •  Қазақ тiлi

Благодаря своему расположению на Великом шелковом пути города и заповедники Казахстана издавна были объектами путешествий и туризма. Первые туристические организации в Казахстане появились в 20-30-х годах 20 века. В 1929 году была организована первая туристическая поездка в Алматы. Ему Г.И. Белоглазов, Ф. В нем приняли участие 17 учителей школ во главе с Савиным. Путешествие началось вокруг Алматы и закончилось у озера Иссык (62 км).

В 1930 году при Алматинском краеведческом музее стало работать региональное отделение Общества пролетарского туризма и экскурсий. Первым его председателем был В. Горбунов был избран. В этом году группа алматинских телеграфистов и почтальонов (16 человек) (руководитель Ф.Л. Савин) выехала на берег озера Медеу-Кокжайлау-Большой Алматинский. Этим видом туризма занимаются В.Зимин, А.Бергрин, Д.Литвинов, Х.Рахимов, Г.Белоглазов и другие. внес большой вклад.

В январе 1931 года в Алматы была организована первая лыжная гонка под руководством Зимина. Восемь всадников Национального кавалерийского полка присоединились к 8 лыжникам, принявшим участие в эстафете «Труд и защита». Они выехали из Алматы, миновали Узынагаш и через Кордайский перевал передали эстафету кыргызской команде. В том же году возле музея Жетысуского велаята в Алматы было организовано первое гнездо из 10 членов Всесоюзного добровольного общества пролетарского туризма и экскурсий.

1. Насчет текста?

А. О Великом шелковом пути

В. О зрелости туризма в стране

С. О рациональности внутреннего туризма

Д. О туризме в Казахстан​

Показать ответ
Ответ:
4Миатрисс654
4Миатрисс654
02.05.2022 09:41
Уәлиханов Шоқан Шыңғысұлы – қазақтың ұлы ғалымы: ориенталист, тарихшы, фольклоршы, этнограф, географ, ағартушы, демократ. Шын аты-Мұхаммедханафия, әжесінің бала күнінде «Шоқаным» деп еркелетіп айтуымен, «Шоқан» аталып кеткен. Туған жері-қазіргі Қостанай облысындағы Құсмұрын көлінің жағасы. Арғы атасы-қазақтың ұлы ханы –Абылай, Шоқан оның шөбересі. Өз атасы Уәли де хан болған. Ал әкесі Шыңғыс Қазақстанда хандық жүйе жойылып, аға сұлтандықтың енгізілуіне байланысты, аға сұлтан лауазымын иеленген.«Жеті жұрттың тілін білуге тиісті» хан тұқымы болғандықтан, ауыл мектебінде оқып, арабша хат таныған Шоқан араб, шағатай тілдерін меңгерген. Бұдан кейін оны әкесі сол кезде Сібірдегі ең таңдаулы оқу орны деп есептелінетін Омбы кадет корпусына береді. Зерек те зерделі Шоқан мұнда «екі –үш жылдан кейін-ақ өз кластарынан ғана емес, өзінен екі жас үлкендердің класындағыларды да басып озып шығады» (Г.Н.Потанин).Кадет корпусын бітіргеннен кейін Шоқан Батыс Сібір генерал-губернаторының кеңсесінде қалдырылады. Ол 1855 жылы Ұлы жүзді Қоқан хандығының ықпалынан шығарып, Ресейге қосу бағытында жұмыс істеу үшін ұйымдастырылған экспедицияға қатысып, Семей, Аягөз, Қапал арқылы Іле Алатауына дейін келеді, Жоңғар қақпасына, Алакөл, Тарбағатайға саяхат жасайды. Осы сапарында қазақ, қырғыз ауыз әдебиетінің үлгілерін, тарихы мен этнографиясының материалдарын жинап алады. Бұл еңбегін жоғары бағалаған генерал Г.Х.Гасфорт оны наградаға ұсынады, әскери лауазымы бір сатыға жоғарылап, поручик атағын алады. Келесі жылы М.М.Хоментовский басқарған әскери-ғылыми экспедицияға қатысып, қырғыз елін жете зерттеп, Ыстықкөл аймағының картасын жасасады.Шоқанның Қашқарияға сапары ғалымдық, ағартушылық саласындағы еңбегінің жаңа белеске көтерілуіне жол ашты. Қоқан хандығының Қашқардағы консулы әрі саяси резидентінің көмегімен Қашқардың экономикалық саяси құрылымын зерттеп, бұл халықтың тарихы мен этнографиясынан көптеген материалдар жинайды. Қашқар сапарынан «Алты шаһардың, яғни Қытайдың Нан-лу провинциясының шығыстағы алты қаласының жайы» атты еңбегі дүниеге келеді.Шоқаннан қалған мұраның бірі-бейнелеу өнеріндегі зерттеулері. Бұл еңбектер оның өнердің осы саласындағы қазақтың тұңғыш профессионал суретшісі болғанын дәлелдейді. Ол негізінен портрет, пейжаз және халықтың тұрмыс-салтын бейнелеумен айналысқан. Одан 150-дей сурет қалған.Науқасы меңдегендіктен Петербургтан елге оралған Шоқан туған халқының екі жақты қанауда езілгенін көріп, 1862 жылғы сайлауда Атбасар округының аға сұлтаны болуға талпынады.Тән ауруы мен жан ауруына шипа таба алмаған Шоқан 1865 жылы Алтынемелде, Көшкентоғай деген жердегі Тезек төренің ауылында қайтыс болады.Шоқанның маңдайына «жарқ етіп сөнген құйрықты жұлдыздай» қысқа ғана ғұмыр сүру жазылды. Бірақ ол аз ғана ғұмырында адам қабілетінің ғажайып мүмкіндіктерін, гуманизмнің биік өресін, ұлтжандылықтың жалтақсыз үлгісін, алғырлықтың қайран қаларлық өнегесін барша болмысымен, нақтылы іс-әрекетімен дәлелдеп үлгерді.
0,0(0 оценок)
Ответ:
maksim393
maksim393
15.11.2022 07:13

Батыр (парсы тілінде njBӨM бәһадур — ержүрек, батыл, батыр) — әскери өнерді жақсы меңгерген, жау түсірер ерлігімен аты шыққан, қаһарман адамға берілетін құрметті атақ. Батыр атағы мирасқорлық жолымен берілмейді, оған әрбір адам жеке басының ерлігімен ие болады.Батырларды қазақ халқы ежелден құрмет тұтқан.Көшпелі халықтарда бүкіл өмірі соғыста өтетін, соғыс ісі атадан балаға жалғасқан негізгі кәсібі болған, мемлекет билікті қолына ұстаған қоғамдық топ — әскери ақсүйектер болды. Осы топта соғыс ісінің тәжірибесі жинақталып, әскери өнер дамып, қару-жарақ жасаудың, оны қолданудың биік деңгейі қалыптасты. Батырлар көбіне осы әлеуметтік жіктің өкілдері арасынан шықты. Олардың бар өмірі елдің қонысын кеңейту, халықты жаудан қорғау жолындағы жорықтарда өткен. Ел үшін жанын қиған Батырлардың есімі ел ұранына айналып, халық олардың аруақтарына табынған. Ата-бабаларынан бері қарай Батыр атанып келе жатқан, ауыр жараланса да ұрыс даласын тастамағандар қара Батыр не қара берен Батыр, қауіп-қатерді елемей, ұрысқа жалғыз кіріп ерлік көрсеткен адам жеке Батыр атанған.Қазақтың қаһармандық эпостарындағы Алпамыс, Ер Тарғын, Қобыланды, Қамбар, т.б. — жауына жалғыз аттанған осындай Батырлар. Талай рет қақпа бұзып, жау қамалына ойран салған ерлерін қазақ “қамал бұзған қас батыр” деп мақтан еткен. Бағзы заманнан қазақтың көптеген Батырлары жеке басының ерлігімен қатар жыраулық қасиетімен де дараланған. Қазтуған, Марғасқа, Жиембет, Шалкиіз секілді от ауызды, орақ тілді ақындар — осындай Батырлар. Қазтуған өзі туралы: “Қарғадай мынау Қазтуған батыр туған жұрт, Кіндігімді кескен жұрт, Кір-қоңымды жуған жұрт, Қарағайдан садақ будырып, Қылшанымды сары жүн оққа толтырып, жанға сақтау болған жұрт” десе, Шалкиіз: “Күлікке тастай болып тимесе, Үстіме көбе сайлап кимен-ді, Дулығамның төбесі, Туған айдай болмаса, Батыршылық сүрменді” дейді. Марғасқа жырау — еңсегей бойлы ер Есімнің батырларының бірі болған; қосымша Батырлық.

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота