Ә. Дүйсенбиев «Күшті болсам мен егер» Асқар күшін көрсету үшін түрлі әрекеттер жасағысы келеді.
Асқар елге қамқорлық жасағысы келеді, тек жақсылық тілейді.
Асқар елге танымал болуы үшін мықты болғысы келеді.
Асқар Ақанның айтқанымен келіседі, оны қолдайды.
Адамдағы сана-сезім мен қарым-қабілеттер әр алуан. Жаратушы Аллаһ тағала адам бойына осыншалық қабілеттерді белгілі бір өлшеммен тиянақтап орналастырған. Негізгі мәселе, жаратылыстан бар осы қабілеттерді дұрыс ұштап, тәрбиелей білуде. Мәселен, әр адамның бойында өзін-өзі басқару қабілеті бар, осы қабілетін шыңдай білген адам барша тіршілік иелерінен басып озып, тіпті періштелерді де артта қалдырады. Сондай-ақ адамда «раббани латифа» немесе Ғазалиша айтқанда «маад ақыл» деген бар. Оны тура қолданған адам материалдық әлемнің тысындағы ғайып әлеміндегі тылсым дүниелерді көріп, ғайыптан сыр аулайтын қасиетке қол жеткізеді. Бұған қоса, адамға «мааш ақыл» деп аталатын осы дүниені терең сезінуге, түйсінуге мүмкіндік беретін ақыл да берілген.
Адам бойында сондай-ақ тәнқұмарлық, ашу, қырсықтық, ерегісу, қызғаныш сынды қисық мінездер де бар. Мәселе осы мінездерді өз ықтиярыңа бағындырып, дұрыс тәрбиелей білуде. Кез келген адам ар-ұжданды құрайтын – ақыл-қайрат, сезім, «раббани латифа» сияқты қасиеттерін жетілдіре білсе кәміл адам болуға талпынып, әлемнің түпкі мазмұнын түсінеді. Таным көкжиегін барынша тереңдете алған адам ғана нәпсісіне, мансапқұмарлыққа, атаққұмарлыққа жеңілмей, үлкен күнәлардан аулақ тұрады. Сондай-ақ ол қызғанышқа барып, амалдарының сауабын зая етпейді және қырсықтықтан арылып, уақытын текке кетіруден сақтанады.