Ыбырай Алтынсарин қазақтың ағартушылық тарихында және ұлттық мектебінің қалыптасуында терең із қалдырды. Ол 1841 жылы қазіргі Қостанай облысының аумағында дүниеге келген. Әкесінен ерте айырылған ол атасының - белгілі би және старшын Балқожа Жаңбыршиннің қолында тәрбиеленді. Ыбырай бала кезінен бастап білімге және өз бетінше оқып білуге бейім екенін байқатты. Көп оқыды, Ресей қоғамының білімді адамдарымен жиі араласып тұрды. Орынборда оқып жүрген кезінде шығыстанушы ғалым В.В Григорьевпен жақын танысып алды. Ол өзінің бай кітапханасымен Ыбырай Алтынсариннің еркін пайдалануына рұқсат етті. Білімге құштар жас бос уақытының бәрін де сол кітапханада өткізді. Білген үстіне біле түссем деген құмарлық пен өз халқыма неғұрлым көбірек пайда келтірсем деген абзал арманға ұмтылыс жас Ыбырайдың өмірлік кредосына айналды. Өзінің мінез-құлқы жағынан қарапайым әрі еңбексүйгіш еді, көп оқыды, өзге халықтардың қол жеткен табыстарын неғұрлым көбірек біле түссем деп армандады. Алған білімін өз халқының пайдысына асыруға талпынды.
2. Мен жуынамын, тісімді тазалаймын. Таңертеңгі асымды жеті сағат отыз минутта (7 30-да) ішемін.
3. Одан кейін таңертеңгі сағат сегізде (8 00-де) автобуспен университетке кетемін, өйткені бірінші сабақ сағат тоғызда (9 00-де) басталады.
4. Сабақ кестесі бойынша біз аптасына алты күн, күніне бес сабақтан оқимыз,
5. Мен кешкі сағат бесте (5 00-де) келесі күннің тапсырмасын орындауға кірісемін.
6. Мен сағат жетіде (7 00-де) жолдастарыммен кездесу үшін аулаға шығамын.
7. Кешкі астан кейін мен шамалы ата-анама көмектесемін. Содан кейін теледидар көремін.
8.Сағат он бірде жататын бөлмеме барамын, ұйықтардың алдында аздап кітап оқимын.