Құсбегілік– бүркіт, ителгі, қаршыға, қырғи, тұйғын, тұрымтай, сұңқар, лашын, жағалтай сияқты жыртқыш құстарды қолға үйретіп, аңға, құсқа салатын саятшылық өнердің бір тармағы. Құсбегілік жаһанда кеңінен тараған, оның ішінде бүркітшілік қазақ, қырғыз халықтарының дәстүрлі ежелден келе жатқан үлкен төл өнері ретінде саналады. Қазақ халқының арасында бұл өнердің тамаша шеберлері кең дәріптеледі. Мәселен, «Аспанда жүрсем қанатым талады, жерге қонсам жалайыр Шора алады», «Тінейдегі қасиет — ұялас екен сарқұспен, Шорадағы қасиет — тілдес екен бар құспен»,— деген сөз-дер барҚұсбегілер қыран құсты тор құрып ұстайды немесе қарақанат балапан кезінде ұядан алады. Оның аяғына балақбау мен шыжым тағып, көзіне томаға кигізеді. Құсты әуелде шыжыммен ұшырып, қайыруы жеткен соң семіртіп түлетеді. Бұдан кейін құсты ақжеммен асырап, бос керілген арқанга қонақтатып, ұйқысын алып арытады. Жеңіл ұшып, жеңіл қонатын күйге келгенде аңға салады.
Ілиястың дауысы деп Ілияс Жансүгіровті айтады. Өйткені бұл қасиетті тұлға осы Ақсу жерінде дүниеге келген. Сонымен қатар Ілияс Жансүгіровтің "Ағынды менің Ақсуым" деген өлеңі бар. Бұл өлеңде туған жерін, елінің тау-тасын, өзен-көлін беріле сүйген отаншыл ақын қоршаған ортаның ғажап сұлулығынан өз шабытына нәр алып, ғажап суреттер сомдайды. 1921 жылы жазған бұл өлеңінде ағынды Ақсудың өз келбеті ғана емес, оның суына шомылған сұрша тал, тайпақ ай, шарбы бұлт, мөлдіреген итмұрын суреттері көркем көріністі көз алдыңнан өткізеді. Бауырлаған ағынның, сумаңдаған суының сылдыры, құрақтың суда судыраған саусағы, суға төнген шыбықтың дірілі мен оған қоса шымшықтың шиқ-шиқ ете шырылдауы – бәрі де жанды сурет. Ілияс Жансүгіров Абай негізін салған жыл мезгілдері туралы жаңа өлеңдер жазып, ізін жалғастырушылардың бірі болды. Бұл өлеңінде Жетісу табиғатын, Ақсу өзенін жан-жақты суреттеп, құт мекенін мадақтайды.

Объяснение: