БЫНДЫ ОНЛПМ Келесі жылдан Қазақстанда көне руна жазуы күні мемлекеттік деңгейде атап өтіледі. Бұл
жөнінде бүгін Астанада өткен түркі жазбаларымен мәдени күндерінің аясында
мемлекетінің 1 100 жылдығына арналған «Еуразия қыпшақтары, тарих, тіл және жазба
Кимек
ескерткіштері» халықаралық ғылыми конференциясында түркітанушы ғалым Алдан Смайыл
мәліметті: «Көне жазулардың тарихын мектеп оқушылары білмейді. Біз соны осы күнге дейін
тереңдетіп оқыта алмай отырмыз. Сонда не істеуіміз керек?
Осының барлығын ойлай келе, өткен жылы Үкіметке тағы да хат жолдадық. Хаттың негізгі
максаты – руна жазуының күндерін біз арнайы өткізуіміз керек. Ғылыми тұрғыда, салтанатты
тұрғыда дейсіз бе, әйтеуір өткізуіміз қажет», деді ол. Ғалым, осы ретте, славян елдерінің
бізге үлгі көрсетіп келе жатканына талай жылдың болғанын атап өтті. «Славян жазуы күнінің
халықаралық деңгейде өткізіліп келе жатқанына он жылдан асып кетті. Олар жай ғана
өткізбей, славян мәдениетінің ұлылығын дәлелдеуге арнайды. Әлемде тек қана бір тіл ғана
болған сияқты, ол славян жазуы сияқты өткізеді. Соған әлемдегі бүкіл славян танушы
ғалымдарды шақырады, тіпті барлық республикада, Қазақстанның өзінде өткізіп келе
жатырмыз. Целиноград қаласы болып тұрғанда, славян жазбасының күні осы жерде өтті. Ал
руна-сына жазуы туралы ештеңе демейміз. Сол тойлар өтіп жатқанда, іштей қынжылатынбыз.
Одан да бұрын пайда болған кәне жазуымыз бар. Тіпті кейбір ғалымдардың дәлелдеуінше,
грек әліпбиіне, кириллицаға негіз болған руна жазуын неге дәріптемейміз деп іштей
толғанатынбыз», – деп ой бөлісті түркі танушы.
Осыған байланысты ғалымдар таяуда тағы да республика Премьер-министріне сауал
жолдаған. Олар сына жазуының, жалпы түркі жазбаларының тарихын мектепте және жоғары
оқу орындарында терең деп болмасада, жеткілікті деңгейде оқыту қажеттігін алға тартқан. Ол
үшін арнайы ғылыми-әдістемелік бағдарлама әзірлеу керек. «Екіншіден, Қазақстанда жыл
сайын сына жазуы күнін атап өтуіміз керек. Осыған тек қана біз емес, түркі тілдес елдердің
Ынтымақтастығы кеңесі, халықаралық түркі академиясы, түркі тілдес елдердің парламенттік
ассамблеясының күшін біріктіре отырып, түркі әлемінде өткізу туралы ұсыныс жасаған едім.
Біздің ұсынысымызды мақұлдаған жауап алып отырмыз», – деп сөзін түйіндеді түркітанушы
Ереже арқылы себебін түсіндіріңіз
Бас әріппен жазылған күрделі атаулар
ғалым
Абай Құнанбаевтың "Күз" өлеңінен үзінді
Күз
Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан,
Күз болып, дымқыл тұман жерді басқан.
Білмеймін тойғаны ма, тоңғаны ма,
Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан?
Жасыл шөп бәйшешек жоқ бұрынғыдай,
Жастар күлмес, жүгірмес бала шулай.
Қайыршы шал-кемпірдей түсі кетіп,
Жапырағынан айрылған ағаш, қурай.
Біреу малма сапсиды, салып иін,
Салбыраңқы тартыпты жыртық киім.
Енесіне иіртіп шуда жібін,
Жас қатындар жыртылған жамайды үйін.
Қаз, тырна қатарланып қайтса бермен,
Астында ақ шомшы жүр, ол — бір керуен.
Қай ауылды көрсең де, жабырқаңқы,
Күлкі-ойын көрінбейді, сейіл-серуен.
Кемпір-шал құржаң қағып, бала бүрсең,
Көңілсіз қара суық қырда жүрсең.
Кемік сүйек, сорпа-су тимеген соң,
Үйде ит жоқ, тышқан аулап, қайда көрсең.
Күзеу тозған, оты жоқ елдің маңы.
Тұман болар, жел соқса, шаң-тозаңы.
От жақпаған үйінің сұры қашып,
Ыстан қорыққан қазақтың құрсын заңы
Қазіргі кезде көп естимін, елдің бәрі шет елдерге саяхаттағанды ұнатады. Орайы келгенде ел аралап кетеді де. Сондықтан менде осы күні шет елдерге саяхаттау туралы көп ойланамын. Бірақ, әлі маған олай армандау ерте болар. Әзірге туған жер табиғатын тамашалап, елімізбен, жерімізбен танысқаным абзал болар. Ия, оны осы жаздан бастаймын. Атам мен әжем таулы аймақта тұрады. Мен жазда сол табиғатпен танысып, суретке түсіп, рухани жаңғырып қайтпақпын. Ия, ол туралы, алған әсерімді, қандай сезімде болғанымды сосын суреттеп берермін. Жалпы " саяхаттану жанға жайлы іс" қой.
Объяснение: