Болашақта қандай мамандықтар пайда болады? Соңғы жүргізілген зерттеу нәтижелері жұмыс орындарының көпшілігіне қауіп төніп тұрғанын көрсетті. Яғни, қазір бізге таныс мамандықтар болашақта қажет болмай қалуы әбден мүмкін.
2020 жылға қарай әлем бойынша еңбек нарығында 40 млн жоғары білімді маманға қажеттілік болады деген болжам бар. Дегенмен ірі мемлекеттердің тұрғындарында «Білім алған саламыз сұранысқа сай болмай қалмай ма?» деген күдік пен үрей басым екен. «Pew Research Center» жүргізген зерттеу нәтижесіне сенсек, америкалықтардың 87 пайызы жұмыс орындарын сақтап қалу үшін қосымша білім алуға дайын екендіктерін айтыпты.
Сонымен қатар аталған баяндамада сарапшылардың 48 пайызы болашақта робот техникасының дамуы салдарынан жұмыс орындары азаятынын айтқан. Олардың айтуынша, бір робот мың адамның орнын басып, халықтың жұмыспен қамтылу деңгейі төмендеуі мүмкін.
2015 жылы Оксфорд университетінің ба Ричард Сасскинд пен Дэниель Сасскиндтің «Мамандықтар болашағы» («The Future of the Professions») атты кітабы жарық көрген. Онда болашақта қазіргі мамандықтарды екі түрлі өзгеріс күтіп тұрғаны айтылған. Біріншіден, жаңа технологиялар дәстүрлі жұмыс түрін жеңілдетуі мүмкін. Мысалы, дәрігер емделушімен «Skype» арқылы байланысады, сәулетші дизайн жасау үшін компьютерлік бағдарламаларды қолданады. Екіншіден, технологиялар кез келген салада проблемаларды шешудің тиімді тәсіліне айналады. Мысалы, жоғарыда айтылған медициналық онлайн диагностикалау маманының жұмысын жеңілдетсе, кейбір жаңа технологиялар кесірінен қызметкерлер жұмысынан айырылуы мүмкін. Билл Гейтстің айтуынша, алдағы 20 жылда қазіргі мамандықтардың көпшілігі автоматты бағдарламалармен жабдықталып, біліктілігі төмен қызметкерлер бәсекеге ілесе алмай қалуы мүмкін.
4 тапсырма-Көнерген сөз, кірме сөзі кәсіби сөз, термин сөз,диалект сөз, жаргон сөз, неологизм сөздерге екі мысалдан келтіріп жазыңыздар
Қымыз ашытылатын ыдысқа қойдың сүр қазысы мен семіз жаясын салса,қымыз майлы әрі жұмсақ болады. Әдетте,қымыздың өзінен де май шығады. Ол май қымыздың бетінде қалқып жүреді. Іңірде пісірілген қымызды жылылап қымтап, келесі күні биенің бас сауымы сауылып болғаннан кейін ғана қотарады.
Саба мен күбіні аптасына ең кемі бір рет ыстайды. Әжелеріміз күбіні киікотымен ыстаған. Киікоты піскенде оны келесі жылға жететіндей орып, кептіріп алатын болған. Дер кезінде тазартып, ысталмаған ыдыс өңезденіп, қымыздан ескі дәм шығады. Қымыздан бір күнге жетерлік мөлшерде қотарып алғаннан кейін, оның орнына қайта саумал құйылады. Бұл процесс бие ағытылғанға дейін осылай жалғасады. Қымыз қотарғанда ыдыстың түбінде жетерлік мөлшерде қор қалуы тиіс.
Қымыз дайындау шеберлігіне, сүттің тегіне,уақыт мезгіліне қарай бірнеше түрге бөлінеді. Осыған орай оның аталуы да алуан түрлі.Уыз қымыз — биені алғаш байлағанда ашытылатны қымыз. Мұны бие бау деп те атайды.Бал қымыз — әбден пісілген және бойына жылқының не қойдың майы сіңген бапты жұмсақ қымыз. Мұндайа қымыздың түрі әдеттегідей қымыздан гөрі сары әрі қою болады.Бесті қымыз — төрттүн асып, ашуы мейлінше жеткен қымыз.Дөнен қымыз — үш түнегеннен кейін қотарылатын, мейлінше ашуы жеткен қымыз.Жуас қымыз — үстіне саумал құйып жұмсартылған қымыз. Қымыз аса ашып кеткенше ішуге қолайлы болуы үшін осылай істейді.Құнан қымыз — екі түнегеннен кейін ғана қотарылатын қымыз. Бұл түнеме қымызға қарағанда күшті болады.Қысырақ қымыз — бірінші рет құлындаған биенің сүтінен ашытылатын қымыз. Қулық биенің сүті жылда сауылып жүрген сары қарын мама билердің сүтіне қарағанда әлдеқайда қуатты болады. Оны әдетте “ту қымыз” деп те атайды.Қысырдың қымызы — бие ағытылғаннан кейін, жем- шөбі дайын адамдар қысыр биелерді іріктеп алып қалып, қыстай қолда ұстап сауады. Сондықтан да бұл қымызды “қысырдың қымызы” деп атайды.Сары қымыз — шөп пісіп,биенің сүті қойылған кезде ашылатын қымыз. Жаздыкүнгі қымызға қарағанда қою әрі өңі сары болады.Сірге жияр қымыз — бие ағытылар кездегі ең соңғы қымыз. Бие алғаш байланып, уыз қымыз ішерде бір той болса, бие ағытылып, сірге жияр қымызды ішерде тағы бір той болады.Түнеме қымыз — ескі қымыздың үстіне саумал құйылып, келесі күні ( тағы бір күн асқаннан соң) қотарылатын қымыз.