Әдебиет пен өнер ұлы болмаған жерде ұлт та ұлы болмайды» деген Ғабит Мүсірепов. Кез келген елді ерекшелейтін мәдениеті мен әдебиеті, салт-санасы мен тарихы, рухани дүние танымы екені даусыз. «Ел ішінде өнер бар, өнерді тапқан шебер бар» дейді дана халқымыз. Сол сан түрлі өнердің ішінде театр өнері, театр мәдениетінің орны ерекше. Әрбір театрдың тарихи жағынан қалыптасып дамуы, болашаққа қадам басуы, өсіп-өркендеуі, әр халықтың өмір-тұрмысымен, салт-санасымен, тағылымды тарихымен және ішкі мәдениетімен тығыз байланысты. Семейдегі Абай атындағы қазақ музыкалық драма театры бүкіл қазақ театры өнерінің қарашаңырағы болып саналады. Оған дәлел – 1917 жылы Мұхтар Әуезовтің басшылығымен «Ойқұдық» жайлауында қойылған «Еңлік-Кебек» пьесасы. Бұл пьеса қазақ еліндегі жаңа өнердің, қазақ театрының тұсаукесері болды. Қазақ мәдениетінің өркендеуіне сүбелі үлес қосқан, зор екпінді күш болды. Театр өнері қарыштап дами бастады, алға қадам басты. Ойқұдықта ойлы дүниемен бастау алған рухани сілкініс, өнердің өркендеуіне жұмыс жасады. Мұхтар Омарханұлының бастауымен «Ес-Аймақ» театры 1920 жылдары қарқынды жұмыс атқарды. Рухани шөлдеген жұртты өнермен сусындатты. Әйгілі Әміре Қашаубаев, Иса Байзақов, Жұмат Шанин, Ғалиақпар Төребаев, Қалибек Қуанышбаев сынды майталман өнер иелері топтасып, театр өнері биікке қанат қақты.
Мәтінді мұқият оқып, берілген сұрақтарға жауап беріңіз.
Бүгінде әлемнің көптеген елдерінде туризм саласы дамудың басым бағыттары ретінде экономиканың тірегі, қаржы көзі болып саналады. Сондықтан да отандастарымыз жылдағы демалыстарын Қара теңіз жағалауындағы демалыс орындары мен Ыстықкөлде өткізіп, таза ауада тынығып, мөлдір суына шомылып, демалыс дәмін татқысы келеді. Қарап отырсақ, туризмді дамытуға, оның игілігін көруге елімізде мүмкіндік бар.
Қазақстанның Туризм және спорт агенттігі бүкіләлемдік туризм ұйымымен бірлесіп, сыртқы және ішкі туризмді дамытудың тиімді бағыттарын айқындап, соның бірі ретінде экологиялық туризмді атап көрсеткен. Экологиялық туризмге қатысты елдегі мүмкіндігі жоғары аймақтар ретінде Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан және Ақмола облыстары белгіленді.
Елімізде бұл сала экономикамыздың әжептеуiр пайда әкелетiн тармағына айналып келедi. Алайда көптеген сарапшылар Қазақстанның өз мүмкіндігін толық пайдаға асыра алмай отырғандығын сенімді түрде айтады. Өйткені туризмнің дамуы бірінші кезекте саяхаттауға барлық жағдайдың жасалуына байланысты. Сол себепті сыртқы елдерге шығатын туристер саны әлі де басым болып отыр.
Соңғы кездері Қазақстан саяхатына шетелдік қонақтар қызығушылық танытуда. Себебі әлемдегі дәстүрлі саяхат орындары бүгінде өзінің маңыздылығын жоя бастады деп түсіндіреді. Осы тұрғыдан алғанда Қазақстанның әлемдік туризм нарығының биігіне көтерілуіне мүмкіндігі бар деп есептеледі.
Мәтіннің соңғы бөлігінде не туралы айтылған?
Құстарды қалай қорғау қажеттігі туралы нұсқау.
1.Кім нені қорғауы тиіс?
Құстардың көбісі дәмді еті мен мамық қауырсындары үшін ауланады.Қазақстанда жыл сайын 3,2млн.құс ауланады екен.Құстардың кейбір түрлері мүлде жоғалып,кейбір түрлері азайып кеткен.Сол үшін табиғаттағы құстарды адамзат қорғауы тиіс.Ал біз балалар құстарды рогаткімен атпай,оларды қорғауымыз керек.Торғайлар біздің бақшамыздағы құрт-құмырсқаларды жеп,көкөнісімізді шіруден құтқарады,бізде оларға қамқор болайық.
2.Неден қорғауы тиіс?
Құстарды аңшылардан қорғау үшін,жоғалу алдында тұрған,азайып кеткен құстарды тізімін алып "Қызыл кітапқа"енгізу керек.Біз балалар,үй маңына ұя салған қарлығаштарды мысықтан қорғауымыз керек.Ұясының бүлінбеуін қадағалап жүруіміз керек.
3.Оларға қандай жағдай жасау керек?
Құстарды қорғау шараларын мықтап қолға алу керек.Саны азайып бара жатқан құстарды зерттеп,олардың өсіп-өнуіне қолайлы жағдай жасау керек.Ал біз балалар қыста жылы жаққа ұшпайтын құстарға жем беріп күтуіміз керек.Көктемде ұшып келген құстарға ұя салып,балапан өсіріп,көбейуіне жағдай жасауымыз керек.
Кітап – адамның жан-дүниесінің асыл қазынасы, рухани байлықтың өлшемі, адам интеллектісінің көрінісі. Ол – адамзат үшін ғасырдан ғасырларға жалғасып қызмет етіп келе жатқан ғылым мен өнердің, соның ішіндегі сөз өнерінің туындысы, ғалым адам мен қаламгердің жемісі. Әу баста сол рухани өлшем мен адам ақыл-ойының ажырамас тұнығындай болып көрініс тапқан кітап енді өзін оқыған, пайдаланған адамға да қызмет ете отырып, сол жанды да рухани тұрғыдан байытады, білім-білігін ұштайды, сенімді серігі, ажырамас досына айналады.
Замана легіне теледидар ілесті, қоғам көшіне ғаламтор иелік ете бастады. Бұлар адамзат өміріне кітаптан кейін келген дүниелер еді. Бірақ бір қызығы, теледидар да, ғаламтор да кітаптың орнын алмастыра алып кете алған жоқ. Оқырман санын кемітті деген сөз алмастырды деген сөз емес. Кітап өзінің әу бастағы тұғырында қала береді. Мысалы, адам тұрақты теледидар қараушы немесе адам белсенді ғаламтор қолданушысы болып келуі мүмкін, бірақ оның жан-дүниесінде рухани тұрғыдан кемшіндік болуы да ғажап емес. Мұның жалғыз ғана себебі оның нашар оқырман болғандығында да жатуы мүмкін. Себебі басты рухани байлық – кітапта.
Кітап сонымен бірге ақпарат пен техника дәуірі, жаңа технологиялардың заманында да бірден-бір білім беруші құрал ретінде қала береді. Кітап ғаламтордан уақыт тұрғысынан алғанда ұтылуы мүмкін, бірақ адамға дайын ақпараттарды ұсынушы емес, терең сезімге, өзіндік ойлауға үйрете отырып, білім береді. Адамды ізденімпаздыққа жетелейді, ой-өрісін ұштайды.
Ал сонымен бірге кез келген қызметкердің, соның ішінде мемлекеттік қызметкердің шешендік өнеріне де, аудиторияны өзіне қарата, тарта білуіне де кітаптың көмегі өте зор. Өйткені ол – тіл байлығын қалыптастырушы құрал. Осымен бірге кітаптың тәлім-тәрбиелік, имани құндылықтарды адам бойына сіңіре алатындай қасиеті теледидар мен интернеттен жоғары тұрмаса, кем тұрмақ емес.
Демек, кітап – бүгінгі күн тұрғысынан алғанда да маңызын жоймаған дүние. Ендеше, қоғамның сан-салалы мақсаттарының ішіндегі ажырамас бір мақсаты ол – үнемі жас оқырман тәрбиелеп отыру. Бұл оқу орындары үшін де, басқа да қоғамдық ұйымдар үшін де абыройлы әрі үздіксіз жүре беретін міндет болмақ.