через 15 минут сдавать 2. Мәтінге ат қойып, етістіктерді тауып, түрін ажыратыңдар./ Озоглавить текст, найти из текста глаголы и определить виды глагола (осы шақ, өткен шақ, келер шақ)
Қонақжайлылық - адамның келген қонаққа деген ілтипат пен әзетпен қарауы. Әр ұлтта өз мәдениетіне сай әр түрлі әдет ғұрыппен сипатталады. Қазақтардың қанына ана сүтімен даритын қазақ ұлтына ғана тән асыл қасиет. Сондықтан да қонақты сыйлау, құрметтеу, қонаққа деген ілтипат көрсету бала кезден қалыптасады. Шақырылған қонақты әйел адамның жылы жүзбен бетіне күле қарсы алуы, хал ақуалын сұрап төрге отыргызып, дайындаған ас тағамдарын беріп, ренжітпей қайтаруы қонақты сыйлау мен оған көрсетілетін құрмет болып саналады. Егер шақырылған қонақтардың ішінде келе алмағаны болса, әйелі сарқыт салып беріп, оған өз тарапынан сәлем айтады. Жоғарыда аталған құрмет тек қана шақырылған қонаққа көрсетілетін сый-сыяпат емес, ол кез келген уақытта келген қонаққа корсетіледі.
Есмағамбеттін, бұл сапары ауылына төрт жылдан кейінгі оралуы еді. Содан болар, таңертеңгі поездан түскен бойдағы қарсы алушы туыстары, достарымен болған ұшырасудың ѳзі кәдімгідей у-дулы болды. Біреулері құшақтап, біреулері сүйіп, тағы біреулері осы бір алас-қапаста-ақ мұның, шаруасын айтып қалып жатты. Күтіп тұрған жеңіл машиналарға мінулері, сосын аудан орталығында тұратын немере атасы Балмағамбеттің үйінің ауласына келіп, түсіп жатуларының ѳзі абыр-дабырға, күлкіге толы қуаныш болып жатты. Бұл арада да құшақтасулар… Сүйісулер… Және поезда қарсы алғандары бар, аулада қарсы алғандары бар жапырласып, әлі де ауыз жиып болмаған абыр-дабыр әңгімелерімен, асып тѳгілген мол күлкілерімен түгел үйге кіріп, жаюлы дастарханға жағалай қонақтасып жатты. Алдымен шай ішіліп, сосын ет желінді. Бұл аралықта ағайын-туыс, дос-жарандардың біразы ѳз шаруаларымен конақтан рұқсат алып кетіп, оның, есесіне тағы бір топ жаңадан келіп, әйтеуір арқа-жарқа кѳңіл мен қуаныштан ортайған жоқ. Кайта ас кезін әдейі меңзеп келгендей жаңадан келушілер тым кѳбейіп кеткендіктен де ет табаққа алты-жеті кісіден қонақтасып, сығылысыңқырап отырысқан жайлары бар.
Ауыл-үйдің, ағайын арасының ѳсегі, жаңалықтары кѳп айтылғандықтан да астан кейінгі шай ұзак ішіліп, дастархан жиналған кезде, қошеметші ағайын—достар түгел орындарынан тұрып, қайтуға беттегенде, танертеңнен бері тақымы жазылмастан отырған Есмағамбет те бұл тұста сыртқы ѳзгелермен ілесе шыққан. Ұзаққа созылған абыр-дабырдан кейін жалғыз қалып, әртүрлі жеміс ағаштары мен кѳкѳністер ѳскен аулада әрлі-берлі жүру де ол үшін айтарлықтай бір демалыс еді. Күн талтүс болып қалған екен.

Объяснение: