D) тқанмын.
9. Сөздердің орын тәртібі арқылы байланысын табыңыз.
А) Оқушылардың кітабы. В) Ақырына дейін күту.
D) Ғылымды игеру.
E) Қиялға шомылу.
C) Алтын сәуле.
10. Интонация арқылы байланысқан сөздерді белгілеңіз.
А) Дүние үшін талас.
В) Сәбит – жазушы. C) Алым-салық жинады.
D) Төрт-бес ат.
E) Аман-есен жету.
Елбасымыздың Жарлығымен 1 наурыз Қазақстанда алғыс айту күні болып жарияланған. Бұл күннің таңдалған себебі, 1995 жылдың 1 наурызында Қазақстан халықтар ассамблеясы құрылған болатын.
Бұл күн Президенттің ұсынысымен халықтардың бір - біріне, сонымен қатар қазақстандықтарға кезінде жер аударылған халықтардың бәрін мейірбандық пен қонақжайлылық танытқаны үшін рахмет айтып, алғыс білдіреді.
Бұл мерекенің маңызы өте зор. Халықтарды ауыз біршілікке үндеп, ынтымақтастықта өмір сүруге шақырады.
Тәуелсіз мемлекетімізде бір шаңырақтың астында тату - тәтті өмір жүріп жатқан халықтардың достығы мен сыйластығы арта берсін!
Астана - біздің мақтанышымыз.
Астана – тәуелсіз еліміздің бас қаласы, отанымыздың жүрегі, мәдениеттің ошағы, ғылым мен білімнің ордасы. Арқаның төрінде сылдырап аққан Есілдің жағалауында орналасқан айбынды Астанамыз жас та болса, болашағынан зор үміт күттіретін қала.
Елорданы Алматыдан Ақмолаға ауыстыру туралы шешімді Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі 1994 жылы 6 шілдеде қабылдады. Астананы ресми көшіру 1997 жылғы 10 желтоқсанда жүзеге асты. Президенттің 1998 жылғы 6 мамырдағы Жарлығымен Ақмоланың атауы Астана болып өзгертілді. Жаңа астананың халықаралық тұсаукесері 1998 жылғы 10 маусымда өтті. 1999 жылы Астана ЮНЕСКО шешімімен «әлем қаласы» атағын алды. Қазақстанның бас қаласы 2000 жылдан бастап Астаналар мен ірі қалалардың халықаралық ассамблеясының мүшесі. Астана – Азияның ең солтүстігінде орналасқан елорда.
Астана күн өткен сайын қарыштап дамып келеді. Бүгінде бүкіл әлем тамсанып, болашақтың қақпасы деп көз тігіп отыр. Шетелдіктер қызыға қарап, еліміздің беталысын жіті бақылап отыр. Халықаралық "ЭКСПО-2017" көрмесінің де Астанада өтуі тегіннен-тегін емес. Ол Елорданың әлемдік деңгейдегі шараны лайықты өткізе алатын орталық ретінде қалыптасқанын, мемлекетіміздің табыстары жоғары бағаланғанын және даму келешегінің кемелдігін айғақтайды.
Мен өз болашағымды елімнің бас қаласы Астанамен байланыстырамын. Осы жерде орналасқан іргелі оқу орындарының бірі Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде білім алғым келеді.