БЖБ БЖБ рим цифрімен белгіленген 3 тапсырма
ЖАЗУ анық, түсінікті болсын.
"Атқырылған" көлі туралы аңыз
Белгісіз бір заманда Қорғалжын ауданы, Майшұқыр ауылында Сержан атты бай тұрыпты. Кезінде ауылдағы билік өз қолында болған бай өзі тойса да, көзі тоймайтын дүниеқоңыз, сараң адам болған екен. Бар билік қолында болғандықтан, халықты қанап, қыстап, ойына келгенін істеген. Өзінің қара басын ғана ойлаған. Ауылдағы ең шұрайлы жер де, өзен-көлдер де соның қарамағында болған. Иелігіндегі суды, жерді халық пайдалана алмайтын. Себебі бай: «Менің дүниеме қол сұқсаң, ақысын төле»,—деп пәле салады екен.
Күндердің күнінде ауылдың басына қара бұлт төнеді. Ауылда құрғақшылық болады. Ауыл шаруашылығының егістігі тұтас шықпай, құрғақшылықпен қатар, ашаршылық азабы қатар төнеді. Дәл сол тұста қарапайым халық көмекті байдан сұрап, өзен арнасын егістікке бұруын өтініш етіп келеді. Онда бай егістікке жіберілген судың есесіне халықтан өздерінің қорадағы күн көріс малдарын алатынын айтады. Әрине, амалы жоқ халық ауылбасы Сержанның ұсынысына көнеді. Осылай малдарынан айырылып қалған халық егістігін аман алып қалады. Дегенмен, қарапайым халықтың мұң-зарына құлақ түрмей, өз құлқынын ғана ойлаған байға да зауал келеді. Отар-отар малдары бірінен соң бірі індетке шалдығып, қырыла бастайды. Арамдықпен жиған малдан түгі қалмаған бай кедейлер қатарына амалсыз қосылады. Кезінде менің көлім деп әмірлік жүргізген байды мұқатқысы келгендер көлді «Атқырылған» деп ауыл арасында атап жүреді екен. Кейін де сол атау көлдің аты болып қала береді.
Амандық Әмірхамзин
І.Мәтін бойынша сұрақтарға жауап бер. Сұраққа жауапты толық жаз.
1.Автордың қара бұлт дегені не? [1]
2. Халық малдарынан қалай айырып қалды? [1]
3. Бай неліктен кедейлер қатарына қосылды? [1]
ІІ. Мәтін бойынша қандай ой түюге болады?
Ойыңды 3-4 сөйлеммен тұжырымдап жаз. [3]
ІІІ. Берілген сөздердің орнына қандай есімдікті қолдануға болатынын жазып, жалғаудың түрін анықта. Ол сөздер мәтінде белгіленген. [3]
№
Берілген сөз
Есімдік
Жалғаудың түрі
1
Бай
2
Байды
3
Байға
Мұхтар Шахановтың бұл шығармасында, әке мен баланың қателіктері жайлы айтылған.Әке кейіннен өз қателігін түсініп, дала заңына бағынып, баласын садақпен өлтіреді. Бұл шығармада әкенің қателігі балаға кішкентай кезінен бастап дұрыс тәрбие бермеуі .Әке балаға Махамбетті жек көретінін айтып, дұрыс жасамады ,сол себепті, бала кішкентайынан әкесін дұрыс түсінбей ,есейгенде Махамбетті өлтіреді. Ал әке 《Махамбеттей батырға, Бүкіл халық ғашық болса айыппа》 деп өз қателігін баласына айтады. Мұнда айтқым келгені, адамның нақты ойын білмей тұрып, оны кінәлауға болмайды. Соны түсінген әкесі 《Ақын деген киелі аққу самғаған ,Ал ендеше ,аққуды атқан пендені, қай атаңнан көріп едің оңбаған》деп ,баласының Махамбетті өлтіргені үшін өзінің де өлуін талап етіп, оны бір тауға апарып ,әкесі садақпен атып жібереді.
(111 сөз)
Ғаламтор - ғылым мен техниканың шынайы жетістігі. Ол - сөзсіз. Интернетті қолдана алатын кез келген адам өзіне қалаған ақпарат мен мағлұматты тауып, қажетіне жарата алады. Мазалап жүрген сауалдарының жауабын табады. Әлемдік жаңалықтар мен оқиғалардан хабардар болып отыруға көмектеспек. Бұл жағынан интернет адамның білімі мен қабілетін, тұлғалық қасиеттерін дамытуға ықпал етеді.
Өкінішке орай, жоғарыда айтылған ғаламтордың артықшылықтарына қарамастан, оның зиян жақтары да көп болып шықты. Ғаламторға деген тәуелділік қазір ғаламдық мәселеге айналып бара жатыр. Соның кесірінен адамдар арасындағы күнделікті байланыс бұзылып барады. Адамдар бір-бірімен сөйлесуді, әңгімелесуді, сырын бөлісуді ұмытып бара жатқандай. Жылы шырай танытып, шүлдірлеп сөйлесуден, жанды, табиғи қатынастан қалып барамыз.