Данияр Маратұлы Елеусінов (13 наурыз 1991 жылы, Березино ауылы, Казталов ауданы, Батыс Қазақстан облысы) — әйгілі Қазақстандық әуесқой-боксшы, 2016 жылғы Бразилиядағы Олимпиада ойындарының чемпионы, Азиада-2010 жеңімпазы, 2013 жылғы Алматы қаласында өткен Әуесқой бокстан 69 кг салмақта әлем чемпионы, халықаралық спорт шебері. Бірнеше дүркін Қазақстан чемпионы, 2006 жылы кадеттер арасында әлем чемпионы, 2008 жылы Мексикада өткен жастар арасында әлем чемпионатының финалисті, 2010 жылы Азия ойындары чемпионы, ҚР Кубогы-2012 чемпионы. Астана қаласында тұрып, сол жерде әкесі Елеусинов Марат қол астында жаттығады. 2012 жылғы Лондондағы Жазғы Олимпиада ойындарының қатысушысы.
Боксшы болу үшін көп еңбектеніп, тер төгіп жаттығу керек. Жеңіс оңайлықпен келмейді. Қаншама қарсыласын ұтуы тиіс. Боксшы үшін тек күш емес, айла мен тәсіл, тәжірибе де аса қажет.
Боксшының балалық шағы Батыс Қазақстанда өтеді. Қазір Данияр үйленген. Отбасы, балалары бар. 2015 жылы Елеусінов Отбасы Астанада қалалық конкурсында «Mereylі отбасы-2015» атағын жеңіп алды.
Орал қаласында оқушыларға арналған Данияр Елеусінов атына бокс орталығы ашылмақ.
Жеңіс (антоним) - [1]
Әйгілі (синоним) -[1]
Толығырақ: https://massaget.kz/layfstayl/madeniet/persona/199/
Материалды көшіріп басқанда Massaget.kz сайтына гиперсілтеме міндетті түрде қойылуы тиіс. Авторлық құқықты сақтаңыз