Денсаулық – адамға бір-ақ рет берілетін табиғат тартуы. Алайда ол мәңгілікке берілмейді. Оны сақтау үшін ауырмай тұрып, іс-әрекет жасау керек. Оған нақты білім, ынта-ықылас, ерік-жігер қажет, онсыз денсаулықты ұзақ сақтау қиын.
Қазіргі кезде Қазақстан халқының, оның ішінде жастардың денсаулығы төмен деңгейде. Тек бір көрсеткіш – әскер қатарына шақырылған жастардың 50%-ы дене дайындықтарының нашар дамуына және денсаулықтарына байланысты қорғаныс күштерінің қатарында қызмет атқаруға жарамсыз. Бұл қауіпті жағдай Қазақстан үкіметін, әскери ұжымдарды, педагогтерді, дәрігерлерді, ғалымдарды шындап толғандыруда.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұжымының деректері бойынша, денсаулыққа әсер ететін факторлардың 50-60%-ы өмір тіршілігіне, 20%-ы – тұқым қуалаушылыққа, 20%-ы – сыртқы ортаның жағдайына, 8-10%-ы – дәрігерлік көмектің деңгейіне байланысты. Бұл деректер денсаулық үшін күрестің негізгі бағыты – салауатты өмір салтын қалыптастыруға, оны насихаттауға бағытталған шаралар екенін дәлелдейді. Жастардың денсаулығының нашар болуы немен байланысты?
Ғаламтордың зияны туралы әлем ғалымдары дабыл қағуда. Біріншіден, мониторға ұзақ уақыт қараудың салдарынан адамның көз жанары құрғап, көру қабілеті нашарлайды. Сіресіп отырғандықтан омыртқа зақымданып, скалиоз, кифоз ауруларына шалдығады. Қимыл-қозғалыс азайғандықтан, қан айналымы нашарлайды, семіздік пайда болады. Жаңа технологиялар адамның жасушаларына қауіп төндіріп, қатерлі ісік ауруының туындауына себеп болады.
Еліміздің нарығында «Дизи», «Редбул», «Монстер» секілді энергетикалық сусындар ашықтан-ашық сатылуда. Жастар осы бір «сиқырлы сусынға» әуестеніп алған, себебі оның жарнамасы керемет. Ұйқыны ашып, күш беріп, сергек жүруге көмектесетін сусын, әсіресе, балалардың ағзасына өте зиянды. Оған дәлел энергетикалық сусындарды жиі пайдаланатын мектеп жасындағы балаларды тексергенде, олардың бауыры 35 жастағы маскүнемнің бауырымен бірдей болатындығы анықталды. Бұл улағыш сұйықтықты балалар көп ішсе, жастайынан түрлі ауруларға шалдығады екен. Жүрек дертіне, жүйке жүйесі, асқазан, бауыр, тіпті қатерлі ісікке апаратын мұндай сусындарды пайдаланбаған жөн.
4. Мәтінге байланысты 3 сұрақ құрастыр.
Спорттың адам өмірінде алатын орны зор екендігін бәріміз білеміз. Спортпен айналысқан адамның денсаулығы мықты, өзі шыдамды болады. Біздің ата - бабаларымыз “тәні саудың – жаны сау” - деп бекер айтпаған. Спорттың қай түрімен айналысу адамның қабілетіне байланысты болады.
Спорт денсаулыққа өте пайдалы. Денедегі бұлшық еттер қозғалады. Спорттын түр түрі бар: жүзу, секіру, футбол,баскетбол, және таы басқалары. осылардың ішіндегі ең пайдалысы шаңғы. Шаңғыны қыста тебеді. Шаңғы тебу оңай емес.