Бжб Семей ядролық полигонындағы сынақтардың жалпы саны 456 ядролық және термоядролық жарылысты құрады. Олардың 116-сы ашық болды, яғни жер бетінде немесе әуе кеңістігінде жасалды. Семей полигонында әуеде және жер бетінде сынақтан өткізілген ядролық зарядтардың жалпы қуаты 1945 жылы Хиросимаға тасталған атом бомбасының қуатынан 2,5 мың есе көп болды. 1949 жылғы 29 тамызда тұп-тура таңғы сағат жетіде көз ілеспес жылдамдықпен ұлғайып бара жатқан отты доп кенеттен Жер денесіне қадалып, оны шарпып өтіп, аспанға көтерілген. Отты шардан соң, сұрапыл қуат пен көз қарықтырар сәуле бас айналдырып жібергендей бір сәтте жер қабығының ыстық күлі мен иісі көкке көтерілген. Қолқа атар түтіннің ащы иісін қолдан жасалған жел әп-сәтте жан жаққа таратты. Таяу жерлердегі сирек ауылдарда тұратын адамдар дір ете түскен жер мен жарты аспанды алып кеткен от-жалынға таңырқап, үйлерінен қарап тұрған. Жалғыз түп шөп қалмаған, түтігіп қарайып кеткен даланың тұл жамылғысы. Жан-тәсілім алдында жанталасқан тышқандардың, қарсақтардың кесірткелердің өлі денесі табылған. Жаңадан келгендер бұл тозақты Семей ядролық сынақ полигоны ретінде белгілі № 2 оқу полигонында РДС-1 (зымырандық көрсеткіш снаряды) плутоний зарядын жер бетінде сынақтан өткізу жарылысы деп атады. Бұл КСРО-да тұңғыш атом бомбасының жарылуы еді. Полигонда жаңа таталды жұлдыздың тууын Лаврентий Берия, Сергей Курчатов, әскери бастықтар мен атақты ғалымдар, Кеңестік атом бомбасының толып жатқан идеологиялық, идеялық және техникалық аталары тасадан бақылап тұрды.
Каспий теңізі қайраңында кең көлемде басталған бұрғылау жұмыстары теңізге қауіп төндіре ме? Әрине. Әлемнің әр түкпірінде болып жатқан экологиялық апаттардың ащы сабағынан оң қорытынды шығармасақ, Каспийдің келешегіне де қауіп төнеді. Қазір мұнда тек іздестіру шаралары ғана жүргізілуде. Осындай геологиялық жұмыстардың барысында-ақ бірнеше оқыс оқиғалар орын алды. Алдымен итбалықтардың, соңынан құстардың жаппай қырғынға ұшырауы теңіздің қазақстандық бөлігінде дабыл қағылар жағдайдың қазір-ақ қалыптасып келе жатқанын аңғартады. Бізге “қара алтын” игеру жолында табиғатты құрбандыққа шалмау, қоршаған ортаны таза күйінде сақтау жолындағы шараларды қолға алатын кез жетті. Жалпы, адам мен табиғаттың байланысы ықылым замандарда қалыптасқан. Адамзат өзінің өмірлік қажеттілігін қоршаған ортадан алады. Бүгінде қоғам қажеттілігінің 80%-ы табиғи қорлардан алынады. Осы қарқын алдағы уақытта да сақталса, мұның арты табиғи ортаның азуына, яғни деградацияға апарып соқтырады. Бұл – табиғаты күрделі аймақта орналасқан Атырау облысы үшін үлкен қауіп. Күн тәртібінде Каспий теңізінің су алып, су басып кеткен аймақтарындағы ұңғымаларды жою проблемасы тұр. Ұңғымаларды жою жөнінде шұғыл шаралар Каспий теңізінің акваториясы үшін жағымсыз салдарларға әкеп соқтыруы мүмкін. Аймақта үш басты экологиялық проблеманы атап өтуге тболады: 1. Қошқар-Ата қалдық сақтау қоймасының проблемасы, онда 105 млн тонна улы және радиоктивті қалдықтар сақталады. 2. БН-350 реакторлық зауытының істен шығуы, оны радиациялық қауіпсіз жағдайға келтіру. 3. Соңғы жылдары кәрі Каспийден мұнай өндіру мәселесі қатты қолға алынып жатыр. Мол байлық бірнеше шетел алпауыттарын дедектетіп біздің республикамызға алып келгеніне де бірнеше жыл болды. Олар қазір ақ тер, көк тер болып теңізге мұнай соратын қондырғыларды орнатып жатыр. Пиғылы белгілі – оларға мұнай керек. Және көп мұнай керек. Ал ертең мұнай сора бастағанда теңізіміздің табиғаты не болады? Алтынға парапар бекіре балығы мен қара уылдырық өндіре аламыз ба? Басқа да теңіз жәндіктері қырғынға ұшырамай ма?
1-тапсырма.
Мәтіндердің тақырыбын, автор көзқарасын, мақсатты аудиторияға сәйкес қызметін, тілдік ерекшелігін салыстыра отырып, кластер құрыңдар.
2-тапсырма
Көркемдегіш құралдарды (теңеу, метафора, эпитет, кейіптеу т.б.) қолданып, мәтін тақырыптарына байланысты (еліміздегі жалпы экология тақырыбына) 1-2 шумақ өлең немесе шағын әңгіме (50-60 сөз) жазыңдар.
Қазақ сәлемдесуге, амандасуға ерекше мән берген халық қой. Әр аймақтың өзінде сәлемдесу дәстүрі бар десе де болады. Мәселен, Абай елінің өзіндік сәлемдесу салты болған. Ұлы Абай өзіне амандасуға келген адамға, егер ол адам өзіне бір өтініш-тілекпен келсе, ең әуелі сұрағын қойғызбай, дұрыстап сәлемдесіп, амандық-саулық сұрасқаннан кейін қонақ қылып, өтініш-тілегін қайтар кезінде бір-ақ айтқызады екен. «Абай жолы» романын немесе басқа да әңгіме-естеліктерді оқып отырғанда Абайдың сәлемдесуге баруы, әкесімен, басқа да жақын-жуық адамдармен сәлемдесу салтын байқаймыз. Сол уақытта: «Бұл сәлемдесуге жарады ма екен, сөзі маңызды ма екен?» деген дүниелерге ерекше мән берілген. Мәселен, Құнанбай Абайдың жастығына, балалығына қарамастан, оны түрлі тапсырмалармен: «Сәлемдесіп, жағдайын біліп қайт», деп әр жерлерге жіберіп отырған.
Бүгінде осының бәрі қалып бара жатқан жоқ па? Ахат Құдайбердиевтің естелігінде әкесі Шәкәрімнің аталарына, Абайға арнайы барып сәлемдесуі туралы жазылған. Сәлемдесуге бару – жақынын жанына тарту, туысы, қандасы ретінде жанына жақындату деген дүние ғой. Ол жерде жақсы әңгіме шертіледі, ертегі айтылады. Осының барлығы сәлемнен басталған. Уақыттың тығыздығына саямыз ба, біз қазір аман-саулықты қысқа қайырамыз. «Сәлем», дейміз де ары қарай жүре береміз. Кейбір адамдар: «Мынау дұрыстап амандасуға да жарамады ма?», «Менсінбеді ме? «Неге мал-жаның аман ба демейді», деп дұрыс сәлемдеспеген адамға өкпе-ренішін білдіріп жатады. Мал-жанның амандығы – елдің, ауылдың амандығы деген сөз. Қазақтың өмірі малмен тығыз байланысты ғой. Ішерге тамағы, киерге киімі дегендей. «Мал-жаның аман ба?» деген сөз бұл сіздің тағдырыңызға, айналаңызға немқұрайлы қарамайтындығыңызды көрсетеді. Мысалы, жат болып кетпесін деп балаларын сәлемдесуге жіберіп жатады. Қорыта айтқанда, қазақтың сәлемі, қазақтың қонақты қабылдауы – осының барлығы үлкен өнегесі, тәрбиесі бар дүние. Сондықтан мұны жалғастыруымыз керек, ерекше мән беруіміз қажет деп есептеймін.