Қазақтар шаңырақты бұрыннан сыйлап келген.Ұл баласы ер жетсе бір шаңырақ иесі деп санаған.Ата-анасының шаңырағым да ең кіші ұлы қалады.Ол ата-анасының қартайған шағында қамқоршы болатын ұлы болады.Сондықтан қазақ халқы ең кенже ұлын шаңырақ иесі деп есептеген. Шаңырақта қалған ұлдың міндеті əке-шешесі қайтқанша қасында болып қамқорлық көрсету.Сол шаңырақты мықтап ұстау ,тоздырмау, қонақжайлы болу.Ұрпақтан ұрпаққа мұра етіп қалдырған үйді киелі тұтып оған құрметпен қарау.Əке-шешесі қайтқаннан кейін де ұлдары мен қыздары қара шаңыраққа деген қамқорлық тарын үзбейді.Ағайын арасындағы татулық қара шаңыраққа деген құрметтерінен білінеді.Туған туыс жиналады да осы қара шаңыраққа жиналады.
Жамбыл тауы Шу-Іле тауларының солтүстік-батыс бөлігінде орналасқан. Көп жағдайда Жамбыл тауының тарихы жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың есімімен байланысты айтылады. Ақынның өзінің «Шу өзенінің бойымен жүре берсеңіз, Хан және Жамбыл деген екі тауға кез боласыз. Менің әкем Жабай бір кезде осы тауларда көшіп-қонып жүрген. Жамбыл тауының етегінде, қақаған қатты боранды күні мен туыппын! Маған сол көне Жамбыл тауының есімі ат болып тағылыпты. Бұл 1846 жылы ақпан айы екен. Менің әкем Жабай шоқпыт шапанды көшпелі кедей адам болған» деген естелігі бар.