БЖБ-1 Орындау уақыты: 15-20 минут
1-тапсырма. Берілген суреттерден әңгімеге сай келетін тақырыпты сәйкестендіріңіз.

Т.Нұрмағамбетов «Анасын сағынған бала»
Бердібек Соқпақбаев «Менің атым Қожа»

Д.Лондон «Мексика ұлы» әңгімесі
Марат Қабанбаев «Бауыр»
Нұрдәулет Ақыш «Нағыз әже қайда?»
2-тапсырма. Әйел бейнесін шығарма мазмұнымен байланыстыра отырып, шығарманың негізгі ойы мен басты идеясын анықтаңыз, сызбаға түсіріңіз.

3-тапсырма. Мәтіннен кейіпкерлердің ең маңызды әрекеттерін анықтаңыз. Жинақталған ақпараттар негізінде кейіпкер образына қатысты қорытынды жасаңыз.
Шығарма аты
Кейіпкер
Кейіпкердің ең маңызды 2 әрекеті
Кейіпкер образына қатысты көзқарасым
«Анасын сағынған бала» әңгімесі
1.
2.
«Нағыз әже қайда?» әңгімесі
1.
2.
4-тапсырма.
А) берілген үзінділерде кейіпкердің қандай көңіл күйі білінеді? (қобалжу мен қуану, баланың сағынышы, ішкі сырын ақтаруы, бар ықыласымен қызмет етуі және жақсы көруі).
Ә) үзінді қай шығармадан алынған? Кестені толтыр.
Әңгімеден үзінді.
Кейіпкер көңіл күйі
Шығарманың аты
1.Мамасы мен папасы жайлы баланың шабыттанып айтқаны сондай, осы қалпында пойызға қазір мініп кетердей алып-ұшқан екпін бар еді. Ол-ол ма, сәлден соң Сержанның көздерінде үлкендігі бұршақтай жас тамшыларының пайда болғанын қайтерсің...
2.Сержан туралған нандарды Есмағамбеттің алдына жақындатып қояды. Шай құйылған кесесін Есмағамбетке алып береді. Оның кесесі босаған сәтте қайтадан әжесіне қарай ұсынады.
3.Үні жасына лайық нәзік болғанымен, Аяның сөйлеу мәнерінде орнықтылық байқалады. "Райхан сенен екі жас кіші. Оны жылатпай қайта оған өзің көмектесе жүр", - деп шешесі екеуміз құлағына құя бергендіктен де болар, Ая сіңлісінің қасында кейде өзін үлкен кісідей ұстауға тырысатын...
4 Сол түні өз әжем түсіме кіріпті. Осыдан отыз жыл бұрынғы қалпы, басында аппақ кимешегі бар екен деймін. Ескі мақаммен ыңылдап ән айтып, ұршық иіріп отыр. Мен болсам әжемнің бүйіріне басымды тығып, еш алаңсыз ірімшік жеп жатыр екенмін.
Бағалау критерийі
Тапсырма
Дескриптор Білім алушы
Шығарманың негізгі ойы мен басты идеясын анықтайды
1
Берілген суреттерден әңгімеге сай келетін тақырыпты сәйкестендіреді.
2
Әйел бейнесін шығарма мазмұнымен байланыстырады;
1
Шығарманың негізгі ойы мен басты идеясын анықтайды;
1
Шығармалардағы негізгі кейіпкерлерді анықтайды;
Жинақталған ақпараттар негізінде кейіпкер образына қатысты өз көзқарасын білдіреді.
2
3
4(а,ә)
1-шығармадағы кейіпкерді анықтайды;
1
2-шығармадағы кейіпкерді анықтайды;
1
Әр шығармадағы кейіпкердің ең маңызды әрекетін анықтайды:
1-әрекет;
2-әрекет;
1
1
берілген үзінділердегі кейіпкердің көңіл күйін анықтайды;
1
үзінді қай шығармадан алынғанын анықтайды.
1
Барлығы
10
БЖБ
Экспо - 2017 көрмесі - елдіктің ерен жеңісі.Көрме біздің елімізге ірі инвестиция тартуға мүмкіндік туғызады. Сондай-ақ ЭКСПО көрмесін өткізу арқылы Қазақстан «жасыл экономиканы» дамытуға тікелей септігін тигізетін жаңа технология мен инновация алады» - деді Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астана қаласында ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін ұйымдастыру және өткізу мәселелері жөніндегі Мемлекеттік комиссияның отырысында сөйлеген сөзінде. Қазақ елі Тәуелсіздігін алғаннан бері қуатты мемлекет ретінде қалыптасып, әлемнің алдыңғы қатарлы еліне айналу жолында талай белестерді бағындырды, тамыры тереңде жатқан төл тарихымыздың жаңа беттері ашылды. Осы қысқа ғана уақыт ішінде экономикалық және әлеуметтік маңызы зор жобаларды қолға алып, әлемдік деңгейдегі іс-шаралардың өтуіне ұйытқысы бола білді.