Отбасы – тек қаны бір адамдар ғана емес,ол "Отан" атты ғимараттың бір кірпіші."Отан – отбасыдан басталады" деп ата-бабамыз бекер айтпаған ғой.Жанұямыз – біздің барымыз бен нәріміз.Оның құрамындағы адамдар бізге ауадай қымбат.
Әр халықтың отбасында өзіндік ерекшеліктері,заңдылықтары болады.Ал біздің қазақ отбасының басты ерекшелігі ата-ана тәрбиесінде деп білемін."Ұяда не көрсең,ұшқанда соны ілесің" деген қағидатты ұстанған қазақ отбасылары өз ұрпағынның тәрбиесіне кішкентай кезінен аса мән берген.Және де қазақ отбасы тамыры терең әрі жан-жаққа тараған ағаш секілді.Қазақ отбасында мүшелер көп әрі олар бір-бірімен қарым-қатынасты ешқашан да үзбек емес.Қарапайым шетел фильмдерін алайық.Ағылшындарда,мысалы,отбасы деген тек ата-әже,ана-әке және балалар.Ата-ана өз балаларына көп көңіл бөлмей,оның тәрбиесіне уақыт бөлмейді.Содан балалар үлкен адамдарға дөрекі сөйлеп,бұзықтық жасайды.Ия,фильмдерден бұны көп байқаймыз.Дана халқымыз:"үйді пеш емес – махаббат жылытады" демекші,қазақ отбасына бір-біріне жұбаныш болу,қолдау,қол ұшын созу,жақсы көру,қамқор болу,уайымдау секілді сезімдер тән.Отбасында бала "шыр" етіп дүние есігін ашқан соң,оның тәрбиесімен бүкіл отбасы айналысады.Ұл болса әкесі оны еңбекке,қайсарлыққа,батылдыққа баулиды,"сегіз қырлы,бір сырлы" боп өсуіне күш салады,қыз келсе анасы оның инабатты да ибалы,ақылды,өнегелі болуын қадағалайды.
Ия,қазіргі таңда заманнан бұрын адамдар өзгергенімен,қазақ отбасы өз құндылықтарынан айрылмаса деймін.Себебі,"отбасының өнегесі - Отан өнегесі" ғой.
Қазақ халқында өнерді жоғары бағалаған.Көптеген керемет аспаптардың көмегімен керемет әуендер шығарған.Мысалға қобызды алатын болсақ оның өзінің аңызы бар.Бұрын қорқыт атамыз қобызды тартып бүкіл айналасындағы жан біткеннің барлығын керемет әуенімен тербеген.Домбыраның көмегімен керемет асқақ күйшілеріміз өзінің айтпақ болғанын домбыраның үнімен жеткізген мысалға Ақсақ құлан .Бұрын ата бабамыз әуеннің көмегімен адамды емдеген.Ұлттық аспаптармен орындалған әуендерді қазақ халқы өте жоғары бағалайды,және қазірге шейін өзінің қастерлігін сақтап отыруда.
Қазақ отбасы.

музыка (перевод-әуен)