. Деңгейлік тапсырманы орындаңдар.
әдісімен түсіндіріңдер.
тастырып, бірнеше тілге аударыңдар.
вариум туралы мәлімет жинақтап, ой бөлісіңдер.
1-деңгей. «Артық болмас білгенің» айдарымен берілген мәтін
түсіндірме (комментарий) жасау арқылы оқып, «Тамаша идеялар
2-деңгей. Мәтін мазмұнындағы деректерді «Кластер» әдісімен тол
3-деңгей. «Ақпаратты сүзіп алу» әдісімен энциклопедиялардан ак
Ана - тіршіліктің гүлі, отбасының берекесі, бүкіл адамзаттың тәрбиешісі. «Ат биеден, алып анадан туады» дейді халқымыз. Дүниеде анасыз адам жоқ. Қаламы жүйрік жазушы да, данышпан ғалым да, ел бастаған көсем де, сөз бастаған шешен де ана көкірегінен нәр алып өскен. Ана - барлық өмірдің бастауы. Ол өз сәбиін мәпелеп өсіреді, жақсы болуын қалайды. Адам бойындағы барлық асыл қасиеттер күннің нұрынан, ананың ақ сүтінен дариды. Ана - ұлы адам, қасиетті жан. Тіпті айта берсең сөз жетпейді. Ана бір қолымен бесікті тербетсе, бір қолымен әлемді тербетеді деген. Расымен, анасыз өмірді, әлемді елестету мүмкін емес. Әрбір жұмыр басты пенде бұл өмірге келгені үшін анасына қарыздар. Құдайдан кейінгі құдірет иесі - Ана. Сондықтан мына жарық дүниеге әкелген ана алдында бәріміз басымызды иеміз.
Алтын күз.
Әне – міне деп, асыр салып ойнап жүргенімізде күздің де келіп жеткенін байқамай қалыппыз. Табиғаттың әрбір маусымы өз ерекшелігімен әдемі. Менің ойымша, күз басқа маусымдарға ұқсамайтын келбетімен ерекше. Күз мезгілін «алтын күз» деп айтатын себебіміз жапырақтардың барлығы сарғайып, алтын түстес болып, айналаның бәрі де сары түске боялғандай болады. Осы қызыл, сары, қоңыр жапырақтар - «алтын күздің» айрықша белгілері.
Сары жапырақ қоңыр салқын ауа-райы, жабырқаушы көңіл-күй, қара суық жер күзге тән қасиет.
Күз сонымен қатар молшылықтың, байлықтың, берекенің маусымы. Осы кезде қырман басы тазаланып, бау – бақша жиналып, бидай, тары, күріш, сұлы арпа дақылдары піседі. Құстар да күз келісіміен келесі көктемге дейін жылы жаққа ұшып кетеді.
Сары жапырақ қоңыр салқын ауа-райы, жабырқаулы көңіл-күй, қара суық жер күзге тән қасиет. Неткен ғажап көрініс . Бірақ, қандай болмасы менің жаныма ең жақын - осы бір күз мезгілі. Оның екі себебі бар, бірінші себеп – ол күздің нағыз жылы күндерімен тұспа – тұс келетін менің туылған күнім, ал екіншіден, табиғаттың осы бір ғажайып күйі маған ерекше сезім сыйлайды. Сонымен қатар, күзде саябақта қыдырып, ағаштардан түскен жапырақтарды жинап, гербарий жасау – менің хоббиім.