боллов
Қазақстан Республикасының стратегиялық даму бағдарламалары мен жоспарлары
Тәуелсіз ел – экономикалық, мәдени, әлеуметтік бағыттары айқын ел. Шын мәнінде, ешкімге тәуелді болмау үшін мемлекеттің өзінің даму жоспары болуы тиіс. Республикамыздың дамуына арналған бірнеше бағдарламалар мен жоспарлар бар. Ол бағдарламалар: Қазақстан Республикасының 2050 жылға дейінгі даму стратегиясы, индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарлама, Қазақстан Республикасында тiлдердi дамыту мен қолданудың мемлекеттiк бағдарламасы, денсаулық сақтау саласын дамытудың «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы, тағы басқалар.
1993 жылы «Болашақ» халықаралық стипендиясы тағайындалды. Бұл бағдарлама бойынша осы уақытқа дейін әлемнің маңдайалды университеттерінде мыңдаған жас білім алды. 2016 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан «Серпін» бағдарламасы да ел жастарын қолдаудың бір жолы.
2017 жылдың сәуір айында Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы жарияланды. Осы мақаладан кейін «Рухани жаңғыру» бағдарламасы қолға алынды. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында бірнеше бағдарламалар мен жобалар жүзеге асырылып жатыр. Олар – «100 жаңа кітап», «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобалары, «Туған жер» бағдарламасы.
«Туған жер» бағдарламасы - туған еліміздің тарихын тануға арналған бағдарлама. Елбасы жергілікті биліктің бұл бағдарламаны жинақылықпен және жүйелілікпен қолға алуын тапсырды. Бұдан өзге «Цифрлы Қазақстан», «Үш тілде білім беру», «Мәдени және конфессияаралық келісім» сияқты бағдарламалар бар. Олар ұлтымызды, яғни барша қазақстандықтарды ХХІ ғасырдың талаптарына даярлаудың қамы. Тапсырмалар.
Мәтіннен бірнеше сөйлемді «етістік+-ғанда, -генде, -қанда, -кенде» формасында жазып шығыңыз.
Табиғи алманың жер шарында бізге 36 түрі белгілі, олардың 10— 12-сінің шаруашылықтық маңызы бар. Қазақстанда, негізінен, Сиверс алмасы, Недзвецкий, қырғыз алмасы өседі. Алманың жаздық, күздік, қыстық сұрыптары бар. Алма ағашының өмір сүру ұзақтығы 20—100 жыл, биіктігі 4—10 м болады. 3—12 жылда жеміс береді, әр гектардан шамамен 100—300 ц өнім алынады. Тұқымынан және өсімді (вегетативті) жолмен көбейеді. Тұқымынан көбейту бұлама алуда және селекцияда қолданылады.