ЖАНУАРЛАРДЫҢ КӨНЕ АТАУЛАРЫ– жануарлардың сирек қолданылатын не ұмытылған атаулары. Қазақ халқының көшпелі өмір салты сан ғасырлар бойы табиғатпен етене танысуына мүмкіндік берді. Осының нәтижесінде жабайы жануарлардың тіршілік тынысын, олардың бір-бірінен айырмашылығын, мекен орнын, пайдасы мен зиянын ажырата білді. «Түз тағысы табиғатпен тілдес» екендігін айқын аңғарып, олардың аталық, аналық және ұрпақтарын жеке атаумен атап, әрқайсысына ерекше мән берген. Кейбір жануарларды киелі, қасиетті деп санаған немесе кесірі тиеді, не киесі ұрады деп есептеген. Мыс., жыланды – қыбыр, ұзынқұрт, түймебас, т.б. деп, ал қасқырды – итқұс, бөрі, ұлыма, т.б. деп атаған. Ежелден қазақ аңшылары мен саяткерлері арасында аңдар төлдеген кезде, құстар жұмыртқалап жатқанда, балықтар уылдырық шашқанда оларды ауламайтын салт-дәстүр қалыптасқан. Мұның өзі түз тағыларына деген үлкен қамқорлықты көрсетеді. Жабайы жануарларды кең байтақ еліміздің әрбір облыстарында жергілікті атаумен атай беру де кездеседі. Мыс., аққуды – ақ шандоз, жираф – керік, мысықтың баласы – шаған, т.б. Бұдан 5 ғ. бұрын жазылған Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының «Шипагерлік баян» атты шығармасында кездесетін жануар атаулары да қазіргіден өзгеше. Мыс., тышқан – сумақы, сиыр – маңғаз, барыс – айбар, жылқы – тұлпар, т.б. Қазіргі кезде жануарлардың көне атаулары мүлде ұмытыла бастаған (мыс., жұпар жылан, таутайлақ, маңқұс, құртқа, мәлике, т.б.). Мұндай ұмытылған атауларды пайдалану – тіл байлығымызды молайта түспек.
Антик дүниесінің өнері деп аталатын ежелгі Грекия мен Рим мәдениетінің әлемдік өркениетте алатын орны ерекше. «Антик — (көне, ежелгі)» деген ұғым. Қайта өрлеу дәуірінде дүниеге келген, бұл терминді итальян ойшыл-гуманистері грек-рим мәдениетіне байланысты қолданған. Бүл атаудың түп-төркіні «ежелгі», «көне», «қадым заман» мағынасын беретін «антиквус» деген латын сөзінен шыққан. Көне мемлекеттердің мол, мәдени мұрасы Еуропаның барлық халықтары өнерінің, көркем әдебиетінің, философиясының, театрының және т.б. дамуына, саяси және құқықтық көзқарастарының қалыптасуына елеулі ықпал жасады. Өмір шындығын нақты бейнелеп, көркемділік пен қарапайымдылық, шыншылдық пен шеберлік қасиеттерімен белгілі болған грек және рим сәулетшілерінің, мүсіншілерінің және кескіндемешілерінің даңқты мәдени туындылары — көне заман тарихы туралы ұғымымызды қеңейтіп қана қоймай, мәдениеттің асқақ үлгісі ретінде күні бүгінге дейін өз мәнін жоймай отыр.

Объяснение: