Ақ киімді, денелі, ақ сақалды, Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды. Үсті-басы ақ қырау, түсі суық, Басқан жері сықырлап, келіп қалды. Дем алысы - үскірік, аяз бен қар, Кәрі құдаң - қыс келіп, әлек салды. Ұшпадай бөркін киген оқшырайтып, Аязбенен қызарып ажарланды. Бұлттай қасы жауып екі көзін, Басын сіліксе, қар жауып, мазаңды алды. Борандай бұрқ-сарқ етіп долданғанда, Алты қанат ақ орда үй шайқалды. Әуес көріп жүгірген жас балалар, Беті-қолы домбығып, үсік шалды. Шидем мен тон қабаттап киген малшы Бет қарауға шыдамай теріс айналды. Қар тепкенге қажымыс қайран жылқы Титығы құруына аз-ақ қалды. Қыспен бірге тұмсығын салды қасқыр, Малшыларым, қор қылма итке малды. Соныға малды жайып, күзетіңдер, Ұйқы өлтірмес, қайрат қыл, бұз қамалды! Ит жегенше Қондыбай, Қанай жесін, Құр жібер мына антұрған кәрі шалды.
Қыс келді,Күн қатты аяз,Жердің бәрін аппақ қар басып кетті,Қыс айлары желтоқсан,қаңтар ,ақпан.Қыста мен ұнайтын мерекем бар ол -Жаңа жыл мейрамы.Адамдар үйлеріне шырша алып келіп,оны безендіреді. Таңертең тұрсаң шыршаның хош иісі мұрыныңды жарып барады.Адамдар дастарқанға барлық тәтті тағамдарын дайындап мәз болады.Бәрі көңілді ,түнгі он екіде адамдар бір-біріне жақсы тілектер айтып жатады. Ал қыстың ең қаһарлы айы ол-ақпан.Ақпан айында кейде аяздың беті қайтып, сынады, кейде аспан түнеріп, жапалақтап қар жауады. Оның бұрқасынды да, шуақты күндері алма кезек. ауысып тұрады Қыстың келгеніне әсіресе балалар қуанады.Олар шаналарын,шаңғыларын алып сүйретіп жүреді,бір біріне қар лақтырып қыс келгеніне қуанып жатады.
Ал қыстың ең қаһарлы айы ол-ақпан.Ақпан айында кейде аяздың беті қайтып, сынады, кейде аспан түнеріп, жапалақтап қар жауады. Оның бұрқасынды да, шуақты күндері алма кезек. ауысып тұрады
Қыстың келгеніне әсіресе балалар қуанады.Олар шаналарын,шаңғыларын алып сүйретіп жүреді,бір біріне қар лақтырып қыс келгеніне қуанып жатады.