В
Все
М
Математика
О
ОБЖ
У
Українська мова
Х
Химия
Д
Другие предметы
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
М
Музыка
Э
Экономика
Ф
Физика
Б
Биология
О
Окружающий мир
У
Українська література
Р
Русский язык
Ф
Французский язык
П
Психология
О
Обществознание
А
Алгебра
М
МХК
Г
География
И
Информатика
П
Право
А
Английский язык
Г
Геометрия
Қ
Қазақ тiлi
Л
Литература
И
История
Goldenenen
Goldenenen
16.06.2020 17:18 •  Қазақ тiлi

ІІІ деңгей Тест сұрақтары.
Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу пәні бойынша тест сұрақтары

1. Іс жүргізу дегеніміз:

A) басқаруды құжаттармен қамтамасыз ету;
В)лауазымды тұлғалардың құжаттармен жұмыс істеуді ерекше саласы;
c) бухгалтерия жұмысын жақсартудың маңызды бағыты;
d) іс жүргізу жұмысын ұйымдастыруды жетілдіру және іс қағаздарын жүргізу болып табылады;
e) құрылымдық бөлімшелердің жұмысын жетілдіру;

2. Басшыларға кімдер жатады?
А)әкімшкоік
b) инспектор, методист;
c) редактор;
d) экспедитор;
e) дұрыс жауабы жоқ;

3.Ұйымдастыру-өкімдік құжаттарға жататындар:
a) хаттама, шешім, өтініш
b) қаулы, жарлық, бұйрық
c) еңбек шарттары, коммерциялық хат;
d) баяндама хат, анықтама, актілер;
e) телофонограмма, телеграмма, факстер

4.Құжаттарды стандартқа сай толтыру бұл:
a) құжатта тек қана ел таңбаның болуы;
b) деректемелердің толтырылуы, түгел болуы;
c) мәтінді құрастыру;
d) қолтаңбалардың түгел болуы;
Е) құжат жасауда бланкілерге сай керекті деректемелердің дұрыс жазылуы

5. Құжаттарды орындау мерзімі бойынша:
a) жедел және жедел емес
b) құпиялы, құпиясы жоқ;
c) өкімдік, ақпарат-анықтама;
d) түпнұсқалық, телқұжат;
e) қаржылық-есептік құжаттар;

6. Бұрыштаманың қойылатын орны:
a) бірінші парақтың төменгі оң жағында;
b) соңғы беттің жоғарғы оң жағында;
c) бірінші беттің жоғарғы сол жағында;
d)бірінші беттің бос орнында
e) құжаттың төменгі жағында;

7. Кіріс құжатына тіркеу нөмірі:
а)тіркеуге алынған күні бір рет ғана қойылады
b) тіркеуге алынбай қойылады;
c) екі номер қатар қойылады;
d) құжат келіп түскен күннің ертесіне қойыладды;
e) тіркеу нөмірі қойылмайды;

Показать ответ
Ответ:
SvinkaPeppa777
SvinkaPeppa777
07.04.2023 05:00

Үйірме жетекшісі мен оқушылар арасында диалог құрастыру.

Үйірме жетекшісі: Айымгүл, келер аптада жоспарлап қойған шаруаларың жоқ па?

Айымгүл: Әзірге, ешқандай жоспарым жоқ, апай. Бір нәрсе істеу керек пе?

Үйірме жетекшісі: Ия, солай десем де болады. Келесі аптада біздің сарайымызда ашық есік күндері өтеді. Соған әрбір үйірме өзінің оқушыларының қатысуымен түрлі іс – шаралар жүргізуі керек. Соған өзіміз кішігірім концерт ұйымдастырсақ деп ойлап отырмын.

Айымгүл: Жақсы, апай. Әрине қатысамын.

Үйірме жетекшісі: Бәрекелді, онда орындайтын күй таңдап қояйық.

Айымгүл: Маған Құрманғазы атамыздың «Балбырауын» күйі ерекше ұнайды. Концертімізді сонымен ашсақ қалай болады?

Самал: Ия, апай. Содан кейін барлығымыз жақында ғана үйренген «Шалқыма» күйін орындасақ, қалай қарайсыз?

Үйірме жетекшісі: Бәрекелді, жандарым! Міне, өздерің де концерт бағдарламасын құра алатын болыпсыңдар! Жарайсыңдар! Еңбегімнің зая кетпей жатқанына қуаныштымын!

Самал: Апай, біз бұл үйірмеде сізден көп нәрсе үйреніп жатырмыз ғой. Соны енді халыққа көрсетсек, бұл біз үшін де үлкен мақтаныш қой.

Айымгүл: Концертте өнер көрсеткеніміз сіздің арқаңызда жеткен жетістік деп білеміз!

Үйірме жетекшісі: Рахмет сендерге, жандарым! Ендеше күйлерді бір қайталап шығайық...

0,0(0 оценок)
Ответ:
alekslisalove
alekslisalove
13.01.2021 16:45

Абайдың өнерпаз шәкірттері.

Мұхтар Әуезов «Абай шәкірттері туралы» атты мақаласында:

«Абайдың өзі тірісінде, оның айналасына жинаған талапкер, өнерлі жастардың саны көп болған. Бұлардың ішінде әншілер, композиторлар, халық фольклорын жинаушылар, әнші ақындар емес, орыс мәдениетін білуге талпынған жай көзі ашық жастар аз емес еді. Бұлар әр буыннан шыққан болатын. Іштерінде жас шағынан Абайға тетелес: Көкбай, Мұқа сияқтылардан бастап, Абайдың балалары: Ақылбай, Мағауия және інісі Кәкітай сияқты көп адамдар болды.Ақылбай, Мағауия, Көкбай сияқты ақындар туралы айта келіп, М.Әуезов: «Бұлардың еңбектерін шолуда, алдын-ала есте тұтатын бір жайды ескерте кету керек. Ол – осы шәкірт ақындардың еңбек үлгілерінен айқындап көріне түсетін, Абайдың өзіндік ерекшелігі болады.Өзге ақындар «шәкірт» деп аталған соң, Абай әрине олардың басшысы – ұстаз ақын болмаққа керек" деп атап өткен екен.

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота