Сақ дәуірінен сақталған ескерткіш. 1997 ж. қазақстанмен шекаралас алтай өңірінің локоть ауданы аумағынан ресей ға сібір бөлімшесінің қызметкері п.шульга тапты. алтайдың алтын есік обасынан табылған алтын ға ұқсас, киімі алтын тоғаларға толы. алтын әшекей бұйымдар саны 1800-ден астам, салмағы 1 кг-ға жуық. мүрде үстіне жабылған киіз жапқыштардан да алтын қиыршықтары табылды. археологиялық зерттеулер бұл ң. 5–4 ғасырларда өмір сүрген сақ тайпасының өкілі екенін дәлелдеді.
Талантты ғалым, публицист, әдебиет зерттеушісі, саяхатшы- шоқан (шын аты мұхаммедханафия) шыңғысұлы уәлиханов xix ғасырдың екінші жартысында қазақстанда туған демократтық, ағартушылық мәдениеттің тұңғыш өкілдерінің бірі. оның қысқа да жарқын өмірі, жан-жақты зерттеушілік қызметі, философия, этнография, тарих, , құқық, , ауыз әдебиеті, әдебиет теориясы, т.б. жайындағы ғылыми зерттеулері, пікірлері қай кезде болмасын өзінің құндылығымен жарқырай берері сөзсіз. қазақ халқының рухани ізденістерінің жарқын көрінісі бола отырып, қоғамдық ойсана, пікір-тұжырымдардың биіктей өркендеуіне ерекше ықпал етті. шоқан 1835 жылдың қараша айында қазіргі қостанай облысының құсмұрын бекетінде атақты аға сұлтан шыңғыс уәлиханов отбасында дүниеге келген. арғы