Шет елден Ерланға досы Михаил келді. Ернар: Сәлем, Михаил! Халің қалай? Михаил: Сәлем, Ернар! Халім жақсы. Өзің қалайсың? Ернар: Менің де халім жақсы. Жүр, үйге кір. Апам тамақ әзірлеп қойды. Сенің қарның ашқан шығар? Михаил: Иә, менің қарным ашты. Апаңның дайындаған тағамдары өзгеше екен, маған бұл тағамдар туралы айтып берші. Ернар: Жарайды, айтайын. Мынау - бешбармақ. Ол қазақтың ең басты тағамы. Оны сыйлы қонақ келген кезде жасайды. Бешбармақтың негізгі құрамы еттен тұрады. Ал мынау- бауырсақ. Ол ұннан жасалады. Ол өте демді. Қазақтың ең керемет тағамдарының бірі ол- қазы. Оны жылқының етінен жасайды. Қазыны басқа малдың етінен жасауға болмайды. Ал сусынға келетін болсақ, біздің дастарқанымызда шұбат және қымыз тұр. Шұбат - нардан, ал қымыз - биеден алынады. Олар сенің шөліңді тез қандырады, ішіп көр. Михаил: Иә, қазақ асханасында осыншама дәмді тағамдар бар деп ойламаппын. Өте керемет. Анаңа рахмет. Өте дәмді болыпты. Қазақ дастарханы әрқашан жайнап әртүрлі тағамдарға толы болып тұрады екен. Келгеніме түк өкінбедім. Рахмет, Ернар. Сау бол. Ернар: Сау бол, Михаил.
Сен мемлекеттік тілде сөйлей аласың ба? Ия, аздап сөйлей аламын. Мемлекеттік тіл дегеніміз қай тіл? Елімізде мемлекеттік тіл қазақ тілі. Мемлекеттік тілді жақсы білу керек қой. Ия, жақсы білу үшін ерінбей үйрену керек, мен қосымша сабақтарға барып жүрмін. Қосымша сабақ қалай өтеді, үйге тапсырма береді ме? Қосымша сабақ сұрақ, жауап түрінде өтеді, үйге аудару үшін тапсырма береді. Кейбір сөздерді түсіну қиын, сондықтан аудару да қиын. Түсіну қиын болса, түсінбеген сабақты орындау мүмкін емес қой, ия? Ия, оның рас, кейде орындай алмаймын. Онда мұғалімді сабақта зейін қойып тыңдау керек, шағын мақалаларды оқып үйрен. Мен үйде солай оқып үйренемін, шығарма жазамын. Мәтінді оқып, мазмұнын анама айтып беремін. Жақсы, онда саған сәттілік тілеймін Рахмет.
Ернар: Сәлем, Михаил! Халің қалай?
Михаил: Сәлем, Ернар! Халім жақсы. Өзің қалайсың?
Ернар: Менің де халім жақсы. Жүр, үйге кір. Апам тамақ әзірлеп қойды. Сенің қарның ашқан шығар?
Михаил: Иә, менің қарным ашты. Апаңның дайындаған тағамдары өзгеше екен, маған бұл тағамдар туралы айтып берші.
Ернар: Жарайды, айтайын. Мынау - бешбармақ. Ол қазақтың ең басты тағамы. Оны сыйлы қонақ келген кезде жасайды. Бешбармақтың негізгі құрамы еттен тұрады. Ал мынау- бауырсақ. Ол ұннан жасалады. Ол өте демді. Қазақтың ең керемет тағамдарының бірі ол- қазы. Оны жылқының етінен жасайды. Қазыны басқа малдың етінен жасауға болмайды. Ал сусынға келетін болсақ, біздің дастарқанымызда шұбат және қымыз тұр. Шұбат - нардан, ал қымыз - биеден алынады. Олар сенің шөліңді тез қандырады, ішіп көр.
Михаил: Иә, қазақ асханасында осыншама дәмді тағамдар бар деп ойламаппын. Өте керемет. Анаңа рахмет. Өте дәмді болыпты. Қазақ дастарханы әрқашан жайнап әртүрлі тағамдарға толы болып тұрады екен. Келгеніме түк өкінбедім. Рахмет, Ернар. Сау бол.
Ернар: Сау бол, Михаил.
Ия, аздап сөйлей аламын.
Мемлекеттік тіл дегеніміз қай тіл?
Елімізде мемлекеттік тіл қазақ тілі.
Мемлекеттік тілді жақсы білу керек қой.
Ия, жақсы білу үшін ерінбей үйрену керек, мен қосымша сабақтарға барып жүрмін.
Қосымша сабақ қалай өтеді, үйге тапсырма береді ме?
Қосымша сабақ сұрақ, жауап түрінде өтеді, үйге аудару үшін тапсырма береді. Кейбір сөздерді түсіну қиын, сондықтан аудару да қиын.
Түсіну қиын болса, түсінбеген сабақты орындау мүмкін емес қой, ия?
Ия, оның рас, кейде орындай алмаймын.
Онда мұғалімді сабақта зейін қойып тыңдау керек, шағын мақалаларды оқып үйрен.
Мен үйде солай оқып үйренемін, шығарма жазамын. Мәтінді оқып, мазмұнын анама айтып беремін.
Жақсы, онда саған сәттілік тілеймін
Рахмет.