В
Все
М
Математика
О
ОБЖ
У
Українська мова
Д
Другие предметы
Х
Химия
М
Музыка
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
Э
Экономика
Ф
Физика
Б
Биология
О
Окружающий мир
Р
Русский язык
У
Українська література
Ф
Французский язык
П
Психология
А
Алгебра
О
Обществознание
М
МХК
В
Видео-ответы
Г
География
П
Право
Г
Геометрия
А
Английский язык
И
Информатика
Қ
Қазақ тiлi
Л
Литература
И
История

Болашактын әуежайы эссе нужно дәм 40 б только без ошибок​

Показать ответ
Ответ:
dcherniesheva
dcherniesheva
19.03.2021 11:51

ер азамат – елдің тұтқасын ұстайтын тұлға, отаны мен отбасының қорғаны. осы орайда  нағыз жігітте болар қасиеттерді 

қиялшылдық

жігіттің бойындағы ең бағаланатын қасиет оның қиялшылдығы. бұл дегеніңіз өз сезімдері мен эмоциясын шығара білу қасиеті боп саналады. бойжеткен жігіттің шын жүректен жасалған күтпеген тосын сыйын ерекше жақсы көреді.

әзілдесе білу

қандай жағдай болмасын қыздың көңілін көтере біліңіз. оның бөтен ойларға берілмеуін қадағалаңыз. мүмкіндігінше жұмсақ әзілдесіп, жүрегіне жол табыңыз.

жақсы әзіл – кез келген келеңсіз жағдайды өз пайдасына шешу жолы. қыздар іш пыстырарлық жігіттерді онша ұната бермейді. егер қызбен бірінші рет жолығатын болсаңыз осыны есте ұстағаныңыз жөн.

сенім

жігіттің өзіне деген сенімділігі қыздың жүрегін жаулап алудың бірінші жолы. жігіттер секілді қыздар да олардың сенімді болғанын қалайды. сенім бар жерде махаббат бар.

берік сенім – ертеңгі махаббаттың, отбасылық өмірдің бастауы. қыздар өзін жігіттің жанында еш қауіпсіз сезінгісі келеді.

адалдық

қалай болғанда да адалдықтан артығы жоқ. қай жігіт, қай қыз өз серігінің адал болғанын қаламасын? ! адалдықтың арғы жағында, ең түбінде шынайы сыйластық, мөлдір сезім жатады. сөзіңізбен емес, оны ісіңізбен дәлелдеңіз.

қызықты әңгіме айта білу

үнемі футбол жайлы, автокөлік жайлы және бітпейтін әзіл әңгімелер қызды жалықтырып жіберуі мүмкін. қызықты тақырыпта әңгіме айта біліңіз.

мысалы: саяхаттар, әйгілі тұлғалар жайлы. әйтсе де, қыздың ыңғайына қарай әңгіме қозғаңыз. ол неге қызығушылық танытады, әңгімеңіз сол жайында болсын.

жомарттық

әңгіме ақша жайында болса оны жұмсау туралы ой қозғаңыз. қаражатты қайырымды істерге, пайдалы нәрсеге жұмсау керектігін айтыңыз. жігіттің жомарттығы - жақсы қасиет.

ер жігіт қашанда өз-өзін асырай білу керек. керек жағдайда орынды іске қаражатты аямай жұмсаса қыздың да сізге деген ойы өзгереді.

әдемі киіне білу

жігіттің сымбатты болуы, оның сәнді киінуі әрқашан бойжеткендердің назарында. сәнді киіну-киінбеу емес, мәселе сіздің қаншалықты ұқыпты киінетініңізде.

жараспайтын киім кию - жігітке жат. жігіттің іші ғана емес, сырты да сымбатты болуы қажет. киген киіміңіздің тазалығына, қонымдылығына және  жинақылығына мән беріңіз.

0,0(0 оценок)
Ответ:
jinoguhaz
jinoguhaz
21.09.2022 09:13

Ғасырға жуық мерзімді кері шегерсек, қазақ киносының кино әлеміне әупірімдеп қадам басқан кезеңіне табан тірейміз. Әлбетте, кино әлеміне нық-нық қадамдар жасап, сол әлемде таңба қалдыру осы саланың ұшынан ұстағандар үшін өте қиын болды. Өнердің алтын сандығы іспеттес қазақтың кино өнері өз жеңісін Қазан төңкерісінен кейін бастады. Алғаш рет 1938 жылы "Ленфильм" киностудиясында түсірілген "Амангелді" фильмі көгілдір экранға жол тартты. Сондай-ақ фильм ең алғашқы белгілі тұлғаға арнап түсірілген туынды еді. Бұл фильмнен кейін де қазақ кино қоржыны еншісін көрермен көзайымына айналған талай кинотуындылармен майлады. Бүгінгі жаңа әртістер, жаңа кинолар, жаңа режиссерлер өткен күннің елесіне айналған ғасыр бұрынғы туындылардың ізін суытпай, қыл көпірін жалғап келеді. Әрине, бұл қазақ киносының белгілі дәрежеге ие екенінің айғағы. Алғашқы фильмдер 1925-1946 жылдар аралығында түсірілді. Кейін "Қазақфильм" киностудиясының түсіруімен 1972 жылы Сұлтан Қожықовтың толықметражды "Қыз Жібек" көркем фильмі өз көрерменімен қауышты. Міне, осылайша, отандық фильмдер бір арнада тоғысты. Бұл жылдарды тағы кері шегерсек, 1991 жылдан бері қарай жарыққа шыққан туындылардың дөп үстінен түсеміз. Дәл осы уақыттан беріге дейін қазақ киносы жаңа өркендеу баспалдағына көтерілгендей.  Тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстандағы киностудиялардың саны да едәуір өсті. Мемлекет енді ғана аяғынан тұрып жатқанда, өнердің бұл саласы бірде шеткері, бірде ілгері жүріп жатты. Туындылардың жарыққа шығуына ең үлкен кедергі киностудиялардың шығынға ұшырауы еді. Жекеменшік киностудиялар өздерін қаражатпен қамтамасыз ете алмаған соң, мемлекет те аянып қалмады. Соның арқасында тек авторлық фильмдерді ұсынып жүрген киностудиялар, түрлі жанрдағы фильмдерді де түсіруге қол жеткізді. Осыдан кейін мемлекет пен киностудиялар арнайы келісімшарт жасасып, кино өндірісінің дамуына айтарлықтай қолдау көрсетті. 1997 жылдан кейін елде кино саласы тоқырауға ұшырады. Бұл тек қазақ кино саласында емес, жалпы Орта Азия елдерін қамтыған үдеріс болды. Ал бұның себебін анықтау әлеуметтанушылар мен киносыншылардың еншісінде. Ал жаңа бетбұрысқа көшу өнердің бұл саласында айқын көрінді. Тарихи туындылардың қатары көбейді. 2000 жылдан бері қарай жарыққа шыққан тарихи кинолар жиынтығын: "Көшпенділер", "Сардары", "Жау жүрек мың бала" фильмдері құрады. Бұл тек тарихи кинолардың бірен-сараны ғана. Бір қызығы, 2005 жылдан жоғары көтерілгенде жаңа леп, жаңа толқын уақыты келіп жетті. Бұл уақытта продюсерлер мен режиссерлердің жаңа сарыны қазақ кинематографиясының көшіне ілесіп үлгерді. Осы уақыт аралығында белсенділігімен көзге түскен - Ермек Тұрсынов. Ол бүгінге дейін біраз кинолардың сценарийы үшін қалам серіпкен. Оның ішінде, "Жат", "Шал", "Кемпір", "Кенже" және т.б фильмдердің режиссері және сценарисі болды. Кейін бұл көштің соңын Баян Алагөзова, Нұртас Адамбай, Нұрлан Қоянбаевтар жалғады. "Ғашық Жүрек", "Ғашық Жүрек -2", "Осторожно, корова", "Махаббатым жүрегімде", "Траторшының махаббаты", "Баян сұлу", "Сиситай", "Я Пышка" фильмы жарық көрді. Дәл осы типпен Нұртас Адамбайды да атасақ болады. Жастар арасында фильмдері айтарлықтай беделге ие болған продюсер 2014 жылы шыққан "Келинка Сабина" арқылы көпшілік жұртқа танылды. Нұрлан Қоянбаевқа келер болсақ, ол ең алғаш "Бизнес по-казахски" фильмімен бастап, ары қарай осы фильмді жалғастырды. Қазір қазақ фильмінің дамуына өз үлесін қосып жүргендердің қатарынан.  2019 жылы тарихи мәні зор "Томирис" фильмі жарық көрді. Фильм сюжетінде: Тарих, сенім, намыс, елге, жерге деген шекіз құрмет пен риясыз махаббаттың өрнегі кесетеленгендей. Жылына бір мәрте болса да, тарихи фильм түсіру, жас ұрпақ үшін тым пайдалы әрі қызықты болмақ.  Өз тарихын, өткен-кеткен өмірін, тегін, ата-бабаның көзіндей болған жердің қандай зұлматпен келгенін білу - әр қазақ баласының парызы іспетті. Сондықтан тарих пен кино тамырласып, астасып жатуы тиіс. Кітап оқымайтын ұрпақ, көгілдір қораптың төрінен орын бермей, кино көреді. Сол үшін тарихи жанрдағы фильмдерді түсіру қомақты қаржыдан бұрын, саналы ұрпақтың санын көбейтуге септігін тигізеді.  

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота