Дер. Бидай қандай? Ақын бидайды сипаттауда қандай сөздер мен сөз Мысалда келтірілген жалғыз Бидай туралы өз ойларыңды білдірін-
«Сұқтанба кур сорайған қарасына» деген сөз қандай мағынаны білді-
Ақын аудармасының ерекшелігі неде? И.А.Крыловтың мысалымен
Талдау
1.
тіркестерін қолданған?
2.
реді?
3.
салыстырып, айырмашылығы мен ұқсастықтарын көрсетіңдер.
Жинақтау
жазғы демалыс
Зымыраған уақыт. Көз ілестірмей күндер жылжып өтіп жатыр. Оқу жылы басқалардан ұзақтау болса да, күні кеше ғана басталған оқу мерзімінің келесі жартысы да аяқталды. Жазғы емтихандар бітіп, бір жарым айлық демалыс уақыты да жетіп келді.
Емтихандар аса қиын болмаған сияқты. Алайда, грамматика, мәтінді еркін оқу, тыңдап, түсінік айту және дұрыс жазудан бұрын тілді қоғамда еркін пайдалана алу, басқаға айтар ойыңды нақты жеткізе білу – емтихан сынағынан күрделірек деп ойлаймын.
Біздің топтағы жиырмадан аса адам тұтастай емтиханға қатыспады. Өйткені біразы ақылы бөлімде оқитын болғандықтан көбісі үшін маңызды емес болды. Ал келесі оқу жылында мамандық жалғастырушылар үшін бұл міндетті емтихандардың бірі.
Оқу аяқталысымен біразы елдеріне қайтады және басқа университеттерге кететіндері де бар. Сол үшін қыздар дастархан жайып, кейбір мұғалімдермен бірге кішігірім қоштасу кешін өткіздік. Әсіресе қыздар жағы қимастықтарын айтып, көздеріне жас алды. Бұдан кейін де ғаламтор арқылы хабарласып, бәлкім кездесерміз деген сенім болғанымен де, бір жыл бірге жүргіп бауыр басып қалған қимастық сезімдеріміз қылпылдап-ақ қалды. Әрі дәл бұлай енді қайта бас қо анық…