«Әдебиет пен өнер ұлы болмаған жерде ұлт та ұлы болмайды» деген Ғабит Мүсірепов. Кез келген елді ерекшелейтін мәдениеті мен әдебиеті, салт-санасы мен тарихы, рухани
дүние танымы екені даусыз. «Ел ішінде өнер бар, өнерді тапқан шебер бар» дейді дана
халқымыз. Сол сан түрлі өнердің ішінде театр өнері, театр мәдениетінің орны ерекше.
Әрбір театрдың тарихи жағынан қалыптасып дамуы, болашаққа қадам басуы, өсіп-
өркендеуі, әр халықтың өмір-тұрмысымен, салт-санасымен, тағылымды тарихымен
және ішкі мәдениетімен тығыз байланысты.
Семейдегі Абай атындағы қазақ музыкалық драма театры бүкіл қазақ театры өнерінің
қарашаңырағы болып саналады. Оған дәлел – 1917 жылы Мұхтар Әуезовтің
басшылығымен «Ойқұдық» жайлауында қойылған «Еңлік-Кебек» пьесасы. Бұл пьеса қазақ
еліндегі жаңа өнердің, қазақ театрының тұсаукесері болды. Қазақ мәдениетінің
өркендеуіне сүбелі үлес қосқан, зор екпінді күш болды. Театр өнері қарыштап дами
бастады, алға қадам басты. Ойқұдықта ойлы дүниемен бастау алған рухани сілкініс,
өнердің өркендеуіне жұмыс жасады. Мұхтар Омарханұлының бастауымен «Ес-Аймақ»
театры 1920 жылдары қарқынды жұмыс атқарды. Рухани шөлдеген жұртты өнермен
сусындатты. Әйгілі Әміре Қашаубаев, Иса Байзақов, Жұмат Шанин, Ғалиақпар Төребаев,
Қалибек Қуанышбаев сынды майталман өнер иелері топтасып, театр өнері биікке
қанат қақты.
Бауыржан Сейфуллин - ТМД мен Еуропадағы заманауи бидің бірнеше дүркін чемпионы.Шетелдік бишілерден 100-ден астам шеберлік сабақтарын алды. Ол Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей, Украина, Чехия және Италия сияқты елдерде чемпионаттарға төрелік етіп, шеберлік сыныптарын өткізді. Заманауи би фестивалінің ұйымдастырушысы: Red Bull Bc One Camp - 2018-2019, Red Bull Dance Your Style, Fusion Concept. EMA Еуразиялық музыкалық сыйлығының кезеңдік режиссері 2016.2 «Bile Kazakhstan» орны - сондықтан сіз билей аласыз деп ойлайсыз, 2017 ж.
Төле Әлібекұлы (1663 – 1756) – қазақтың қоғам қайраткері, шешен, Ұлы жүздің бас биі, Қазыбек, Айтеке бидің қолдауымен үш жүзге төбе би болып сайланған. Артында "бүтін билікке Төле би жеткен" деген сөз қалған тарихи тұлға. "Жеті жарғыны" жасаушылардың бірі. Әлібекұлы Төле бидің атасы Құдайберді би Есім хан мен Тұрсын хан егесі кезінде Есім ханды қолдаған (Қазыбек бек Тауасарұлының "Түп-тұқияннан өзіме дейін" кітабынан). Яғни Есім хан тұсындағы, халық аузында "Есім ханның ескі жолы" атанып кеткен қазақ халқының заңдар жинағын құрастыруға қатысқан билердің бірі деп айтуға толық негіз бар. Өз заманында Қазақ хандығының тұтастығы үшін күрескен қайраткер! Төле би өз халқының шешендік-поэтикалық өнерінің дәстүрлерін жастайынан бойына сіңіріп өскен, зерделі, сауатты адам болған. 15-20 жасынан билердің бас қосқан жиналысына қатысып, өзінің әділдігі мен шешендік өнері арқасында таныла бастайды.