Данияр Маратұлы Елеусінов (13 наурыз 1991 жылы, Березино ауылы, Казталов ауданы, Батыс Қазақстан облысы) — Қазақстандық әуесқой-боксшы, 2016 жылғы Бразилиядағы Олимпиада ойындарының чемпионы, Азиада-2010 жеңімпазы, 2013 жылғы Алматы қаласында өткен Әуесқой бокстан 69 кг салмақта әлем чемпионы, халықаралық спорт шебері. Бірнеше дүркін Қазақстан чемпионы, 2006 жылы кадеттер арасында әлем чемпионы, 2008 жылы Мексикада өткен жастар арасында әлем чемпионатының финалисті, 2009 жылы Қазақстанның Жастар ойындары жеңімпазы. 2010 жылы Қазақстан және Гуанчжоуда өткен Азия ойындары чемпионы, ҚР Кубогы-2012 чемпионы. Астана қаласында тұрып, сол жерде әкесі Елеусинов Марат қол астында жаттығады. 2012 жылғы Лондондағы Жазғы Олимпиада ойындарының қатысушысы.
2015 жылы Елеусінов Отбасы Астанада қалалық конкурсында «Mereylі отбасы-2015» атағын жеңіп алды.
Орал қаласында оқушыларға арналған Данияр Елеусінов атына бокс орталығы ашылмақ.
2-3. Мәтіннен берілген сөздердің антоним, синонимдерін табыңыз.
Әуесқой (антоним) - [1]
Қол астында (синоним) - __[1]
Мен үшін біздің елордамыз - әлемдегі әсем де көркемдікке толы жас қала. Тарихи деректерге сүйенсек 1998 жылы ЮНЕСКО шешімі Астана қаласын «Бейбітшілік қаласы» деген атауға сай деп танып, медальмен марапаттады. Бразилияда өткен дүниежүзілік байқауда әлем бойынша 12 жас қаланың ішінен Астана жоғары атақты иеленді. Әлемдегі екі астана атауы «Астана» деген мағына береді: Сеул және Астана қалалары.
Астананың көрікті жерлерімен барлық халқымыз таныс деуге де болады, ол бәрімізге танымал - "Астана-Бәйтерек" манументі, Бейбітшілік және келісім сарайы, Сулы-жасыл жолжелек, Ақ Орда, ҚР бірінші Президентінің мұражайы, «Думан» ойын-сауық кешені, "Хан шатыр", "Мега", "Сарыарқа" және т.б. сауда-ойын-сауық орталықтары.
Бұл аз да болса ел жетістігі, алда Астананы әлі де үлкен белестер күтуде. Солардың бірі - EXPO 2017