- Тату болса, ағайын жақын, Ақылшы болса, апайың жақын. Бауырмал болса, інің жақын, Инабатты болса, келінің жақын. Алдыңа тартқан адал асын, Қимас жақын - қарындасың. Сыбайлас болса, нағашың жақын, Адал болса, досың жақын. Еркелейтін немерең жақын, Өз ұрпағың - шөберең жақын. Жан серігің жас кезіңнен, Бәрінен де әйелің жақын... Алтын ұяң - отаның қымбат, Құт берекең - атаң қымбат, Мейірімді анаң қымбат, Асқар тауың - әкең қымбат, Туып өскен елің қымбат, Кіндік кескен жерің қымбат, Ұят пен ар қымбат, Өзің сүйген жар қымбат... Арадан шыққан жау қиын, Таусылмайтын дау қиын, Шанышқылаған сөз қиын, Дәл осындай жағдайда Пана болмас өз үйің. Жазылмаса дерт қиын, Іске аспаған серт қиын, Ақылыңнан адасып, Өзің түскен өрт қиын, Тентек болса ер қиын, Не істеріңді біле алмай, Ашиды сонда бас, миың.
Бүгін мен серуендеп жүріп, бір құсты көрдім. Сыртынан қарап тұрдым, өзі бір қызық құс болатын, сол құсты көп уақыт аңдып әйтеуір достарыммен ұстап алдық. бірақ жаман ой болмады. Мектептегі қалған оқушыларға биология сабағында көрсетеміз деп шештік. Ол құсты он екі күн бойы баптап ұстадық. Әйтеуір сабаққа алып келіп, енді апайға көрсетейін деп жатқан уақытта сол сарғыш құс қолымнан сырғып шығып ашық тұрған терезеден сыртқа ұшып кетті. Сол кезде менің бүр түсінгенім еш бір тірі жанды олай ұстауға болмайтындығын түсіндім, өз еркінен басқа.