Әдеби шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені
берілген үзінді арқылы түсіндіріп,
идеясын ашып жазыңыз
ҮЗІНДІ
Енді қайттік дегендей, көшеде
аңтарылып тұрғанымызда Садық:
- Мен таптым қай жерге отыруға
болатынын, - деді. Бәріміз соған қарай
қалдық...
Біз санымызды шапақтап, «уралап»,
ауылдың шетіндегі ат қораға қарай
жүгірдік. Арт жағы аласа тас қораның
үстіне тырмыса-тырмыса шығып алдық
та, сол күні ғана Қараойдан әкелінген көк
жауқазын шөпті үңгіп-үңгіп жіберіп,
отыра-отыра кеттік. Құрғақ шөптің
танауды жарған хош иісі мас қылғандай
тұла бойымызды шымырлатты.
Шетімізден пысқырынып, мұндай рақат
дүние тапқанымызға мәз-мейрам боп,
бірімізді-біріміз итеріп қап, шөпке
аунатып, сықылықтай күлісіп, жұмсақ
шөпке тығыла түсеміз,
Дәйек сөз, цитата (лат. cіto– келтіремін, шақырамын) – түпнұсқадан сөзбе-сөз алынған үзінді. Автордың ойын беделді пікірлермен тиянақтау үшін, біреудің пікіріне сын айту үшін, құнды дерек ретінде пайдалану үшін қолданылады.[1]
Дәйек сөз, негізінен, ба з материалдарында, ғылым еңбектерде, кітаптар мен әр түрлі қолжазбаларда, баяндамалар мен сөйлеген сөздерде келтіріледі. Дәйек сөздер ғылым еңбектерде пайдаланғанда, сол еңбекте айтылатын оймен логикалық тұрғыдан қабысып, жарасым табуы тиіс. Айтылмақ ойды одан әрі дамытып, жаңа деректермен толықтырып тұру керек. Сонда ғана ол өз міндетін атқарады. Әдетте, зерттеу еңбектерінде, көбінесе әдебиет, мәдениет, өнер, ғылым қайраткерлері пікірлерінен дәйек сөздер алынып отырады. Мұның өзі үлкен талғаммен, орынды алынса, еңбектің сапасын арттыруға есебін тигізеді.
Дәйек сөз көбінесе ықшам түрде алынады. Сөйлем ұзақ болған жағдайда керекті жерін алып, қысқартылған сөздер орнына көп нүкте қою шарты бар. Дәйек сөз, әдетте, тырнақшаға алынып жазылады. Міндетті түрде дәйек сөз алынған еңбек, оның авторының аты-жөні сілтемелерде анық, нақтылы көрсетілуі тиіс. Эпиграф та дәйек сөздің бір түріне жатады
Қырғыз халқының мәңгілік мәдени ескерткіші, бүкіл тарихнама шежіресі, эпостық жүздеген дастандардың-поэзияның асыл маржанынан соғылған мұнарасы МАНАС ғасырлар бойы өзімен бірге ғажайып манасшылар әулетін, өзге де сирек жыраулар тобын, шеруін туғызып келеді. Манасшылар сонау көне ғасырлар бойына бір өздері бүкіл театр міндетін атқарған. Онда бір адам әрі баяндаушы, әрі шығарушы, әрі орындаушы, еркек-әйел рольдерін атқарушы, ойнаушы, қимыл-әрекет суретшісі, қомызшы, сазгер-бәрін кереметтей басын қосқан өлшеусіз талант иелері болған. Ең ғажабы- әлденеше айлар бойына айтылатын бұл ұзақ хикаяларды еш шатастырмай миында, зердесінде ұстау қасиеті.