. Деңгейлік тапсырманы орындаңдар. 1-деңгей. Мәтіндегі сын есімдерді тауып, тұлғасына қарай талдаңдар.
2-деңгей. Мәтіндегі нақты ақпараттарды анықтап, хронологиялық кесте жасаңдар.
3-деңгей. Бағдаршамның пайдасын «Кластер» әдісімен түсіндіріңдер.
Ең алғашқы бағдаршамды ХІХ ғасырда британдық Джей Найт есімді аза-
мат ойлап тапты. Бұл құрылғы 1868 жылы Лондон парламенті орналасқан
көшеге қойылды. 1869 жылы бағдаршамның шамы жарылып, жақын тұрған полиция сақшысын зақымдаған көрінеді.Содан бағдаршам ұзақ жылдар бойы ұмыт қалған.1914 жылы тамыз айының 5-і күні Американың Кливленд қаласында заманауи бағдаршамның алғашқы нұсқасы шықты.Бастапқыда құрылғы тек екі түсті шамнан тұрды.Ол бір түстен екіншіге ауысқанда дыбыс шығаратын болған.Халықаралық бағдаршам күні осы оқиға байланысты тойланады.Ал біз күнде көріп жүрген үш түсті бағдаршам Ню-Юрк қаласында 1920 жылы пайда болды.Жылдар өте бұл құрылғы тиімділігін көрсетіп, әлемнің өзге де елдерінде кенінен қолданыла бастады.Көмектескендерге подписатся етемін
Менің сүйікті кейіпкерім.
Сірә,қазақ балалар фильмдерінің ішінде Бердібек Соқпақбаевтың сценариймен түсірілген “Менің атым – Қожа” фильмінің алар орны бөлек.Менің сүйікті кейіпкерім – Қожа.Ол – “Менің атым – Қожа” фильмінің басты кейіпкері.Жалпы алғанда,Қожа – ақылды,сонымен қатар өзінше бұзық,әкесіз өскен бала.Әлбетте,фильм барысында ол көп нәрсеге ұшырады.Ғашық та болады,төбелеседі де,бұзықтық та жасайды,тіпті мектептен қуылуға да шақ қалады.Меніңше,ол өз тәртіпсіздіктеріне кейде саналы түрде,кейде білместікпен барады. Қорыта келгенде,Қожа – осы күнге дейін менің ғана емес,жұртшылықтың да сүйікті кейіпкері саналады.
Объяснение:
Тыныс белгілерінің айтысы.
Бір күні нүкте, леп белгісі, сұрақ белгісі, үтір,
сызықша, қос нүкте кездесіп қалыпты. әрқашан өзін
тыныс белгілерінің ішінде біріншімін деп санайтын
нүкте:
Мен белгілі бір ойдың аяқталуына байланысты
қойыламын, дұрыс қойылмайтын болсам, сөйлем
түсініксіз болып шығады, не екінші бңр мағына
туындайды. Мен дүниедегі бар сөйлемдерден кейін
қойыламын, менен асқан кім бар? – деді.
Керемет, керемет, - деді сұрақ белгісі, - не,
жауап күту мақсатымен айтылған сұрау мәнді
сөйлемге де сен қойыласың ба?
Жоқ, мен сендерден де қажеттімін. Адамның
әр түрлі көңіл-күйін: қуанышты, сүйінішті, өкінішті,
ренішті, бұйрықты, зекіруді т.б. білдіретін, ерекше
көтеріңкі дауыспен айтылған сөйлемдерге сендер
келесіңдер ме? Жоқ, ең кереметі менмін! - деді леп
белгісі.
Тоқтат, тоқтай тұрыңдар! - деді кенеттен үтір.
– Біз де босқа жүргеніміз жоқ. Сендер ойдың
аяқталуына байланысты болсын, белгілі мақсатпен
болсын, адамның әр түрлі көңіл-күйіне байланысты
қойылсаңдар да мейлі. Енді бізге сөз кезегін беріңдер.
Үтір, сызықша, қос нүкте сөз кезегін алды:
Біз де тыныс белгілерінің ішінде жиі
қолданамыз. Сөйлемнің құрылысына, мағынасына,
интонацияға байланысты қойыламыз.
Бос әңгіменің не керегі бар, -деді қос нүкте, -
ерік беріп қойса мақтанады-ақ екенбіз. Әркім өз
орнын біліп, қызметін атқара берсін, сонда ол
мақтауға тұрады.